Төл сөздердің құрылымдық ерекшеліктері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 Төл сөз жайында жалпы түсінік 7
1.1 Төл сөз бен төлеу сөздің арасындағы бірсыпыра өзгешеліктері 12
1.2 Қазақ тіліндегі диктант жұмысын дұрыс жаздыру формасы 16
1.3 Төл сөздердің ішіндегі салалас, сабақтас түрлері 20
2 Төл сөздердің құрылымдық ерекшеліктері 22
2.1 Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары 31
2.2 Төл сөз және автор сөзінің арасындағы кездесетін қиыншылықтар туралы мәлімет 36
2.3 Әңгімедегі төл сөзбен жұмыс істеуі 40
3 Төл сөз зерттеу барысындағы нәтижелері 49
3.1 Ортақ төл сөз табиғаты – кейіпкер мінезі туралы ақпарат 49
3.2 Концептуалдық – ұғымдық аппаратының терминологиялық синонимия құбылысындағы таңба мәселесі 52
3.3 Қазақ тіл білімінде уәж, уәжділік мәселелері туралы ұғым 57
ҚОРЫТЫНДЫ 62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 64
КІРІСПЕ
Қазақ тіл білімінде синтаксис саласының ғылыми мәселелері Т. Қордабаев, С. М. Исаев, Ш. К. Бектұров, Қ. Жұбанов, Ж. Аймауытұлы, Х. Досмұхамедұлы, Қ. Кемеңгерұлы, С. Жиенбаев, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, М. Балақаев, С. Талжанов, Ә. Сатыбалдиев, Ә. Қайдаров, С. Исаев, Ш. Сарыбаев, Б. Қалиев, Ө. Айтбайұлы, Ш. Құрманбайұлы және т.б. ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылған. Атап айтқанда, қазақ синтаксисі ғылымының тұтас тарихы, терминдік жүйе мен терминжасамның теориялық мәселелері академик Ө. Айтбайұлының ғылыми еңбектерінде жасалса, төл сөзді зерттеп, оның теориялық мәнін, мазмұнын анықтауда Т. Қордабаев пен М. Балақаевтың («Қазіргі қазақ тілі гармматикасы. Синтаксис», 1971), С. Аманжоловтың («Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы»,1994), Ш. Құрманбайұлының («Қазақ тілі лексикасының терминденуі», 1999) монографиялық зерттеулерін, салалық терминологияға қатысты А. Исанованың, С. Әлісжановтың, Ш. Біләловтың, С. Исақованың, Г. Ақшалованың, А. Қоңырованың, Ж. Молдажаровтың және т.б. ғылыми еңбектерін атауға болады.
1 Төл сөз жайында жалпы түсінік
Қазақ тілі білімінде қалыптасқандәстүр бойынша төл сөз деп жазушының я сөйлеушінің сөздігі жағынан болсын, гармматикалық формалары жағынан болсын ешқандай өзгеріссіз, бұлжытпай алып, өз ішінде қолданған біреудің сөзін айтамыз.
Біз бұл арада қалыптасқан атауды өзгеріссіз қолдана отырмыз. Шындығында. «төл сөз» деген грамматикалық атау бұл арада өзінің мазмұнына сай қолданылмаған. «Төл» деген сөз «меншікті», «тән» деген мағынаны білдіреді және осы сөздермен синонимдес. Ал сөйлеушінің я жазушының өз сөзі ішінде келтірген басқа біреудің сөзі оған, яғни авторға, төл сөз бола алмайды, қайта керісінше, ол бөгде сөз болады.
1.1 Төл сөз бен төлеу сөздің арасындағы бірсыпыра өзгешеліктері
Жазушы, сөйлеуші адам біреудің сөзін, пікірін пайдалғаннан, оны, жоғарыда айтылғандай, әрдайым ешқандай өзгеріссіз, бұджытпай келтіріп отырмайды. Кейде оны азды – көпті болса да өзгертіп, өз тарапына сөздер, қосымшалар қлоысп, кейбір сөздерін алып тастап, грамматикалық кейбір формаларын өзгертіп пайдаланады. Мысалы:
- Мен басалқы айтқалы келгенім жоқ, шақырған соң келді. Ағат кеткен жерім болса, ойланайын, сіздер де ойланыңыздар. Ой мен ел ешкімнің еншісіне берілмеген. Әркімнің – ақ, «ойым» деуге, «елім» деуге хақы бар, - деді де, Аман орнынан тұрып жүре берді.
Осы сөйлемдегі Аманның сөзі болып тұорған төл сөзді төлеу сөзге былайша айландырып айтуға болар еді:
1.2 Қазақ тіліндегі диктант жұмысын дұрыс жаздыру формасы
Қазақ тіліндегі диктант жұмысын бұрнағы жылдары тек мектепте ғана кездестірсек, енді ол жоғары оқу орындарынлдағы біршама қазақ бөлімдерінің қабылдау емтиханы кезінде де жаздырылатын болып, қолданылу ауқымы кеңейе түсті. Осы уақытқа дейін оыс бір тілге деген қажеттілікті танытатын жұмыстың өктемдікте өмір сүрген орыс тілінде ғана болып келгендігі бәрімізге белгілі. Қазақ елінің, яғни Қазақстанның нақты тәуелсіздігі арқылы қазақ тілінің де тәуелсіздігі айқындалмақ.
1.3 Төл сөздердің ішіндегі салалас, сабақтас түрлері
Төл сөздердің ішінде кейде салалас түрі де, сабақтас түрі де кездеседі. Бірақ сол салалас, сабақтас сөйлемдерді «де» етістігі байланыстырады. Сол «де» етістігінің байланыстыруының арқасында төл сөйлемдердің ішіндегі салалас, сабақтас сөйлем бір сөйлем ретінде айтылады да, кейде өздерінің жеке – жеке жігі білініп тұрады. Бұған мысал келтірейік: «Артта келе жатыр, қазір жетеді», - деп еді, кенет әлдебір ұмытқаны есіне түсіп, Гогоедзе Скориковты жұлмалай бастады.
2 Төл сөздердің құрылымдық ерекшеліктері
Сөйлеуші тек өзі ғана сөйлей бермей, өз сөзінің ішінде басқа біреудің де айтқанын, сөйлегенін келтіреді. Мысалы: Балаларға онша иланбай, қарттың сұрағыштай бергенін байқап, артта Сәтенмен әңгімелесіп келе жатқан Байсал:Жақа, біздің балалар қолға алса, іс осылай тез бітеді, - дейді ол. «Ғылым тапай, мақтанба», - дейді Абай.
Алғашқы мысалда сөйлеуші өз сөзінің ішінде Байсалдың Жақаңа айтқан сөзін келтірсе (Жақа, біздің балалар қолға алса, іс осылай тез бітеді), соңғы мысалда Абайдың айтқан ақын сөзін (Ғылым таппай, мақтанба) келтірген.
2.1 Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары
Біреудің сөзінің автор тарапынан өзгеріске ұшырап берілуін төлеу сөз дейміз.
Біреудің сөзі төлеу сөз түрінде берілгенде, бастапқы сөйлемдік қасиеті жойылып, автор сөзімен тұтасып айтылады. Мысалы: Жолаушы бала Украинаның астанасы Киев қаласынан шығып, Рузаев ауданының «Бірлік» ұжымшарында тұратын комбайншы ағасына қонаққа келе жатқанын айтты. Бұл сөйлемдегі төлеу сөз – Украинаның астанасы Киев қаласынан шығып, Рузаев ауданының «Бірлік» ұжымшарында тұратын комбайншы ағасына қонаққа келе жатқанын; автор сөзі – Жолаушы бала... айтты. егер төлеу сөзді төл сөзге айналдырсақ, былай болар еді:
2.2 Төл сөз және автор сөзінің арасындағы кездесетін қиыншылықтар туралы мәлімет
Ендігі ерекше әңгіме болатын нәрсе – төл сөз және автор сөзі.
Бірінші, төл сөз, екінші, төлеу сөз, үшінші – автор сөзі (бөгде сөз). Бұл төл сөз, төлеу сөз, автор сөзі деген синтаксистің ең бір күрделі бөлімі болып саналады. Сондықтан да бұл мәселе өз алдына жеке айтылуы да қажет. Мектеп грамматикаларының бұл ең соңында айтылады. Ал тіпті ғылыми грамматикаларда, орыс тілінің өзінде де бұған ерекше тоқталады. Орыс тілінде төл сөзге, төлеу сөзге байланысты толып жатқан еңбектер бар.
2.3 Әңгімедегі төл сөзбен жұмыс істеуі
Төл сөзбен жұмыс істеу – автоордың мәтінін тыңдаушысчына жеткізуде және оны меңгеруде маңызды, процестердің бірі болып табылады. Төл сөз шығармада қандай күйде берілгеніне қарамастан, онымен жұмыс барысы автор сөзін меңгеру принциптермен сабақтасып жатады.
Мәтіннің идеялық мазмұнын түсіну, әңгіменің бүкіл ішкі жүйесін меңгеру, автордың ойын анық жеткізуге ұмтылу, кейіпкердің іс - әрекеті мен сөздердің мағынасы, оқиғаға және кейіпкерлерге қарым – қатынасын білдіру, олардың іс - әрекетіне және сөздеріне көңіл бөлу – мұның бәрі төл сөзбен жұмыс істеу барысындағы ең негізгілері болып табылады.
3 Төл сөз зерттеу барысындағы нәтижелері
3.1 Ортақ төл сөз табиғаты – кейіпкер мінезі туралы ақпарат
Кейіпкер мінезін берудегі тілдік – стильдік тәсілдердің бірі – ортақ төл сөз. Бұл кейіпкердің ішкі әлемін ашуда, сезімін, психикалық жай – күйін шынайы суреттеуде ұтымды тәсіл болып табылады.
Ол жайында доцент Х. Кәрімов былай дейді: «Қос үнді сөз – қаһарманның жан – дүниесіне, ой – сезіміне, көңіл – күйіне терең барлау жасап, оны толық ашудағы үйлесімді де үнемді амалы. Ол кейіпкердің ойы мен сезім динамикасын, не ойлап, не айтқанының эмоциясын бейнелі түрде жеткізіп, кейіпкер мінезінің терең ашгылуына жәрдемдеседі».
Ортақ төл сөз табиғаты шет ел және орыс лингвистикасында мейлінше мол зерттелген. Жалпы, бұл баяндай тәсілінің атауы шет ел лингвистикасында бірден қалыптасқан жоқ. Неміс әдебиетіндегі ортақ төл сөзді зерттегн ғалым Е. Я. Кусько өз еңбегінде осы тәсілге қатысты тілде бірнеше атаулар (терминдер) қолданылғанын айтады.
3.2 Концептуалдық – ұғымдық аппаратының терминологиялық синонимия құбылысындағы таңба мәселесі
Қазіргі таңда кез келген ғылым саласының концептуалдық-ұғымдық аппаратының басты мәселесі терминологиялық синонимия құбылысы болып табылады. Бұл мәселе мынадай сұрақтардан тұрады: синонимдік терминдерге стилистикалық қарама-қарсылық қасиеті тән болып табыла ма; терминологиялық дублеттілікті қалай түсіндіруге болады; синонимдер қатарына қандай терминдерді жатқызуға болады және т.б.
3.3 Қазақ тіл білімінде уәж, уәжділік мәселелері туралы ұғым
Қазіргі таңда қазақ тіл білімінде уәж, уәжділік мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп жүр. Соңғы бес-он жыл көлемінде лексикалық, терминдік бірліктерді, тілдік құбылыстар мен үрдістерді уәж, уәжділік ерекшеліктері тұрғысынан қарастыратын лингвистикалық зерттеудің арнаулы саласы – уәжтану ғылымы қарқындап дами бастады.
ҚОРЫТЫНДЫ
1. Зерттеу барысында қазақ тілінің синтаксис саласындағы ерекше төл сөз ретінде орын алатын тілдік терминдері тек тілдік тұрғыдан ғана емес, когнициямен байланысты зерттеліп, олардың синтаксис қырлары когнитивтік стилистика аясында концептологиялық қасиеттерінің анықталуы арқылы және «ғаламның тілдік бейнесі» теориясына сай когнитивтік негізде кешенді түрде анықтала алатындығы айқындалды.