Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 61 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Сөз тіркесі синонимиясы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Сөз тіркесі синтаксисінің ерекшелігі 7
1.1 Сөз тіркесінің басты белгісі -жаңа грамматикалық мағына 7
1.2 Сөз тіркесінің құрылымы 13
1.3 Сөздердің тіркесу қабілеттілігі мен синтаксистік байланысы 16
1.4 Жатыс жалғаулы сөз тіркесінің ерекшелігі 23
2 Сөз тіркесінің түрлері және оның байланысу жолдары 29
2.1 Есімді сөз тіркестері 29
2.1.1 Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері 34
2.1.2 Матаса байланысқан есімді сөз тіркестері 36
2.1.3 Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері 38
2.2 Етістікті тіркестер 40
2.2.1 Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері 41
2.2.2 Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері 51
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Грамматиканың синтаксис саласының қарастыратын негізгі мәселелері: сөз тіркесі мен сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөз тіркесі мен сөйлемдегі сөздердің байланысу амалдары мен формалары. Синтаксистік единица ретінде қаралатын сөз тіркестерінің лингвистикалық табиғатын айқындап, оған анықтама беру үшін, біріншіден, сөз тіркесін өзімен сырттай ұқсас құбылыстардан, атап айтқанда, күрделі сөзден, жалпы сөздердің тіркесінен, фразеологиялық сөз тіркесінен және сөйлемнен ажырату, екіншіден, -оған (сөз тіркесіне) тән басты белгілерді айқындап алу қажет.Сөз тіркесі синтаксисі мен сөйлем синтаксисі өз алдына жеке-жеке сала болып қарастырыла басталғалы көп уақыт өтпеді. Қазан төңкерісінен кейін сөз тіркестерінің көптеген мәселелері терең қозғала бастады.

1 Сөз тіркесі синтаксисінің ерекшелігі

1.1 Сөз тіркесінің басты белгісі -жаңа грамматикалық мағына

Сөз тіркесі жөнінде жүйелі зерттеулердің қалыптасып дамығанына көп болған жоқ. Қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерде тек сөйлем мүшелерін, олардың байланысын, орын тәртібін көбірек сөз қылды да, ал сөз тіркесіне байланысты мәселелер онша ауызға алынбады. Түркі тілдерінің сөз тіркестері тек кеңес дәуірінде ғана зерттеліне басталды. Орыс тілінде сөз тіркестерін тұңғыш қолға алған В.В. Виноградов сөз тіркестерінің түрлері, байланыс формалары және олардың құрылысы тіл білімінің ең басты бөлімі екендігін айтады.М. Балақаевтың еңбегі түркі тілдерінде сөз тіркестері туралы – бірінші туынды мұнда автор сөз тіркестерінің көптеген теориялық мәселелерін жан-жақты ашып берді. Негізінде сөз тіркестері туралы жалпы түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде профессор М.Балақаевтың еңбектерінен толық мағлұмат алуға болады [1].

1.2 Сөз тіркесінің құрылымы
Сөз тіркесінің құрамында екі компонент болады: бірі - басыңқы бөлегі - сөз тіркесін құраудың бас арқауы, екіншісі - бағыныңқы бөлегі - сөз тіркесінің желісі, оның басыңқымен сабақтасқан бөлегі.
Сөз тіркесіне берген анықтамамызда оның кемінде толық мағыналы екі сөзден құралатыны айтылды.Сөздер сөз тіркесінің құрамына енгенде, жаңа лексикалық мағына тумайды, қосымша грамматикалық мағына пайда болады. Сондай қатынас - қосымша грамматикалық мағына, толық мағыналы сөздердің ғана тіркесінде пайда болуы мүмкін. Сондықтан сөз тіркесінің құрамында толық мағыналы сөздер болуын - сөз тіркестерін құраудың басты шарты деп қараймыз.Анықтамадағы «кемінде...» деген сөзден сөз тіркесінің құрамы екіден артық та болатыны аңғарылады. Рас, оның құрамында бірнеше сөз болуы ықтимал. Ондай көп құрамды сөз тіркесін күрделі сөз тіркесі дейміз.

1.3 Сөздердің тіркесу қабілеттілігі мен синтаксистік байланысы
Сөз тіркестерін құрастыру - сөздердің «теңін» тауып қиюластыру деген сөз. Өз ара қиюласа алатын сөздер ғана сөз тіркестерін құрай алады. Олар - мағыналық үйлесімі бар сөздер. Мағыналық үйлесімі жоқ сөздер сөз тіркесін құрай алмайды, мысалы, көрік сәзімен қыз, әйел, келіншек, адам сөздері тіркеседі: қыздың көркі, әйелдің көркі, келіншектің көркі, адам көркі. Ол сөз ауыспалы мағынада ағаш, жаз сөздерімен де тіркеседі: ағаш көркі (жапырақ...), жаздың көркі («Жаздың көркі енеді жыл құсымен, жайраңдасып жас күлер құрбысымен») (Абай). Соңғылар анау айтқан табиғи байланыстағы сөздер емес, поэтикалық талғам негізінде «қолдан» үйлестірілген сөздер тобы [10].

1.4 Жатыс жалғаулы сөз тіркесінің ерекшелігі
Көлемдік қатынасты білдіретін етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы компоненті қызметінде жатыс септігіндегі сөздер қолданылады. Тіл жүйесінде көлемдік және мезгілдік мән астасып жатады, оның себебі, көпшілігінде грамматикалық формаларының біркелкі болып келуімен байланысты. Сонымен бірге мынадай ерекшелік байқалады: бір ғана сөздің әрі көлемді, әрі мезгілдік мәнде қолданылуы сирек ұшырасады. Бұл реттегі байырғы тәсіл, сірә, мекендік қатынаста лексикалық мәні мекенді, орынды білдіруге лайық сөздер, мезгілдік қатынасты лексикалық семантикасы уақытпен байланысты сөздер жұмсалса керек. Қазіргі тілде жатыс септігі осы екі түрлі қатынастың да грамматикалық көрсеткіші ретінде қолданылып жүр.

2 Сөз тіркесінің түрлері және оның байланысу жолдары
2.1 Есімді сөз тіркестері
Сөз - тілдің қалыптасып, дамуының ең негізгі тірегі. Тілдің дыбыстық жағы да, мағыналық жағы да, морфемалық құрамы да, синтаксистік байланысы да-бәрі сөз арқылы өрбиді. М.Балақаев сөздің лексикада лексема, морфологияда сөз таптарының бірі, синтаксисте сөйлем мүшесі, фразеологияда тұрақты тіркестердің сыңарлары ретінде жұмсалатынын ерекше атап өткен .Сөздің тіл қабаттарында алатын орны ерекше. Тіл дыбыстары сөз арқылы мағыналық қасиетке ие болса, мағына сөз арқылы лексикалық, грамматикалық қасиетке ие, морфологиялық құрылым сөз арқылы жалпы лексикалық, жалпы грамматикалық қасиетке ие, морфологиялық құрылым сөз арқылы лексика-грамматикалық, категориялық, грамматикалық қасиетке ие, синтаксистік байланыс сөз арқылы салаластық, сабақтастық қасиетке ие. Тілдің құрылымдық жүйесі сөз арқылы бірімен-бірі осылай өте тығыз байланыста, бірлікте жұмсалады. Бұдан сөздің жан-жақты қырларын танып білуге болады.Тіл ғылымының зерттелуі барысында сөздің жеке тұрғандағы тілдік тұлғасы жан-жақты зерттелген. Оның дыбыстық жағы, мағынасы, морфологиялық құрамы, синтаксистік қызметі туралы көптеген құнды деректер бар.

2.1.1 Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері
Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің грамматикалық байланыс амалы -сөздердің орын тәртібі . Есімді сөз тіркестерінің бұл түрі құрамы жағынан әр алуан болып келеді. Олардың басыңқы сыңарлары, әдетте, зат есім не субстантивтенген сын және сан есімдер болады да, бағыныңқылары есімдер мен есімшелердің бірі болады, мыс.: жуас түйе, кең қора, бес кілем, көгерген дала, осы аудан; талай қорқақтар, кілең сұлулар, ертедегі жуандар. Қабыса байланысатын есімді сөз тіркестерін құрауға қандай-қандай сөздер қатысатынына қарай, олар былай бөлінеді: зат есімді тіркестер (мал қора, алтын сагат, қос ауыз мылтық), сын есімді тіркестер (көк шөп, семіз қой, епті кісі, социалистік жарыс, қос ішекті домбыра), сан есімді тіркестер (он бие, үш күн, сегізінші мектеп, бір жүз отыз бесінші завод), е с і м д і к т і тіркестер (мына бала, осы жер, бүл мәселе), есімшелі тіркестер (ұшқан құс, білген кісі, кездесетін жер, айтар сөз).

2.1.2 Матаса байланысқан есімді сөз тіркестері
Түркі тілдерінде матаса байланысқан сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бір-бірімен жақ және жекелік-көптік жағынан үйлесіп айтылады. Сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің байланысу түрін кейбір түркологтар қиысудың қатарына жатқызады.Түсінікті мысалдан бастайық; «Жаздың көркі енеді жыл құсыменен» (Абай). Осы жолдың ұйытқы бөлшегі - жаздың көркі. Бұл екі зат есімнің бір синтаксистік топ құрауы поэтикалық талғам тұрғысынан өте үйлесімді болғанмен, сөздердің әдеттегі, қарапайым тобы басқаша болуға тиіс: жаздың күні, жаздың ыстығы, жаздың аяғы; қыздың көркі, әйелдің көркі, адамның көркі. Адамға тән «көркі» сөзінің жаз мезгіліне телінуі сол сөздердің мағыналық үйлесімін орайластырудан ғана емес, тілдің белгілі синтаксистік байланыс формасына келтіріп ұштасқан, жіптіктей топ құраудан да. Сол топтың алдыңғы сөзі ілік жалғауда да, соңғы сөзі тәуелдіктің 3-жағында. Сөздердің осындай жалғауларда тұрып құндақталған бір сөз тіркесінің құрамына енуі - олардың тілдік дәстүрге бағынғандағысы.

2.1.3 Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері
Меңгеріле байланысатын сөз тіркестерінің ерекшелігін олардың құралу тұлғасынан білеміз: бағыныңқы сөз барыс, шығыс, табыс, жатыс, көмектес жалғауларының бірінде болады да, басыңқы сөз сол жалғаудағы сөзді керек ететін етістік не есім болады. Осыдан меңгеріле байланысқан сөз тіркесі жасалады. Меңгеруші сөз жетектеуші де, меңгерілуші оның жетегіне еруші сөз болады. Септік жалғаулары сөз бен сөзді байланыстырумен қатар, түрлі-түрлі синтаксистік қатынасты білдіреді. Мысалы, барыс септігіндегі сөз бет алысты, бағытты, мақсатты, мезгілді т. б. білдіреді. Сондай мағыналық қатынастар тек жалғау жалғанған сөздердің әр түрлі болуынан ғана тумайды, тұтас сөз тіркестерінің қарым-қатынасынан туады.

2.2 Етістікті тіркестер
Етістікті сөз тіркестерінің грамматикалық арқауы етістік болады да, сол құрамда басқа сөздер етістіктің маңына топтанады. Сөз таптарының қайсысымен салыстырсақ та, етістіктердің сөз тіркесін құрау қабілетінің молдығы байқалады. Етістіктермен тіркесетін сөздер де көп: олармен есімдердің барлық түрлері, сондай-ақ үстеулер, көсемшелер, шылаулы есімдер тіркесе алады. Бұл сөздердің етістіктермен тіркесу дәрежесі, тіркесу тәсілдері мен формалары, сол сияқты мағыналық қатынастары да әр түрлі болып отырады.

2.2.1 Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері
Етістіктермен қабыса байланысатын сөздер - олармен берік мағыналық байланыстағы, етістіктермен біте қайнасқан сөздер. Олар - үстеулер, еліктеуіш сөздер, көсемшелер, жалғаусыз зат есімдер.
Сын, сан есімдер - жаратылысынан зат есімдерге тән сөздер. Сонда да олар етістіктерге қатысты болып, қабыса байланысқан сөз тіркестерінің құрамында кездеседі. Есімдердің ішінде тек сұрау есімдіктері ғана етістіктермен қабысу жолымен қанша сұрайды? тәрізді сөз тіркестерінде айтылады. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері бағыныңқы сыңардың ыңғайына қарай:

2.2.2 Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері
Етістікке ілескен сөздердің біразы жалғаусыз қабыса байланысса, енді ірқатары жалғаулар арқылы меңгеріле байланысады. Синтетикалық байланыс - сөз тіркесі синтаксисінің жанды жері. Сөздердің байланысу дағдысы сөз тіркесінің сапалық қасиетін, оның тармақты топтарының аясы қаншалық кең не тар екенін белгілейді. Осы тұрғыдан меңгеруді етістікті сөз тіркестеріне өлшем етсек, олардың аса қомақты, әр алуан екені байқалады. Олай болу меңгеруде сөз арасына дәнекер болатын жалғаулардың көптігінде емес, олардың жұмсалу аясының кеңдігінде. Олар - барыс, шығыс, табыс, жатыс, көмектес жалғаулары.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде , сөз тіркесі дегеніміз сөз бен сөйлемнің арақатынасынан шығатын басты синтаксистік единицаның бірі деп есептеледі. Егер сөйлем қарым-қатынас жасаудың, адам ойын білдірудің негізгі формасы болса, сөз тіркесі және сөз – сөйлем құраудың материалдары.
Өзара тығыз байланыстағы бұл үш грамматикалық категорияның әрқайсысына тән өзіндік айырмашылықтары болумен қатар олардың бастары түйісетін де орындары болатыны белгілі. Қалайда күрделі сөздерді және басқа түйдекті тіркестерді сөз тіркесі деп шатыстырмау керек, жеке де сөз тіркестері сөйлем қызметінде жұмсалса, олар-сөз тіркестеріне тән қасиеттерінен айрылып қалады деп түсінбеу керек.