Тегеран конференциясындағы екінші майдан ашу мәселесі
Мазмұны
Кіріспе 3
І Тарау. Екінші дүниежүзілік соғыс және Тегеран конференциясы 7
1.1 Антигитлерлік коалацияның құрылуы 7
1.2 Тегеран конференциясының ашылу себептері 9
ІІ Тарау. Екінші майдан мәселесі 12
2.1 АҚШ - Ағылшын үкіметі. Екінші майдан ашу мәселесі. Саяси ұстам 12
2.2 Екінші майдан ашу мәселесі. ССРО саясаты 13
2.3 Тегеран конференциясындағы екінші майдан ашу мәселесі жөніндегі шешімі 14
Қорытынды 17
Пайдаланған әдебиеттер 20
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі жас субъекті ретіндегі тәуелсіз еліміздің алдындағы келелі міндеттердің бірі, әрине бұл халықаралық қатынастардың бүгінге дейінгі қалыптасқан тарихын дұрыс пайымдап, объективті тұрғыдан жаңаша зерделеу екендігі сөзсіз. Қай мәселеге болмасын батыстың, американдық не орыстық ұстанымнан, түсінік – пайымнан гөрі қазақтық көзбен немесе «терезеден» қарау қажеттігі күнбе – күн артып келеді. Жалпы, әлемдік қауымдастықтың тарихын парықтай келгенде; оны тарихи – мәдени және саяси - құқықтық жағынан саралай білудің зор маңызы бар десек, 20 - ғасырдағы түбірлі құбылыстардың бірегейі – екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы игі дипломатиялық келісімдер: Тегеран – Ялта- Потсдам тізбекті конференциялар тарихтан әлдеқашан сүбелі бағасын алса да, толайым бағаланды деу артық болар. Әсіресе, мұндағы өзекті де назар аударарлық мәселе аталмыш конференциялардың мән маңызы жеңімпаз державалардың тұрғысынан қаралып, неміс мәселесінің әлі де шынайы көрсетілмеуін атар едік. Осы конференцияларда бекітілген тарихи шешімдердің соғыстан кейінгі Германияның тағдырын түбегейлі өзгерткендігінде баса назар аудартқым келеді.
І Тарау. Екінші дүниежүзілік соғыс және Тегеран конференциясы
1.1 Антигитлерлік коалацияның құрылуы
Тегеран кездесуінің қорытындыларын бостандық сүйгіш бүкіл адамзат, ең алдымен Совет Одағының, Құрама Штаттардың, Великобританияның халықтары жоғары бағалады. Совет үкіметінің басшысы Москваға қайтып келгеннен кейін АҚШ президентінен телеграмма алды, онда былай делінген: «Мен конференция мейлінше табысты өтті деп санаймын және ол біздің бірлесіп соғыс жүргізуге ғана емес, сондай-ақ келешек бейбітшілік ісі үшін де толық ынтымақтасып жұмыс істеуге қабілетті екенімізді қуаттайтын тарихи оқиға болғанына кәміл сенемін. И. В. Сталин бұл телеграммаға 6 декабрьде жауап қайтарды. «Сіздің Тегеран конференциясы үлкен табыспен өтті және біздің тікелей кездесулеріміздің көп жағынан аса зор маңызы болды дегеніңізге қосыламын,— деп жазды ол.— Біздің халықтарымыздың ортақ жауы — гитлершіл Германия мұны көп ұзамай сезінеді деп үміттенемін. Ендігі жерде біздің халықтарымыздың қазіргі уақытта да, соғыс аяқталғаннан кейін де ынтымақпен бірлесіп қимылдайтынына сенім бар».
Тегеран конференциясының нәтижелерін, соғыс қимылдары жағдайында болса да, қоғамдық системалары әр түрлі мемлекеттердің ынтымақтастығы принципін практикада қолданудың нақты тәжірибесі деп бағалауға болады. Москва мұндай тәжірибені соғыстан кейінгі кезеңде де таратудың маңызды екенін үнемі атап көрсетумен болды. Сөйтіп, әңгіме келешек бейбітшілік жылдарында мүлдем жаңа сипаттағы, 1917 жылы Совет республикасы әйгілі Бітім туралы декретінде жариялаған әділетті, демократиялық бітімнің, негізделген халықаралық қатынастардың қалыптасуы үшін жағдай жасау туралы болды.
1.2 Тегеран конференциясының ашылу себептері
1943 жылы 28 Қарашадан – 1 Желтоқсанға дейін үш мемлекет : АҚШ, КСРО, Ұлыбритания үкімет басшылары Ф.Д. Рузвельт, В.И. Сталин, У. Черчилль Тегеранда бас қосты. Одақтас елдер басшыларының бірінші кездесуіне дипломатия кеңесшілері мен әскери штабтың өкілдері де қатысты. Күн тәртібінде соғыстың барысы және соғыстан кейінгі бейбітшілік мәселелері талқыланды. Одақтас елдердің гитлершіл Германияға қарсы соғыс қимылдарын бірлесіп жүргізу жоспарын жасау Тегеран конференциясының басты мәселесі болды.
ІІ Тарау. Екінші майдан мәселесі
2.1 АҚШ - Ағылшын үкіметі. Екінші майдан ашу мәселесі. Саяси ұстам
Екінші майданның ашылуының нақтылы келісілген мерзімі ақыры шешілген сияқты еді. Бірақ батыс державалары бұл жолы да өз міндетін орындамады. 1942 жыл өтті, 1943 жыл бітті, 1943 жылы Қарашаның аяғында Тегеран конференциясы ашылғанда бұрынғысынша Францияда екінші майданның қашан ашылатындығы беймәлім еді. Сондықтан Тегеран кездесуінің күн тәртібінде тұрған мәселелерді талқылаумен қатар, Совет үкіметі екінші майдан жөніндегі мәселеге де нақтылы жауап алуға ұмтылуы да табиғи нәрсе еді.
Тегеран конференциясының бірінші жалпы мәжілісінде Европада екінші майданды ашу туралы мәселе қойылды. Тегеран конференциясында Британ премьері У. Черчилль мен АҚШ президентінің біріккен штабы «Оверлорд» операциясы 1944 жылға май айында белгіленді деп жарияланды. Ол оңтүстік Франциядағы десанттың көмегімен жүргізілмек, бұл қосалқы операцияның күші сол кездегі қолда болатын десанттық құралдардың мөлшеріне байланысты болады деп шешілді.
2.2 Екінші майдан ашу мәселесі. ССРО саясаты
Европада 2-майдан ашу, соғыстың аяқталуын тездету мәселесі Совет делегациясының ұсынысы бойынша жетілдірілді. Черчилль 2- майданды Балқан түбегі арқылы жүргізуді жақтады. Ол ағылшын және американ қарулы күштерін Совет армиясынан бұрынырақ Оңтүстік шығыс және Орталық Европаға жайғастырып, Европа халықтарын билеп-төстеуді көздеді. Бұл жоспардың осал жақтарына тоқталып, В.И. Сталин екінші майданды Франция территориясынан ашудың дұрыстығын дәлелдеді.
2.3 Тегеран конференциясындағы екінші майдан ашу мәселесі жөніндегі шешімі
Тегеран конференциясында соғыс аяқталған соң Германияны бөлшектей отырып, оның XX ғасырда қайта бас көтеру мүмкіндігін болдырмау көзделді. АҚШ президенті Ф. Рузвельт Германия туралы мәселені зерттеу үшін арнаулы құру, оны Лондон комиссиясына беру жөнінде ұсыныс білдірді.
Сондай-ақ Тегеран конференциясында Польша мәселесі қаралды, онда КСРО мен Польшаның арасындағы 1939 жылғы шекараны қалдыру, яғни Германияның біраз бөлігін Польшаға, ал Польшаның шекарасы шығыста «Керзон сызығымен», батысында Одер өзені бойымен өту жобаланды. Польшаны Германия есебінен қанағаттандыру (жерінің біраз бөлігін алу) туралы Черчилльдің пікірі тыңдалған соң Сталин Украинаның жері Украинаға, Белоруссияның жері Белоруссияға берілуі жөн екендігін Львов проблемасын шешу жөніндегі жоспарын карта бойынша нақтылай көрсетіп дәлелдеп шықты.
Қорытынды
Тегеран конференциясында көптеген мәселелер жөнінде қатты айтыстар аз болған жоқ, бірақ тұтас алғанда конференция пікір алысудың қорытындысында маңызды оң, шешімдер қабылданды.
Конференцияда келісілген және бекітілген документтердің тізбесі мейлінше кең көлемді проблемалардың талқыланғандығын, конференцияда қабылданған шешімдердің бүкіл халықаралық жағдайды дамыту үшін зор маңызы бола алатынын көрсетті.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Ялтинская конференция 1945: Уроки истории. / Материалы симпоз Ялта 6-7 февр. Редколл.А.Н.Яковлев и др. Наука. 1985.
2. У. Черчилль. Вторая мировая война . Сокр пер. С англ. М. 1991.
3. Майский Н.Н. Воспоминания Советского дипломата М, 1987
4. Висков С.Н, Кульбанин В.Д. Союзники и Германский вопрос в 1945- 1990 – х гг Киев 1991.
5. Лютов Н.С, Носков А. М. Коалиционное взаимодействие союзников: опыт и второй мировых войн. М, 1988.
6. Бережков В. М. Тегеран. М, 1943.
7. Бережков В. М. Потсдамға жеткізген жол. А, Қазақстан 1982.