Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Топырақтану

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 52 стр.

Год: 2008

Полный просмотр работы

Қазақстаның жазықтық жерінің топырақтары


Жоспар
1 Қазақстаның жазықтық жерінің топырақтары 3
1.1 Ормандық сұр топырақ 3
1.2 Қара топырақ 4
1.2.1 Қара топырақтың классификациясы 7
1.2.2 Қара топырақтың типшелері 9
1.3 Қара қоңыр топырақ 25
1.3.1 Қара-қоңыр топырақтың классификациясы 27
1.3.2. Қара-қоңыр топырақтың типшелері 29
1.4 Құба топырақ 37
1.5 Кебір, сортаң және ылғалды сортаң топырақтар 40
Әдебиеттер 52

1 Қазақстаның жазықтық жерінің топырақтары
1.1 Ормандық сұр топырақ
Солтүстік Қазақстан облысының қиыр солтүстігіндегі орманды дала аймағында ормандық сұр топырақ кездеседі. Алып жатқан жер ауданы шамалы -76 мың га. Осы топырақтардың дамуына мерзімді шайылмалы су режимі ықпалын тигізеді. Аналық тау жыныстары жеңіл гранулометрлік құрамды болып келеді (құм, құмдақ және жеңіл саздақ).
Бұл топырақ көктеріңкі құрғақ жазықтар мен өзен аңғарларындағы ақ қайыңды – көк теректі және қарағайлы орман ішінде орманды –шалғынды аралас шөптер жамылғысы астында дамыған. Олардың өсімдік қалдықтарымен бірге топыраққа минералды элементтер және органиқалық заттардың мол мөлшері түседі.

1.2 Қара топырақ
Орманды дала және дала аймақтарында қара топырақ типі аймақтық топырақ болып қалыптасқан. Бұл топырақ Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында кеңінен тараған, ал Павлодар, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында шамалы ауданды алады. Қара топырақты орманды дала және дала аймақтарының алып жатқан жер ауданы 25,8 млн. га.
Қара топырақ физикалық, химиялық қасиеттері және құнарлылығы жағынан ең бағалы топырақ. Сондықтан Қазақстанның астық шаруашылығы өндірісі осы топырақ аймағында жақсы дамыған.

1.2.1 Қара топырақтың классификациясы
Қара топырақты жеке тип ретінде қарастырып бірінші рет оның классификациясын құруды қолға алған В.В. Докучаев (1896) болды. Одан кейін қара топырақты типшелерге бөлу жұмыстарын

1.2.2 Қара топырақтың типшелері
Орманды дала аймағында қара топырақтың үш типшесі дамыған. Олар күлгінденген, сілтісізденген және нағыз қара топырақ типшелері. Дала аймағында кәдімгі және оңтүстік қара топырақ типшелері түзілген.
Күлгінденген және нағыз қара топырақ типшелері Қазақстан жер аумағында кездеспейді.

1.3 Қара қоңыр топырақ
Дала аймағының оңтүстігіне шектесіп орналасқан құрғақ дала мен шөл аймағының солтүстігіне шектесіп орналасқан шөл далада қара қоңыр топырақ типі дамыған. Бұл аймақтың жер ауданы 90,4 млн.га. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарының көп жерін, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының бірталай жерін алып жатыр.

1.3.1 Қара-қоңыр топырақтың классификациясы
Қара-қоңыр топырақтар ТМД мемлекеттерінде қолданылатын классификацияға сәйкес келесідей жіктеледі (6 кесте). Қара қоңыр топырақ үш типшеге бөлінеді. Олар: күңгірт қара-қоңыр; нағыз қара-қоңыр; ашық қара-қоңыр топырақ типшелері. Бұл типшелерге бөліну негізінен олардың құрамындағы қарашіріндінің мөлшеріне байланысты (7-кесте).
6 кесте
Қара-қоңыр топырақтың классификациясы

1.3.2. Қара-қоңыр топырақтың типшелері
Күңгірт қара-қоңыр топырақ дамыған аймақшаның ауданы 27,7 млн. га. Қара-қоңыр топырақ аймағының солтүстік бөлігінде, оңтүстік қара топырақ типшесімен шекаралас орналасқан. Бұл қара-қоңыр топырақтардың ішіндегі құнарлылығы, физика лық, химиялық қасиеттері жағынан ең бағалысы болып келетін топырақ. Қасиеттері, морфологиялық белгілері жағынан қарағанда оңтүстік қара топыраққа ұқсас болып келеді.

1.4 Құба топырақ
Қазақстанның жазықтық жерінде, солтүстігінде шөл даламен, ал оңтүстігінде тау баурайындағы шөл дала белдігімен шектесіп, еліміздің батысынан шығысына дейін созылып, кең кеңістікті алып шөл аймағы орналасқан. Оның ауданы 119,4 млн. га. Аймақтық топырақ типі-құба топырақ.
Бұл аймақ құба топырақты солтүстік шөл және сұр-құба топырақты орталық шөл аймақшаларына бөлінеді.

1.5 Кебір, сортаң және ылғалды сортаң топырақтар
Қазақстанның жазықтық жерінде аймақтық топырақ типтерімен қатар аймақаралық (интрааймақтық) топырақтар кездеседі. Олар кебілер, сортаң және ылғалды сортаң топырақтар. Бұл топырақтардың жекелей үлкен ауданды алпып орналасуы сирек байқалады. Көбінесе олар шамалы ауданды алып аймақтық топырақтар ішінде кездесіп, кешенді немесе үйлесушілікті топырақ жымылғысы құрылымын құрайды. Сонымен бірге кебірлер және сортаң топырақтар бірнеше топырақ аймақтары ішінде таралып кездесе береді. Бұл топырақтар құрамында тұздары көп топырақтар қатарына жатады.