Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 27 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Қаржылық талдаудың негіздері


МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ 3
1 Қаржылық талдаудың теориялық және методологиялық негіздері 5
1.1 Қазіргі кезеңдегі қаржы жағдайының мәні 5
1.2 Нарықтық экономикадағы қаржылық маңызы және талдаудың міндеті 6
2 Қаржылық талдаудың әдісі мен жүйесі 15
2.1 Қаржылық талдау жасау және оның теориялық сұрақтары 15
2.2 Қаржылық талдау жасау көрсеткiштерi 21
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27

КIРIСПЕ
Нарықтық экономика алуан түрлi ұйымдық-құқықтық формадағы кәсiп-орындарды құру мен дамытуға мүмкiндiк туғызды. Бұл кәсiпорындар әртүрлi жеке меншiк түрлерiне негiзделедi. Жеке азаматтар және кәсiпорынның еңбек ұжымдары ретiнде жаңа иеленушiлер пайда болды. Кәсiпкерлiк сияқты эконо-микалық қызметтiң жаңа түрi пайда болды. Оның бiрқалыпты сипаты ретінде өзіне тән ерекшелiктерi бар: бiрiншiден, iс-әрекеттердiң әдiстерi мен бағытта-рын таңдаудағы еркiндiгi, өз қалауынша шешiмдердi қабылдау (заң бойынша); екiншiден, қабылдаған шешiмдерге жауапкершiлiк пен олардың нәтижелерi; үшiншiден, бұл iс - әрекеттiң түрi қауiп-қатердi, шығындар мен банкроттықтың болу мүмкiндiгiн ескередi.
Экономиканың нарықтық қатынастарға көшумен қатар кәсiпорындардың дербестiгi өстi, экономикалық және заңды жауапкершiлiгi арта түстi. Шаруа-шылық субъектiлердiң қаржылық тұрақтылығы жайлы көптеген мәселелердiң өзектiлiгi өз орнын тапты. Мұның барлығы кәсiпорынның қаржылық ресурс-тарын рационалды басқару және қаржылық жағдайға талдау жасаудың рөлiн арттырады. Қазiргi жағдайдағы кәсiпорынның қаржылық өмiрiнде айтарлықтай ауыр процестер болып жатқаны жалпыға мәлiм. Сондықтанда, кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау қажет болады. Қаржылық талдау көптеген қаржы-лық процестердi қамтиды және кәсiпорынның қаржылық жағдайын бейнелейдi.

1 Қаржылық талдаудың теориялық және методологиялық негіздері
1.1 Қазіргі кезеңдегі қаржы жағдайының мәні
Қаржы - бұл өнімді жүзеге асырумен өндіріс процесінде пайда болатын, өндіріс процесінде айналым қаражатын қамтамасыз ететін, ақшалай кірісті пайдалану мен қалыптасуын бекітетін, бюджетпен, сақтандыру ұйымдарымен, банкпен қарым - қатынаста болатын экономикалық ақшалай қатынастар жиынтығы.
Кәсіпорынның қаржы жұмысы бәрінен бұрын тиімділіктің өсуін қамтама-сыз ету мақсатымен, дамыту үшін қаржы ресурстарын құруға бағытталған.
Қаржылық жағдай бұл - қаржы ресурстарын пайдалану мен орналастыруды бейнелейтін көрсеткіштер жиынтығы.
Қаржы жағдайын талдау кәсіпорынның қаржы жағдайының ең нашар позициясы мен маңызды аспектілерін айқындауға мүмкіндік береді, қандай нақты бағытта жұмысты жүргізу қажет екенін көрсетеді.
Қаржы жағдайына баға беру кадрлық, техникалық қамтамасыз етудегі ақпарат, талдау мақсатына байланысты әр түрлі дәрежеде орындалуы мүмкін. Оның ең басты мақсаты - қаржы жағдайын тереңдете талдау.
Қаржы жағдайы төмендегілерді бағалауға мүмкіндік береді:

1.2 Нарықтық экономикадағы қаржылық маңызы және талдаудың міндеті
Егер өндірістік немесе қаржылық жоспары ойдағыдай орындалса ол кәсіпорынның қаржылық жағдайына жақсы әсер етеді және керісінше. Жоспар орындалмаған жағдайда өндірілген өнімнің өзіндік құны өседі, түсім азаяды, пайда кемиді нәтижесінде кәсіпорынның қаржылық жағдайы және төлем қабілеттілігі төмендейді.
Қазіргі нарықтық жағдайға бейімделу үшін кәсіпорын қаржымен қалай жұмыс істейтінін білу керек, капитал құрлымы және пайда болу көзі қандай болу керек екенін білу керек.
Ришар Ж. пікірі бойынша кіріс, сенімділік, жойылымдылық, қауып - қатер деңгейі көз қарастарынан қызметтің талдауы нарықтық экономика жағдайында және бәсекелестік ортада өте қажет [16]. Кірісті максималды көбейткенде және шығынды азайтқандағы ұсыныстар жасағанда нақты талданған аналитикалық негізге сүйену қажет. Кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызмет нәтижелерін талдау экономикалық саясатта нақты бағыттар қалыптастыруға мүмкіндік береді, оның кемшіліктерін анықтауға және оларды жоюға бағытталған ұсыныстар жасау. Талдаудың нәтижелері ұзақ мерзімге немесе жақындағы болашаққа даму жоспарын жасауға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның жұмысын жетілдіру және жақсарту туралы ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді. Талдау нәтижесі бизнес-жоспар және ағымдағы жоспарлау жасағанда пайдаланады. Талдаудың болмауы немесе жетілдірмеген талдау кәсіпорынның қаржылық жағдайына теріс нәтиже әкелуі мүмкін.

2 Қаржылық талдаудың әдісі мен жүйесі
2.1 Қаржылық талдау жасау және оның теориялық сұрақтары
Қазiргi кезде шаруашылық субъектiлер өзiне контрагенттердi еркiн түрде таңдайды. Объективтiлiк, ғылыми негiздеме мен қабылданатын шешiмдердiң экономикалық оптимумына жету тек экономикалық талдаудың мәлiметтерiн зерттеу арқылы ғана жүзеге асырылады. Нарық жағдайында экономикалық талдаудың рөлi өсе түсуде. Шаруашылық қызметтi бiрыңғай талдау, басқаруды талдау мен қаржылық талдау болып екiге бөлiнедi. Шаруашылық қызметтi талдаудың түрлерi №2 суретте ұсынылыр отыр.

2.2 Қаржылық талдау жасау көрсеткiштерi
Халықаралық және отандық есептiк-аналитикалық тәжiрибеде, көрсет-кiштердi есептеу алгоритмдерi айтарлықтай өңделген; аналитикалық коэф-фициенттердiң көптеген түрлерi белгiлi. Олардың кейбiреулерi мамандан-дырылған ақпараттық-аналитикалық агенттiктердiң анықтамалық сайттарында басылады. Осы көрсеткiштердiң негiзгiлерiн қарастырып өтейiк.
Мүлiктiк жағдайы. Кәсiпорын мүлiктiк потенциалының қаржылық бағасы баланс активiнде ұсынылан. Бұл бөлiмнiң көрсеткiштерi кәсiпорынның “көле-мi”, оның қарауындағы қаражат мөлшерiмен активтердiң құрылымы туралы мәлiмет алуға мүмкiндiк бередi. Оларға шаруашылық қаражаттарының сомасы, кәсiпорынның таза активтерiнiң құны, баланс валютасындағы негiзгi қаражат-тардың үлесi, тозу коэффициентi және жарамдылық коэффициентi жатады. Тозу коэффициентi (Кт) және жарамдылық коэффициентi (Кж) негiзгi қаражаттардың қолдануға жарамды бөлiгiнiң тозуын және жарамдылық үлесiн сипаттайды.

ҚОРЫТЫНДЫ
Нарықтық экокномикалық жағдайында қаржы менеджерiнiң қызметi қаржылық талдаумен тығыз байланысты, өйткенi қаржылық жағдайын, баланс өтiмдiлiгiн, қаржылық тәуекелдiлiктерiн есептеу мен талдау әлуеттi банкроттықты бағалау қаржылық талдаудың мақсаты болып табылады. Мүмкiн болатын тәуекел деңгейiнiң жақдайында кәсiпкерлiк сенiмдiлiгi, кәсiпорынның өмiрлiк iс-әректтерiнiң нәтижелерi көптеген және әр түрлi факторларынан тәуелдi. Олардың iшiнен негiзгi орынды қаржылық стратегияның өңделуiне қаржылық қатынастарының қазiргi деңгейiнде бөлек кәсiпорындардың шаруашылық қызметiнiң қаржылық бақылауының жаңа себептерi қалыптасады. Бұл алдымен қаржылық ресурстар мен соңғы қорытындылар, қаржылық ресурстардың қалыптасу көздерi мен оларды қолдану бағыттары, қолдану тиiмдiлiгiнiң бағалау сәйекстiлiгi бойынша пропорцияның сақталу мен өңделу сұрақтарына байланысты келедi. Мұнда тек қана айналымда бар қаржылық ресурстар туралы ғана емес, сонымен қатар жинақталу және қолдануды жақсарту есебi бойынша айналымға енгiзiлетiн ресурстар жөнiнде де айтылған сөз. Қаржы орбитасына, тиiмдiлiкке қаржылық әсер ету сұрақтары ғана енгiзiледi, бiрақ керiсiнше болуы мүмкiн емес. Қаржы кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiк нәтижелерi ретiнде ғана қарастырылған.