Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің басыңқы сыңарының лексика-грамматикалық құрылымы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Сөз тіркесінің компоненттерi, лексика-грамматикалық қатынастары 8
1.1 Сөз тіркесінің құрылымдық сипаты 8
1.2 Есімді сөз тіркестерінің грамматикалық құрылымы 17
1.3 Етістікті сөз тіркестерінің грамматикалық құрылымы 26
2 Көркем шығармадағы сөз тіркестерінің басыңқы сыңарларының танымдық мәні 33
2.1 Концепт – когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы 33
2.2 Б.Соқпақбаев шығармаларының басыңқы сыңарлы сөз тіркестері арқылы берілген танымдық мән 40
2.3 Ғаламның тілдік бейнесінің басыңқы сыңарлы сөз тіркестеріндегі көрінісі 44
2.4 Поэзия тілінің синтаксистік құрылымы 49
ҚОРЫТЫНДЫ 57
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 60
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. ХХІ ғасырдың ерекшілігі ғаламдану үдерісі кезеңіндегі өзгерістердің тіл дамуына ықпалын тигізумен айқындалады. Бұл – өмір талабы мен заңдылығы.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше құрал. Сондықтан да біз оны халықтар арасындағы достықтың бастауы, олардың ынтымақтастығы мен береке-бірлігінің тірегі ретінде қастер тұтамыз», – деп тілдің қоғамда атқаратын қызметінің ауқымына баса мән бергені белгілі.
1 Сөз тіркесінің компоненттерi, лексика-грамматикалық қатынастары
1.1 Сөз тіркесінің құрылымдық сипаты
Жаратылыстағы, қоғамдағы әрбір құбылыстың өз сыры, өз заңдылықтары болады. Қоғамдық құбылысқа жататын тілдің де терең сыры бар. Тілдің даму, өмір сүру заңдылықтарын айқындау үшін оның құрамына енетін басты-басты бөлшектерінің табиғатын түсіну керек.
Тіл - қарым-қатынас жасаудың мықты құралы. Сол қызметін атқаруда ол жеке формалардан құралған, жалпыға ортақ жеке сөздерге негізделген сөйлеу тәсілдерін керек етеді. Сондай ойды айтудың (сөйлеудің) ең басты тәсілі – сөйлем.
Кісі сөйлем арқылы біршама аяқталған ойын айтуға жеке сөздерді қатынастырады. Сөздер адамдардың айналасындағы объективті шындықты тануының сана-сезіміне түскен сәулесі ретінде сөйлем құраудың материалы, ойлау процесінің тірегі болып есептеледі. Сөздер сөйлем құрамында жұмсалу үшін өзара әрі мағыналық, әрі синтаксистік байланыста айтылады да, белгілі қарым-қатынасқа енеді.
1.2 Есімді сөз тіркестерінің грамматикалық құрылымы
Орын тәртібі арқылы байланысатын синтаксистік байланыс формасының бірі – қабысу. Яғни, қабыса байланысқан сөз тіркестерінің сыңарлары бір-бірімен ешқандай жалғаусыз, іргелес, қатар тұруы арқылы байланысады. Профессор Маулен Балақаев қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары қызметінде зат есім, сын есім, сан есім, сілтеу есімдігі, үстеулердің, ал бағыныңқы сыңарында негізінен зат есім, субстантивтенген сын есім, сан есімдердің жұмсалатындығын айтады [10, 48] Мұндайда бағыныңқы сыңардағы есімдер басыңқы сыңардағы зат есім, субстантивтенген сын есім, сан есімдерді анықтап, яғни анықтауыштық қатынаста байланысады.
1.3 Етістікті сөз тіркестерінің грамматикалық құрылымы
Етістіктер сөз тіркестерінің түрлерін айқындауда басты рөл атқарады. Сөз тіркесін құрауда және сөйлемді тиянақтауда сөздер 3 түрлі формада жұмсалатындығын профессор Т.Сайрамбаев өз еңбегінде атап көрсетеді [23, 153 б.]. Сөз тіркестерінің ұйытқы сыңары етістіктің көсемше, есімше тұлғаларымен қатар, жақсы оқып, жақсы оқыған, ашық рай тұлғасы да ол жақсы оқыды сөз тіркесін ұйымдастырушы деп танылуға тиіс. Өйткені етістіктер қандай тұлғада келмесін бәрібір сөз тіркесін құрайды.
2 Көркем шығармадағы сөз тіркестерінің басыңқы сыңарларының танымдық мәні
2.1 Концепт – когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы
Концепт терминінің мағынасы – өте терең. Концепт туралы ғалымдар ойы – әртүрлі. Кейбір ғалымдар оны термин ретінде қарастырса (В.И.Карасик, С.А.Аскольдов), енді біреулері (Д.С.Лихачев, В.Т.Москвин) ұғыммен теңестіреді. Концепт негізінде адам білсем, көрсем, сезінсем деген оймен білім аясын жан-жақты кеңейте түседі. Зерттеп, зерделеген сайын тіл бірліктерінің мәнін ашып, соған көзін жеткізе түседі. Әсер ету күшін Б.А.Ларин концептіні тілдік тұлғаның танымдық деңгейлерінің басты бөлшегі ретінде танып, ғаламның тілдік моделін беруші ұжымдық сананың қозғалысын анықтаушы бірлік екендігін көрсетеді [23, 20].
Когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы – концепт бірнеше түрге бөлінеді. В.А.Маслова концептіні жеке тұлғалық концептілер, адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты концептілер, жалпыұлттық концептілер деп таратады [24, 12].
2.2 Б.Соқпақбаев шығармаларының басыңқы сыңарлы сөз тіркестері арқылы берілген танымдық мән
Ж.Манкеева ұлттың рухани дүниесі, сонымен сабақтас қалыптасқан материалдық өндіріс пен тұрмыс күйі әркімнің жеке басының жағдайына байланысты, тұрмыстық, дүниетанымдық жағдайына байланысты қалыптасқан жалпыхалықтық құбылыс екендігін анықтайды. Ұлттық мәдени лексиканың ұлттық психологиямен, ұлттық дүниетаныммен тығыз байланысты екендігін таныта отырып, ғалым тіл арқылы ұлттық болмысты зерделейді.
2.3 Ғаламның тілдік бейнесінің басыңқы сыңарлы сөз тіркестеріндегі көрінісі
М.Балақаев ортақ басыңқы сыңар жөнінде құнды пікір айта отырып, оны ортақ меңгерумен дәлелдеп берді. Ортақ меңгеру осыдан кейін оқулықтардан да орын ала бастады. Меңгерілетін сөз етістік, есім не бұл екеуінің ортақтасқан тобы бола алады: айтуға тілім жетпейді, маған күлкі емес т.б. Сонымен бірге профессор Т.Сайрамбаев та ортақ басыңқы сыңар жөнінде зерттеп, пікір айтып, арнаулы жоғарғы оқу орындарында ортақ басыңқының оқытылуына жол салды. Ортақ меңгеру, ортақ матасу, ортақ қабысуды бағдарламаға енгізе отырып, «ортақ басыңқы» түрлерінің болатындығына, ондай кездегі сөз таптарының арақатынасын нақты деректермен дәйектейді.
2.4 Поэзия тілінің синтаксистік құрылымы
Синтаксис – грамматиканың негізгі саласының бірі. Қай тілдің болса да синтаксистік құрылысы -сөз тіркесі мен сөйлем. Өлеңді сөйлемдерді талдауда оның өзіне тән заңдары ескерілу қажет. Тілімізде поэзия тілінің синтаксистік құрылысын танып-білуде Р.Сыздықтың өлеңнің синтаксистік құрылысының ерекшеліктерін талдауға арналған еңбегінің маңызы зор. Сонымен бірге өлең мәтінің синтаксистік ерекшелегіне қатысты А.Таусоғарова және өлеңнің семантикалық-құрылымдық сипаттамасына қатысты С.Жусанбаева зерттеулері бұл бағыттың дамуына үлесін қосты. Р.Сыздық “...өлең тілінің синтаксисін танып-білуде жалпы өлең табиғатына сай барлық тілге ортақ ортақ факторлармен қатар, өлеңнің әр тілдегі ұлттық ерекшелігін қоса тауып, талдауға мәжбүрміз.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жұмысты қорытындылай келе, тіл - қарым-қатынас жасаудың мықты құралы. Сол қызметін атқаруда ол жеке формалардан құралған, жалпыға ортақ жеке сөздерге негізделген сөйлеу тәсілдерін керек етеді. Кісі сөйлем арқылы біршама аяқталған ойын айтуға жеке сөздерді қатынастырады. Сөздер адамдардың айналасындағы объективті шындықты тануының сана-сезіміне түскен сәулесі ретінде сөйлем құраудың материалы, ойлау процесінің тірегі болып есептеледі. Сөздер сөйлем құрамында жұмсалу үшін өз ара әрі мағыналық, әрі синтаксистік байланыста айтылады да, белгілі қарым-қатынасқа енеді.