Предмет: Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Тип: Дипломдық жұмыс
Объем: 59 стр.
Год: 2013
Бастауыш сыныпта көрнекіліктің оқытудың мақсаты
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Бастауыш мектеп оқу жұмысындағы көрнекілік принципінің талаптарын жүзеге асырудың дидактикалық негіздері 7
1.1 Педагогика тарихында оқыту принципінің зерттелуі жайлы 7
1.2 Бастауыш мектептің оқыту процесінде көрнекілік принципін тиімді қолданудың шарттары 15
1.3 Бастауыш сынып жасындағылардың ерекшеліктері мен дамуы 26
2 Бастауыш сыныптың сабақтарында оқытудың көрнекілік принциптерін жүзеге асыру жолдарының тәжірибесі 35
2.1 Бастауыш сыныптың оқытудағы көрнекілік түрлері 35
2.2 Әдістемелерге сипаттама 36
2.3 Зерттеу нәтижелерін талдау және оның интерпретациясы 40
ҰСЫНЫС 55
ҚОРЫТЫНДЫ 58
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 59
КІРІСПЕ
Болашақ маманның ең негізгі міндеті таңдаған мамандығы бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын ұдайы меңгеру болса, кәсіби тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық іс- тәжірибе кезеңінің үлкен көмегі болады. Сондай іс- тәжірибе кезеңдерінде бағдарламаның тақырыптық құрылымына сай сан алуан шығармалар, көркеніліктерді пайдалана отырып, балаларды ән әлеміне қызықтыра білу керек. Жас мұғалім өзін мәдениетті ұстай білуі, үйірсектік, мақсатқа жетуде табандылық, орынды әзіл, баланы жасы көру, ұстаздық байқағыштық, ұйымдастыру қабілеті т.б. кәсіби пайдалы сипаттарды білгені жөн. Тәрбие мен білім алу қандай тығыз байланыста болса, алған білімді кәсіби жеткізе білу де шеберлік. Оқушының байқау, көру қабілеттерінің ерекшеліктерін ескеріп, дамытатын- көрнекілік.
1 Бастауыш мектеп оқу жұмысындағы көрнекілік принципінің талаптарын жүзеге асырудың дидактикалық негіздері
1.1 Педагогика тарихында оқыту принципінің зерттелуі жайлы
Әдіс деген сөз гректің "metodos" деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді.
Қысқаша психологиялық-педагогикалық сөздік "әдіс" — мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет"- деген анықтама береді.
Оқыту әдістері - оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.
1.2 Бастауыш мектептің оқыту процесінде көрнекілік принципін тиімді қолданудың шарттары
Оқу пікірталастары оқытудың сөздік әдістерінің ішінде елеулі орындалады. Оның оқыту процесіндегі ең басты қызметі - танымдық қызығушылықты ынталандыру, оқушыларды қандай да мәселе бойынша түрлі ғылыми көзқарастарды белсенді түрде талдауға қатыстыру, басқа жеке тұлғанық және өзінің көзқарастарының негіздерін түсінуге жағдай жасау. Пікір-сайыс өткізу үшін оқушылардың дайындығы, талданатын мәселе бойынша кем дегенде екі ңарама-қарсы көзқарас болу керек. Білімсіз өткен пікірсайыс жүйесіз мәселеден ауытқып, нәтижесіз өтеді [20]. Оқу пікірсайыстары оқушылардың өз ойларын анық және дәл тұжырымдау іскерлігінің болуын, дәйекті дәлелдерді құрастыра білуін талап етіп, оларды ойлауға, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуге, ой жарыстыруға үйретеді. Мұғалім сөз мәнерінің үлгісі болып, оқушылардың ой-пікірлерін тыңдап, оған әдепті түрде түзетулер енгізіп, өз пікірінің ақиқаттығына таласпай, соңғы сөзді айтуға құқығы бар екендігін оқушылардың естеріне салуы қажет.
1.3 Бастауыш сынып жасындағылардың ерекшеліктері мен дамуы
Адамның белгілі сипаты мен сапасын қалыптастырудағы тәрбиешілердің мақсат тәрбиесі белгілі бір жас мөлшеріндегі топқа бағытталған, осы арқылы сол топта тәрбиенің мүмкіндіктері мен міндеттері, әдістемелері қолданылады. Адам өмірінің мектепке дейінгі кезіңде, есейген шақ кезендеріндегі, жасөспірім шақта, әлеуметтік ортада, мектепте қалыптасқан мінез-құлқы ерекшеленеді.
Жас мөлшерінің психологиясы курсында оқылатын жоғарыда айтылған жас мөлшерлік топтардың әрқайсысының сипаттамасын бұл тұста нақтылап карастырмай-ақ, педагогтың әрбір жас мөлшері тобымен жүргізетін оку-тәрбие жұмысында ескерілуі тиісті кейбір тәрбие ерекшеліктеріне тоқталамыз.
2 Бастауыш сыныптың сабақтарында оқытудың көрнекілік принциптерін жүзеге асыру жолдарының тәжірибесі
2.1 Бастауыш сыныптың оқытудағы көрнекілік түрлері
Бастауыш сыныптың балалардың танымдық белсенділігінің даму ерекшеліктерін зерттеу үшін төмендегідей бағдарлама кұрылды.
Зерттеу жұмысының объектісі - бастауыш сыныптың балалардың психикалық даму ерекшеліктері.
Зерттеудің пәні бастауыш сыныптың балалардың танымдық белсенділіктері.
2.3 Зерттеу нәтижелерін талдау және оның интерпретациясы
Зерттеу жұмысымыздың алдында балалардың сөздік қорын анықтау үшін және сол сөздерді әңгіме кезінде қолдана алу мүмкіндіктерін тексеру үшін «Қажетті сөзді тап» әдістемесін қолдандық.
2 кесте
«Қажетті сөзді тап» әдістемесінің тәжірибеге дейінгі нәтижелері
ҰСЫНЫС
Теориялық және эмпирикалық зерттеу жұмыстарынан алынған қортынды нәтижелерге сүйене отырып бала бақша тәрбиешілеріне, ата-аналарға, төменгі сынып мұғалімдеріне, мектеп психологтарына және оқу департментіндегі бала бақшаларына жауапты әдіскерлерге арнап төмендегідей ұсыныстар құрылды.
Түзету бағдарламасы С.А.Левашованың «Развитие мышления у детей», А.Лопатина, М.Скребцованың «600 творческих игр для больших и маленьких», «Сказки о буквах и словах», «Начало мудрости», А.И.Шужебаеваның «Педагогика коррекции трудностей в общении у детей дошкольного возраста», Х.Т.Шерьязданованың «Развитие воображения и творческих способностей у детей младшего школьного возраста» еңбектеріне сүйене отырып құрылды және балалармен екі айға жуық өткізілді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бастауыш сыныптарда балаларды оқытуда көрнекіліс әдісі кеңінен пайдаланылады. Көрнекілік әдісі баланың ұғымын кеңейтіп, оқуды түсінікті, қызықты, нақты етеді. Ойы мен бақылампаздығын дамытады.
Көрнекілікке табиғи объектілер: өсімдіктер, заттармен құбылыстар жатады. Бұлардың мәнділігі дәл заттың өзімен таныстырады, балалар оларды тікелей сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Бұлардың өзге оқу материалының мазмұнын түсіндіру үшін табиғи көрнекілікке жақын әдейі дайындалған көрнекі құралдар- заттың көшірмелері, үлгілер де пайдаланылады. Сол сияқты суреттер, иллбстрациялар, фотосуреттер, картиналар, альбомдар, сондай- ақ дидактикалық құралдар қолданылады.