Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Жаратылыстану ғылымдары

Тип: Реферат

Объем: 4 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Домбыра үйрену тарихы

Домбыраның негізгі репертуары күй болғандықтан, сол күйлердің тарихы біздің көзімізді біршама нәрсеге жеткізді.
Ұлы түріктер заманында «Тәңірінің 366 күйін» қаған алдында қандай аспаппен тартқаны біздің ғылымда әлі белгісіз. Дегенмен ғылыми болжам жасап көрсек, күйлер негізінен қобыз аспабымен тартылған деп түсінуге болады. Басқа да музыка аспаптарымен тартылуы әбден мүмкін. Енді көне тарихи деректердің кейбіреуін атап өтейік.

Күй үйрену тәсілдерінің өте ерте заманда-ақ қалыптасқанын көрсететін айғақтардың бірі, домбыра тарту шеберлігіне тән атаулардың лексикалық мағынасының болуы. Қағыстардың сан түрлі атаулары, саусақ басу тәртібі, пернелердің атаулары, күй тарту шеберлігіне қатысты атаулардың түр-түрі жиі кездеседі.
Домбыра үйренудің кейбір бағыт бағдарына тоқтала отырып, қазіргі таңда, күй үйренудің екі үлкен дәстүрлік сипатына аса мән беріп қастерлеп үйренуіміз керек. Мұның өзі ғасырлардан бері келе жатқан бай тәжірибеге сүйене отырып, халықтық педагогиканың бір саласы күй үйренумен ұштастыра білуіміз керек.