Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 80 стр.

Год: 2007

Полный просмотр работы

Шаруашылық серіктестіктердің қызметін құқықтық реттеу


Мазмұны
Кіріспе 3
І-тарау. Серіктестік туралы жалпы сипаттамасы және оның ұғымы, түрлері 5
1.1 Шаруашылық серіктестік ережелері, құрылтай құжаттары, құқықтары мен міндеттері 5
1.2 Толық серіктестік 14
1.3 Сенім (коммандиттік) серіктестігі 19
ІІ-тарау. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік 23
2.1 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық қабілеті 23
2.2 Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері 30
2.3 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құру, қайта ұйымдастыру мен тарату 31
2.4 Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік 69
ІІІ-тарау. Бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік) 71
3.1 Жай серіктестік ұғымы 71
3.2 Бірлескен қызмет туралы шарттың мазмұны 75
Қорытынды 78
Пайдаланылған әдебиеттер 80

Кіріспе
Заң Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің құқықтық ережелерін, оларға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін, серіктестіктердің құрылу тәртібін, қызметін, қайта ұйымдастырылу заң Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің құқықтық ережелерін, оларға қатысушы мен таратылуын белгілейді. Шетелдің қатысуымен құрылатын жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің ерекшеліктері шетелдік инвестициялар туралы заң актілерімен белгіленуі мүмкін.

І-тарау. Серіктестік туралы жалпы сипаттамасы және оның ұғымы, түрлері
1.1 Шаруашылық серіктестік ережелері, құрылтай құжаттары, құқықтары мен міндеттері
Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Бұл ережеден ерекше жағдайлар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және осы Заңда көзделуі мүмкін. Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында оның белгілі бір мерзімге немесе нақты бір мақсатқа қол жеткізу үшін құрылатыны көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестік белгіленбеген мерзімге құрылған болып есептеледі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады.

1.2 Толық серіктестік
Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады (АК-ның 63-бабының 1-тармағы). Қатысушылары жауапкершілігінің ерекшелігіне байланысты ҚР-дың кәсіпкерлік практикасында толық серіктестіктер кең қолданыс таппаған. Сонымен бірге, көптеген батыс елдерінде сауда серіктесін немесе клиентті таңдауда толық серіктестікке басымдық беріледі. Несие берушілерге жоғары кепілдікті сақтау мақсатыңда азамат бір ғана толық серіктестіктің қатысушысы бола алады (АК-ның 63-бабының 2-тармағы).
Толық серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерін оның құрылтайшылары белгілейді, бірақ ол қатысушылардың жарғылық капиталға салымдарын салатын кезде Қазақстан Республикасында заң жүзінде белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 25 мөлшерінен кем болмауы тиіс (Шаруашылық серіктестік туралы жарлықтың 13-бабының 1-тармағы). Толық серіктестіктің ең жоғары органы - қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Толық серіктестіктің, ішкі мәселелері жөніндегі шешім барлық қатысушылардың жалпы келісімі бойынша қабылданады. Серіктестіктің құрылтай шартында қатысушылардың көпшілік даусымен шешім қабылданатын реттер көзделуі мүмкін.

ІІ-тарау. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
2.1 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық қабілеті
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік шаруашылық серіктестіктердің ең көп таралған нысаны болып табылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік бірлескен кәсіпорындардың бірі болып саналады. Корпорация дегеніміз - бүл оның құрушылары осымен бір мезгілде бірлесе және зандық тең негізде әрекет ететін қатысушылар болып табылатын өзін-өзі ұйымдастырған занды тұлға.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметін АК және ЖШС туралы Заң реттейді. Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі, серіктестік (бұдан былай - ЖШС) деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.

2.2 Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар: осы Заңда және серіктестік жарғысында көзделген тәртіппен серіктестік істерін басқаруға қатысуға; серіктестік жарғысында көзделген тәртіппен серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға, оның бухгалтерлік және өзге де құжаттамасымен танысуға;серіктестік қызметінен осы Заңға, серіктестіктің құрылтай құжаттарына және оның жалпы жиналысының шешімдеріне сәйкес табыс алуға;серіктестік таратылған жағдайда кредит берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігінің құнын немесе серіктестіктің барлық қатысушыларының келісімі бойынша осы мүліктің бір бөлігін заттай алуға; осы Заңда көзделген тәртіппен өз үлесін бөліп алу арқылы серіктестікке қатысуын тоқтатуға құқылы.

2.3 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құру, қайта ұйымдастыру мен тарату
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру оның құрылтайшыларының құрылтай шартын жасасуынан (осы Заңның 14-бабы) басталып, серіктестікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізумен (осы Заңның 19-бабы) аяқталады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рәсімі ол аяқталғанға дейін: бір жыл ішінде, ал егер құрылтай шартында басқа мерзім белгіленсе, осы мерзім ішінде, құрылтай шарты жасалған күннен бастап серіктестікті мемлекеттік тіркеу туралы тиісті өтініш берілмеген жағдайда; серіктестікті мемлекеттік тіркеуден бас тартуға сот тәртібімен белгіленген мерзімде шағым жасалмаса не шағым жасалып, бірақ шағым қабылданбаған жағдайда тоқтатылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рәсімі ол аяқталғанға дейін тоқтатылған жағдайда (осы баптың 2-тармағы): жарғылық капиталды қалыптастыру үшін ақша, бағалы қағаздар, заттар, соның ішінде санаткерлік қызмет нәтижелеріне құқықты қоса мүліктік құқық және өзге де мүлік қосқан серіктестіктің құрылтайшылары оларды дереу қайтаруды талап етуге құқылы; осы Заңның негізінде жасалған сенімгерлік басқару туралы шарт оның тараптары арасында өзгеше келісім болмаған жағдайда тоқтатылып, осындай шарт бойынша берілген мүлік қайтарылуға тиіс.

ІІІ-тарау. Бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік)
3.1 Жай серіктестік ұғымы
Бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік шарты) бойынша тараптар табыс табу немесе заңға қайшы келмейтін өзге де мақсатқа қол жеткізу үшін бірлескен әрекет жасауға міндеттенеді (АК-ньщ 228-бабының 1-тармағы). ҚР АК-ның ерекшеліктерінің бірі сол - бірлескен қызмет туралы тарау жалпы бөлімде орналасқан, ал ТМД-ның барлық басқа елдерінің АК-тарында ол ерекше бөлімнің «Міндеттемелік құқық» тарауында берілген. Мұның себебі - ҚР АК-сын жасаушылардың ойынша бірлескен қызмет туралы шарттан міндеттемелік құқық қатынастары емес, заттық қатынастар туындайды. Сондықтан да бұл шарт туралы нормалардың ортақ меншік туралы тараудан кейін орналасуы қисынды.

Қорытынды
Қорыта келе осы бітіру жұмысым серіктестіктердің жалпы сипаттамасы және оның ұғымы, түрлері шаруашылық серіктестік туралы жалпы ережелері, шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, серіктестіктерді қайта құру және тарату, толық серіктестік, сенім (коммандиттік) серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық қабілеті, жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құру, қайта ұйымдастыру мен тарату, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік), жай серіктестік ұғымы, бірлескен қызмет туралы шарттың мазмұндарына арналған.