Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Страхование

Тип: Реферат

Объем: 6 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Сақтандыру нapығындағы мәселелерді жетілдіру жолдары

Қазақстанның сақтандыру нарығының негізгі проблемасы — сақтандыру компанияларын қаржыландырудың төмендігі, жеке сақтандырудың, әсіресе өмірді сақтандыру мен ұзақ уақыттық сақтандырудың жеткілікті дамымауы. Осы мәселелерге байланысты Қазақстан нарығы күрделі мүліктік тәуекелге бара алмайды, сондықтан да жинақталған сыйақының жартысын шетелдік компанияларда сақтандырады. Сондай-ақ, сақтандыру нарығының дамымауының тағы бір мәселесі статистикалық мәліметтер базасының жоқтығы. Бүл мәселені шешу ұлттық сақтандыру нарығының қайта қалыптасу процесіне көмектеседі, себебі сақтандыру статистикасының жеке кеңейтілген мәліметтер базасы Қазақстандық сақтандырушыларға тарифтік мәселелерді шетелдік мамандардың, көмегінсіз шешуге үлкен мүмкіндік жасайды.

Бұл фактор Қазақстан Республикасында өмірді сақтандыру нарығы бойынша ақшалай сыйымдылықтың төмен екендігін көрсетеді. Өмірді сақтандыру компаниялары, ішкі ресурстар есебінен өз капиталын керекті деңгейде ұстап тұру мүмкіндігінің жоқтығын ескере отырып, үнемі сырттан қосымша қаржыландыру көздерін іздеу және жеке капиталының минимальды мөлшерінің каржылай тұрақтылығын ұстап тұру мен төлем төлеу қабілеттілігінің нормативтерін қадағалау мәселелерімен ұшырасып отырады. Осы себептердің барлығы инвесторлардың ұқсас сақтандыру компанияларын құру жобаларынан алыстатады.
Бәсекелестігі жоғары сақтандыру нарығының казіргі заманғы жағдайында нарық көшбасшылары өз алдарына, тек сақтандыру жайты туындағанда қажетті төлемді төлеп ғана қоймай, клиентті сақтандыру бағдарламаларының жоғары деңгейдегі басқа да қызметтерімен қамтамасыз етуді міндеп етіп қоюда. Клиенттер ниеттестігін қалыптастыру тұрғысынан қарағанда ең басты сақтандыру өнімі ретінде сарапшылар ерікті медициналық сақтандыруды атайды.

Осылайша, сақтандыру елдегі инвестициялық ресурстардың маңызды көзі болып табылады. Онда өмірді сақтандырудың резерві айрықша орынды иеленеді. Өйткені бұл салаға ең алдымен келісімшарт мерзімінің ұзақ болуы тән болса, екіншіден, сақтандырудың төлемдері бойынша міндеттемелерінің көп бөлігі келісімшарттың қолданылатын мерзімі біткенде ғана немесе әдетте сақтандыру жарнасының төленген сәтінен біршама уақытқа шегерілетіні бұрын айтылған мерзімде төленеді. Бұл өмірді сақтандыру бойынша резервтің көп бөлігін салыстырмалы түрде ұзақ мерзімді жобаларға инвестициялауға мүмкіндік береді.

Қаржылық қадағалау агенттігінің міндеті сақтандыру рыногының барлық кәсіпқой катысушыларын қатыстыра отырып, халық үшін сақтандырудың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік беретін шараларды жүргізіп, өмірді сақтандыруды жүзеге асыратын ұйымдарда жинақталымдардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде, сондай - ақ ұзақ мерзімді қаржы құралдарын дамыту жөнінде шаралар қабылдау болуы тиіс.