Қазіргі даму кезеңіндегі Қазақстан Республикасының Конституциясы: 1993 – 1995 сабақтастығы мен айырмашылығы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Конституция – мемлекеттің Ата Заңы: қалыптасуы мен дамуы 7
1.1 Конституция – мемлекеттің Негізгі заңы: ұғымы мен мәні 7
1.2 Қазақстан Республикасы Конституциясының даму тарихы 11
1.3 ҚР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы мен мемлекеттің тәуелсіздігі туралы Констиуциялық Заңы 15
2 ҚР-ның 1993 жылғы және 1995 жылғы Конституциясын салыстырмалы талдау: сабақтастығы мен айырмашылығы 24
2.1 Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясының мазмұны 29
2.2 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы 27
3 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік нысаны 47
3.1 Қазақстан Республикасының Президенті 47
3.2 Қазақстан Республикасының Парламенті 54
3.3 Қазақстан Республикасының Үкіметі - атқарушы биліктің жоғарғы органы 59
ҚОРЫТЫНДЫ 62
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 68
КІРІСПЕ
Кез келген ғылыми проблеманың, қоғамдық құбылыстың мазмұнын жан-жақты, түбегейлі ашып көрсетудің бірден-бір әдісі оның - өткен жолын барынша таразылау болып табылады. Қазақстан халқы үшін, әсіресе сан ғасырлар бойы әр түрлі тарихи кезеңнің құқықтық жағдайын жетік зерттеудің ғылыми – танымдық маңызы ерекше. Бұл үшін, тарихи ақиқата көз жеткізу, қазіргі ұлттық мемлекетіміздің шынайы тәуелсіздікке бет бұрған кезде халқымыздың тарихи зердесін, танымын жаңартып, оның елдігін, ерлігін, тиімділігін паш ететін мұраларды зерттеу – азаматтық парыз.
1 Конституция – мемлекеттің Ата Заңы: қалыптасуы мен дамуы
1.1 Конституция – мемлекеттің Негізгі заңы: ұғымы мен мәні
Тарихқа көз жүгіртіп қарасақ, Конституция ұғымы ерте заманда сонау Грецияда Аристотель қалыптастырған болатын. Ол кезде «Конституция» деген сөз «саяси құрылыс» ұғымын білдіретін. XVII ғасырда Францияда бұл сөз рентаны, рента шартын бейнелейді. Мұнан соң көне грекше ұғымға қайта оралып, бұл атаусыз құқықпен бейнеленетін құрылым мағынасына ие болды. Ұлы француз төңкерісі қарсаңында «Конституция» атау сөзі (латының constitutio – бекіту, орнату деген сөз). Рим империясы заңдарында императорлардың құқық көздеріне айналған түрлі нұсқаулары мен жарлықтарын білдірді. Орта ғасырларда феодалдық еркіндік туралы құжаттар осылай атала бастады.
1.2 Қазақстан Республикасы Конституциясының даму тарихы
Аталған мәселенің өзегін ашпастан бұрын жалпы конституциялардың нысаны (формасы) мен құрылымына тоқталғанымыз дұрыстау шығар. Заң әдебиеттері мен оқулықтарында көрсетілгендей, конституцияның нысаны – бұл конституцияның нысаны, алдымен оның бір немесе бірнеше нормативтік актілерден тұратындығымен анықталады.
1.3 ҚР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы мен мемлекеттің тәуелсіздігі туралы Констиуциялық Заңы
1990-1993 жылдар арасында Республика тарихында аса маңызды саяси сипаты бар құбылыстар орын алды. КСРО ның тарап, оның негізінде Тәуелсіз Мемлекетер Достастығының құрылуы Қазақстан мемлекетінің дамуының келесі бір белесі еді. Егемендік алу жағдайында қалыптасқан саяси ахуалдан туындаған жаңа нормативтік құжат қабылдау қажеттігі өзекті мәселелердің бірі болды.
Қазақстанның ең жаңа тарихындағы айтулы кезең болған маңызды екі күн – 1990 жылы 25 қазанда «Мемлекеттік егемендік туралы Декларация», 1991 жылы 16 желтоқсанда 12-ші шақырылған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы қабылданған болатын.
2 Қазақстан республикасының 1993 жылығы және 1995 жылғы Ата Заңын салыстырмалы талдау: сабақтастығы мен айырмашылығы
2.1 Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясының мазмұны
Еліміздің жаңа Конституциясы туралы мәселені көтерудің басты себебі – ол еліміздегі болып жатқан қоғамдық және мемлекеттік өмірдегі оң елеулі өзгерістердің салдарынан Республиканың қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаттарын баянды ету. Бәрімізге мәлім болғандай, КСРО-ның күйреп, саяси аренадан кетуі, сөйтіп, барлық, бұрынғы социалистік республикалардың орнына енді өз алдына тәуелсіз мемлекеттерге айналуы заңды процесс.
2.2 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы бүкілхалықтық дауыс беру (референдум) арқылы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Ата заң қабылданған күн демалыс мемлекеттік мереке Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланды. Ата заңды қабылдау әдісінің орасан зор маңызы бар. Өйткені, оның мазмұнын сайлаушылар көпшіліктің қатысуымен мақұлдады. Жас мемлекетіміздің он бес жылдық тарихын ой елегінен өткізе келе, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң, ұлттық валютамыздың, жеке меншік институтының енгізілуі, ядролық сынақ полигонының жабылып, қазақстанның Атом қаруынсыз елге айналуы, Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуы, Елорданың Арқа төсіне көшірілуі секілді маңызды оқиғалармен бір сапта 1995 жылы қабылданған Ата Заңның тағдырлы сипаты бар.
3 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік нысаны
3.1 Қазақстан Республикасының Президенті
Мемлекеттің және атқарушы биліктің басшысы ретінде Президент лауазымы бірінші рет Америка Құрама Штаттарында пайда болды. Қазіргі кезде көптеген елдерде ел Президенті қызметі орнықтырылды. Президенттік қазіргі танда Еуропаның, Азияның, Африканың, Американың көптеген елдерінің саяси жүйесінің элементі болып табылады.
Президенттік институты президенттік, сондай-ақ парламенттік басқару республикаларында құрылып, қызмет етуде. Парламенттік басқару жүйесі кезінде ел басшысы қызметін Президент атқарады, ал нақты атқарушылық билік Парламент алдында есеп беретін Үкіметтің қолында болады.
3.2 Қазақстан Республикасының Парламенті
Парламент Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңес деп аталған «бір буынды» өкілетті органының орнына келді. Жоғарғы Кеңес жоғары өкілді орган ретінде 1937 жылғы ҚСР Конституциясымен белгіленді. Қазақ КСР-ның 1978 жылғы Кон-ституциясы да Жоғарғы Кеңесті мемлекеттік биліктің жоғары органы ретінде таныды. Ол КСРО Конституциясы мен Қазақ КСР Конституциясында көрсетілген республика құзырындағы барлық мәселелерді шешуге құқылы болды. Басқаша айтқанда, Жоғарғы Кеңес еліміздің мемлекеттік өміріндегі барлық мәселелерді шешу құқығын иеленеді. Жоғары өкілді органның бірыңғай билігінің мәні, міне, осында. Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі Парламенттей болмады, өйткені онда билік бөлісу және тұрақты жұмыс істейтін жоғары өкілді органдар болған жоқ.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң мемлекеттік билікті заң шығару, атқару және сот тармақтарына бөлу принципін жариялады. Осының нәтижесінде Парламент және парламентаризм құруға қарай маңызды бір қадам жасалды [23, 175 б.].
3.3 Қазақстан Республикасының Үкіметі - атқарушы биліктің жоғарғы органы
Қазақстан Республикасының Үкімет атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігінің жоғары органы болып табылады. Мұндай анықтама Қазақстан Республикасы Үкіметінің зандық табиғатын ашады, мемлекеттік билікті бөлісу жүйесіндегі орнын көрсетеді және оның қызмет сипатын бағалайды. Барлық атқарушы органдарды басқаратын, олардың қызметіне басшылық жасайтын жоғары атқарушы орган ретінде ол елде мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік биліктің жеке тармағы болып табылады және мемлекеттің атқарушы билігін бейнелейді. Сондықтан Конституция Үкіметтің мемлекеттік билік жүйесіндегі орнын анықтайды, биліктің басқа тармақтарымен өзара қарым-қатынасының нормативтік негіздерін белгілейді. Конституция Үкімет пен Парламенттің, Үкімет пен Президенттің өзара қарым-қатынасын анықтап, тежемелік және тепе-теңдік механизмін белгілейді [26, 135 б.].
ҚОРЫТЫНДЫ
Ежелгі қазақ даласында конституциялық заманның қалыптасуы белгілі бір идеялар мен принциптер арқылы айқындала отырып, нақты тарихи кезеңдерді қамтиды. Мұның өзі, сайып келгенде, ұлттардың өзін-өзі еркін билеу принципімен қоса егеменді дербес мемлекет құру мәселесімен жалғасатындығын тарих беттері дәлелдеп берді. Бұл мәселелердің ауырлық салмақтығын, зілділігін кезінде қазақ халқы өз басынан кешіргендігін өмір тарихы сан рет куәгер болғандығына ешкімде күмәнданбас.