Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Маркетинг

Тип: Реферат

Объем: 9 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Инновациялық қызметті жүзеге асыруда маркетингті ұйымдастыру ерекшеліктері

Инновациялық қызметті жүзеге асыра отырып нарықта тиімді жұмыс жасау үшін кәсіпорындарға маркетингтің біртұтас жүйесіне сүйену керек. Осыған байланысты кәсіпорын инновацияларды басқарудың тиімді ұйымдық нышандарын іздеуде, әдетте, екі бағытты ұстануы мүмкін. Біріншісі, инновациялармен және кәсіпорынның ұзақ мерзімді даму мәселелерімен айналысатын, ерекше және бөлек бөлім ретінде қарастырылады. Екінші бағыт, инновацияны жүзеге асыру барысында функционалдық өзара әрекет ету арқылы бөлімдердің қызметін үйлестіру мен интеграциялау механизмін құрумен байланысты. Біздің пікірімізше, аталмыш екі тәсілді қолдана отырып, кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарына байланысты екеуінің біреуіне басымдылық бергені дұрыс.

Егер, инновацияның элементтерін әрдайым жүйелі түрде жетілдіріп отыруды талап ететін болса, онда екінші бағытты ұстанғаны дұрыс. Алайда, қандай да болмасын кәсіпорынның ұйымдық кұрылымын калыптастыру амалына басымдылық берілгенде, бастысы инновацияны жасау мен жылжытуда үрдіс жүйелі басқарылатын болуы керек.
Нарық жағдайында кәсіпорын қызметінін тиімділігін қамтамасыз ету келесідей мәселелерді шешуді талап етеді:

Маркетинг саласында кейбір мамандар көптеген кәсіпорындардың қаржылық жағдайын ескере отырып, маркетинг жүйесін сатылап енгізуді ұсынады. Алғашқы сатыда маркетинг кызметтерін өндірісте қолданбайтын, қызмет етіп жатқан бөлімдерге бөліп беру. Келесі саты маркетинг бөлімін ұйымдастыру оның қызметіне кешенді нарықтық зерттеулер, нарық жағдаятын болжамдау, коммуникациялық саясат, сегменттеу және т.с.с. стратегияларын әзірлеу кіреді [1].

Оның пікірінше инновациямен байланысты маркетинг бөлімінің барлық жұмысын қамтамасыз етуші мен жүзеге асырушы деп бөлуге болады. Өйткені, маркетологтар кәсіпорынның инновациялық кызметінің бірыңғай тиімділігін қамтамасыз етіп қоймай, нақты жаңа тауарларды жасап шығаруға тікелей қатысады, яғни кәсіпорынның әлеуетті инновациялық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға ат салысады [2].
Маркетинг бөлімінің қамтамасыз етуші қызметі келесі бағыттары бойынша жүзеге асырылады:

Инновацияның дамуын қалыптастыру компанияның аса өзекті мәселесі. Бұл салада қателер инновациялық қызметтің дамуына теріс әсер етеді. Компанияда инновациялық өзгерістер кезінде елеулі дәрежеде мамандардың жұмыстарын ынталандыру туралы көзқарастары өзгереді.
Кесте 1 - Қайта құру үрдісіне персоналды жұмылдырудың дәстүрлі бағдарламамен инновациялық бағдарлама арасындағы айырмашылық