Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Алюминий тотығының өндірісі

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 16 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Күйежентектелу цехы


Жоспар

1 Күйежентектелу цехы 3
1.1 Шикіқұрам бөлімшесі 4
1.2 Тотықсыздандыру әдісі арқылы күйежентектелу 9
1.3 Металлургиялық пештерде қолданылатын отынның түрлері 11
1.4 Жану есептері 15
Әдебиеттер 16

1 Күйежентектелу цехы

Күйежентектелу цехында шикіқұрам қызыл шлам, айналымдағы сода, айналымдағы ақ шлам, жаңа сода, әктас және тотықсыздандырғыш көмір дейтін заттарынан тұрады. Кей кездерде технологияда сілтілік айналым ерітінділерін көбейту мақсатында шикіқұрамға боксит те қосып отырады.
Дайындалған шикіқұрам қысым арқылы күйежентектелу пештеріне беріледі.

1.1 Шикіқұрам бөлімшесі

Тотықсыздағыш күйежентектелуге қанықпаған шикіқұрамды дайындау үшін төмендегі өнімдер түседі:
– қызыл шлам;
– боксит;
– әктас;
– кальцинделген сода;
– ақ шлам;
– тотықсыздағыш.
Шикіқұрамды дайындаудың мақсаты мен маңызы күйежентекті гидрохимиялық әдіспен қайта өңдеген кезде жақсы көрсеткіштерді қамтамасыз ететіндей құрамдағы қойыртпақты дайындауда.
Қызыл шлам. Шикіқұрамды дайындауға түсетін қызыл шлам өзінің, яғни Байер тізбегінің қызыл шламын төл ерітіндіні буландырған кездегі бөлінген қайтарымды сода ерітінділерімен қойыртпақты сұйытылған құрамнан тұрады. Бокситті Байер тәсілімен өңдеген кезде ұсақтау және ерітінділеу бөлікшелерінде жүйеден темірдің құмдары шығарылып отыратынын еске ала кеткен жөн болады.

1.2 Тотықсыздандыру әдісі арқылы күйежентектелу

Күйежентектелуді тотықсыздағыш әдісі арқылы жүргізу мынадай жағдайларға байланысты негізделген:

1.3 Металлургиялық пештерде қолданылатын отынның түрлері

Жанған кезде көп мөлшерде жылу бөліп шығаратын заттарды отын ретінде пайдаланатыны бізге бұрынан мәлім. Сондықтан отын деп жылу өндіріп алу үшін жанатын заттарды атайды.
Отын қатты, сұйық және газтәріздес болып келеді. Сонымен қатар отындарды табиғи және жасанды деп екі түрге бөледі. Табиғи отындарды табиғаттан қалай алынды сол күйінде қолданады.
Табиғи отындардың қатарына: ағаш, шымтезек, таскөмірдің түрлері, тақтатас, мұнай, табиғи газдар және тағы басқалары жатады.
Ал жасанды отындарды табиғи отындарды қайта өңдеу арқылы алады.
Жасанды отындардың қатарына: ағаш көмірі, кокс, мұнай өнімдері – жанар майлар: бензин, керосин, мазут, және қатты отындардан алынатын генератор газы, сулы газдар және басқалары.

1.4 Жану есептері

Отындардың жану есептері мынадай сатылардан тұрады:
– отын құрамының есебі;
– жануға қажетті ауаның есебі;
– құбыр газдарының құрамдары мен мөлшерінің есебі;
– жану температурасын анықтау;
– жанарғы қондырғысының есебі;
– оттық кеңістіктің есебі.

Әдебиеттер

1 Абжаппаров А. «Комплексное использование низкокачественного глиноземсодержащего сырья Казахстана». – Алматы: «Ғылым», 1998. – 120 с.
2 Беляев А. И. «Металлургия легких металлов». – М. : Металлургия», 1970. – 185 с.
3 ISSN 0372-2929 «Цветные металлы», 1999. – № 1.
4 ISSN 0372-2929 «Цветные металлы», 1997. – № 4
5 Қазақша – орысша, орысша – қазақша терминологиялық сөздік. «Кен ісі және металлургия». – Алматы: «Рауан», 2000. – 136 с.
6 Лайнер А.И., Еремин Н.И., Лайнер Ю.А., Певзнер И.З. Производство глинозема». – М. : «Металлургия», 1978. – 226 с.
7 Light Metals 1993, Bayer Liquor Polishing.
8 Light Metals Новый процесс удаления органики из раствора Байера. С. Стао, Й. Ямада и другие, 1982. – 82 с.