Сакеннің «Көкшетау» поэмасы мен Мағжанның «Батыр Баян» поэмасын салыстыру
Мазмұны
Кіріспе 4
1 Сәкен қазақ поэзиясында Абайдан кейінгі жаңашыл ақын 7
1.1 Сәкен Сейфуллиннің өмір баяны мен шығармашылығы 7
1.2 Сакеннің поэзиялық шығармалары 19
1.3 Сәкен Сейфуллин шығармаларындағы табиғат көріністері 33
2 «Көкшетау» поэмасының образдары мен көркемдік ерекшелігі 50
2.1 Сәкеннің «Көкшетау» поэмасы мен Мағжанның «Батыр Баян» поэмасын салыстыру 50
2.2 «Көкшетау» және «Батыр Баян» поэмаларындағы Абылай, Баян, Адақ бейнелері 60
Қорытынды 79
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 82
Кіріспе
Сәкен поэзиясының өсу, даму жолы жаңа ғана негізі қаланып, көтеріле бастаған қазақ кеңес поэзиясының өсу, өркендеу жолымен тығыз байланысты.
Сәкен ақын «Көкшетау» поэмасында ер намысынан гөрі ел намысын арлақтауды мақсат еткен. Абылайдың қалың қолы бір қыздың шартын орындай алмаса, әсіресе ақыл-сана жағынан парықсыздық танытса, әрине елдің сағы сынады, абыройы төмендейді.
Әділеттіліктің де, мейірбандылықтың үлгісін көрсету үшін, әдейі ел ішінен шыққан қарапайым Адақ бейнесін сомдаған. Тапшылдық көзқарастағы Сәкен жаңа шат заманды барынша құптады., сондықтан Абылай мен Адақ бейнелерін жасауға тың жолмен барды.
1 Сәкен қазақ поэзиясында Абайдан кейінгі жаңашыл ақын
1.1 Сәкен Сейфуллиннің өмір баяны мен шығармашылығы
Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола уезі, Нілді болысының бірінші ауылында туған Сарыарқаның Сағышды даласы мөлдіп сулары толқыған Нура, Есіл өздерінің бойы, алыстан көз тартқан Аба, Ор тауларының бауыры- болашақ ақынның балалық шағы өткен, жаз жайлау рақатын көріп, алты бақан тебу, ақсүйек ойнаған, қыстың боранды ұзақ күндерінде қиял ғажайыр ерлік оқиғаларға толы батырлар жырын естіп, мың түрлі түрлі сынмен адам жүрегін елжіретер ән мен күй тыңдаған, айтпен тойдың қызығын көріп, айтыс пен бәйгені қызықтаған алтын бесік ыстық ұясы.
Табиғатынан дарында жаратылған мөлдір қара көз, толқынды шашты, қыр мұрын, қайратты ұлдарын Сейфулла мен Жаман азан айтып қойған Садуақас деген есімнің орнына еркелетіп Сәкен деп атап кеткен.
1.2 Сакеннің поэзиялық шығармалары
Қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушы, революционер ақын Сәкен Сейфуллиннің поэзиялық шығармалары – одан қалған әдеби мұраның негізгі саласы деуге болады.
Ұлы Қазан социалистік революциясынан бұрыннан-ақ өлең жаза бастаған ақын сол қалпымен революцияға келіп араласады да, халық үшін аянбай күрескен жалынды большевиктердің санында болды. Бұл жылдары ол өзінің революциялық қызметіне өткір өлеңдерін де пайдаланады. Ал одан кейінгі жылдардағы [2].
1.3 Сәкен Сейфуллин шығармаларындағы табиғат көріністері
Сәкен Сейфуллин шығармаларындағы табиғат көріністері асқан шеберлікпен бейнеленген. Ақын табиғаты жалпы нәзіктікті сүйеді, сол себепті де шығармаларында ақын көбіне табиғат суретін, әсем табиғат көріністерін сөз етеді. Бұл да болса Сәкен шығармаларындағы өзіндік ерекшелік болып табылады. Сәкен Сейфуллин өз поэзиясына жаңадан сөз қосқан жоқ, өзіне дейін дамып жетілген тілді, сөздік қорды өз шығармасының ең керекті өрнектеулеріне дәл тауып пайдалана білді.
М.Мақатаев айтқандай: «Қазақтың қара өлеңін шекпен жауып, өзіне қайтарған» сөз зергерлерінің таңдаулысы болып, халқы таныған, сүйіп бағалаған ерен жүйрік ақынына айтады.
2 «Көкшетау» поэмасының образдары мен көркемдік ерекшелігі
2.1 Сәкеннің «Көкшетау» поэмасы мен Мағжанның «Батыр Баян» поэмасын салыстыру
Қазіргі жариялылық кезеңнің нәтижесінде әр алуан пәле – жаладан толық ақталып, шығармасы ел игілігіне айналғанға дейін М. Жұмабаев поэзиясы, оның ішінде «Батыр Баян» да реакциялық романтизм туындыларына саналып келгені рас.
Ал Сәкеннің халық арасына кең тараған поэмаларының бірі – «Көкшетау». Бұл поэмада Арқаның ең көрікті, сұлу жерлерінің бірі – Көкшетауды үлкен поэтикалық шеберлікпен суреттейді.
С.Сейфуллин мен М. Жұмабаев дүниетанындағы алшақтықты «Көкшетау мен «Батыр Баян» дастандарын салыстырып қарап түсіндіруге болады.
Сәкен «Батыр Баянмен» де, Мағжанмен де жете таныс. Уақыт сұрапылы қазақ поэзиясының екі ардақты тұлғасын екі басқа сүрлеуге салған. Мағжан байырғы замандағы ілгері тарихи, рухани құбылыстарға алаңсыз көңіл аударылса, Сәкен өткен жылдар сілеміне сол күннең тұғырынан қарайды.
Ол қара халықты хан, төре, бай, манаптарға билеткен ғасырлар салтына қайырылмас ниетпен өткір наразылық білдіреді.
2.2 «Көкшетау» және «Батыр Баян» поэмаларындағы Абылай, Баян, Адақ бейнелері
Сәкен Сейфуллин поэзиясының күші мен өршенділігі мынада деп ұғамын: ол ұлттық мінезін, табиғатпен астасқан мәңгілік жанды жаратылысымен, сұлу ақиқатымен бойды баурап, ойды жаулайды. Жыр әлемі сөз маржанына сусындырып, рахаттандырады.
Сәкен Сейфуллин жырынан қазақ – қазақы мінезінің көркем суретін көреді.Ұлт өзін - өзі танып, рухани көтеріле алса, қаламгер үшін бақыт деген осы.
Қазақ поэзиясында Сәкен Сейфуллин орны ерекше. Сәкен Сейфуллин ұлт ақыны. Уақыттың өзі оны мойындап, жыр тарланын лайықты тұғырына көтеруі де сондықтан.
Қорытынды
Қазақстан Республикасы егеменді ел болғанан бері, Елбасы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында ескерілмей келген, жоғалған мәдени мұраларға көңіл бөлу қаулап өскені белгілі.
Соның бір көрінісі – бұрын есімі де, еңбектері де мәдениет тарихында «ақтаңдақтарң қатарына саналатын, қазақтың белгілі ақыны Сәкен Сейфуллин шығармаларының кең зерттеле бастады. Осыдан бастап ақынның шығармалары жан-жақты зерттеліп том-том кітап болып шыға бастады.
Жұмыстың негізгі мақсаты, негізгі нысанасы Сәкен Сейфуллин өлеңдерінің жанрлық-стильдік ерекшеліктерін зерттеу, табиғат лирикасын суреттеуін бағалау.