Жәнібеков – қазақ мәдениетін зерттеуші
Мазмұны
Кіріспе 5
1 Өзбекәлі Жәнібековтың өмір жолы 12
1.1 Ө. Жәнібековтың туып-өскен ортасы және үлкен өмірдің алғашқы қадамдары 12
1.2 Жәнібеков ғұмырының негізгі кезеңдері 20
2 Мемлекеттік қызметі 27
2.1 Жәнібековтың Торғай облысындағы қызметі 27
2.2 Өзбекәлі Жәнібеков – қоғам қайраткері 34
3 Жәнібеков – қазақ мәдениетін зерттеуші 44
3.1 Жәнібековтың ғылыми зерттеу еңбектері 44
3.2 Өзбекәлі Жәнібеков – ұлттық мұра жанашыры 52
Қорытынды 58
Сілтемелер 60
Қосымша А 65
Қосымша Ә 66
Кіріспе
Біздің диплом жұмысымыздың тақырыбына қазақтың біртуар азаматы Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі, мемлекеттік және қоғамдық қызметі, қазақ өнері мен мәдениетін зерттеуіне қатысты еңбектері арқау болды. Есімі елге түрлі билік лауазымдарымен ғана емес, халыққа сіңірген ерен еңбегімен, ұлт үшін атқарған ұлы істерімен етене таныс Өзбекәлі Жәнібекұлы түрлі шенді қызметтерді атқара жүріп, қазақ халқының небір жауһарларын жинап, олардың көзден таса болмауына бар мүмкіндікті жасап бақты. ХХ ғасырда қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін қайта түлетіп, елі үшін аянбай еңбек еткен тарихи түлғалардың бірі – Өзбекәлі Жәнібек.
1 Өзбекәлі Жәнібековтың өмір жолы
1.1 Ө. Жәнібековтың туып-өскен ортасы және үлкен өмірдің алғашқы қадамдары
Өзбекәлі Жәнібеков 1931 жылдың 28 тамызында Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданына қарайтын ескі қоныстардың бірі Сарықамыста дүниеге келген.[11] Нәрестеге ауылдағы ең қадірменді көнекөз қарт Өзбек ақсақалдың құрметіне «Өзбекәлі» деп ат қояды. Әкесі – Жәнібек Құдиярұлы, анасы – Қаныша Томашқызы қазақ ауылдары ұжымдасқанға дейін малы онша көп бола қоймаған соң, диқаншылықпен айналысқан. Өзбекәлі туған соң, көп ұзамай әкесі қайтыс болады да, анасын жақын туысқандарының бірі – Серім Сейітбекұлына әмеңгерлік жолмен қосады. 1938 жылы Өзбекәлі мектепке оқуға барады. Сабаққа зерек болған оған әпкесі Мәдиненің де ықпалы болады. Оқыған кітаптарының мазмұнын, неше түрлі ертегі-әңгімелер айтып беріп, дәптерлерін қарап, жалпы дұрыс оқуына көмектесетін. Бірақ, келесі жылы ол қайтыс болады.
1.2 Жәнібеков ғұмырының негізгі кезеңдері
Ө.Жәнібековтың Оңтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінде әуелде хатшы, кейіннен бірінші хатшы болып қызмет істеген кезі 50-жылдарда өрістей бастаған комсомол ұйымдарындағы ынталылық пен іскерлікті дамыту қозғалысымен тұстас келген еді. Негізгі гәп жастарды нақтылы істерде тәрбиелеуде, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыра түсуде болатын. Бұл әрбір комсомол ұйымында үлкенді-кішілі игілікті істер болуын қамтамасыз еткенде ғана нәтижелі болатын бағыт еді. Мұны әсіресе 1957 жылы Жастар мен студенттердің Мәскеуде өтетін дүниежүзілік фестиваліне дайындық үстінде жастар арасында кеңінен дамыған шығармашыл ой мен іскерліктен көруге болатын еді. Мейірбанды хабарлар облыстың тұс-тұсынан келіп жатты. Олар көбіне мынадай мазмұнда болатын: Ауылда фестиваль өткізілді; жастар клубы ашылды; ардагерлермен кездестік; саябақ отырғыздық; Ташкент облысымен шекарада достық кездесу болды; спорт мектебі жұмыс істей бастады; кітап дүкенін аштық; фестиваль қорына қаржы бөлдік; соғыстан қайтпағандарға ескерткіш орнаттық; балалар үйіне сыйлық тапсырдық; тағысын тағылар.
2 Мемлекеттік қызметі
2.1 Жәнібековтың Торғай облысындағы қызметі
Әр ғасырда халқының, елінің жоғын жоқтап, өшкенін өркендетіп, барын жарқыратып айдай әлемге паш ететін аяулы да ардақты біртуар азаматтары болған, бола да бермек. Өз ғұмырында қазақ деген халықтың ұмыт болған, жырақтай бастаған асыл қасиеттерін – салт-дәстүрін, мәдениеті мен өнерін қайта тірілтуге бар үміт-жігерін, ақыл-парасатын жұмсаған сондай сирек тұлғалардың бірі, бірі ғана емес бірегейі Өзағаң - Өзбекәлі Жәнібеков десек әсте қателеспейміз ғой деп ойлаймын. Олай деуімізге дәйек те, себеп те бар. Өзағаңды жалпақ ұлыс, дүйім жұртқа танытқан, танытып қана қоймай табындырған барша құрметке бөлеген табиғатынан тал бойына дарыған ұлтжандылығы, оның барлық болмыс бітіміне адалдығы болса керек.
Ұлты, ұлтының асыл қасиеттерін сүю – адамгершіліктің асқар шыңы. Сол биіктен көріну екінің бірінің бағына бітпеген, маңдайына жазбаған. Тек Өзағаң сияқты өрелі де өнегелі, өр кеуделі, өнерлі бекзаттарға тән қасиет. Мұндай қасиет кез-келген пенденің басына қона да қоймайды. Ол да тыңдап, талғап, барып қонақтайды. Арыстанбабтай киелі де қасиетті, әулие де аруақты топырақтың төл перзенті бабалар аманатына, аруағына адалдығын бұл пәниден өткенінше серік етті.
2.2 Өзбекәлі Жәнібеков – қоғам қайраткері
Қазақ халқының төл мәдениеті байырғы замандардан тамырын терең жайып келеді. Қаншама қиын қыстау кезеңдерден аман қалған салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыз, жалпылап айтсақ, ұлттық қазынамыз кеңестік заман орнағанда тағы да тығырыққа тірелгендей күй кешті. Ұлтсыздандыру саясаты қалай да болса, жеке ұлттардың мәдениеттерін жоққа шығаруға тырысты. Осы орайда, көзге көрінбейтін ұлт үшін ұлы күрес жүрді десек артық айтқандық емес. Сол ұлы күрестің ортасында қазақтың мүддесін қорғап, барынан, рухани байлығынан айрылмаудың амалын жасаған екі адам болса – бірі, бір адам болса – нақ соның өзі деп Өзбекәлі Жәнібековты айтқан болар едік. Сөзімізді бірден сенімді түрде жүйелеуімізге қолға тиген барлық материалдар себепші болды. Өзағаңның жүргізген зерттеулері мен жазған еңбектеріне кейінірек және кеңірек тоқталатын боламыз. Алдымен, оның қоғам қайраткері ретінде ұлт үшін жасаған ұлағатты істеріне тоқталып өтейік.
Өзбекәлі Жәнібеков мәдениет министрінің орынбасары болып тағайындалғанда, өзара қызмет бөліскенде оған мынадай міндеттер жүктеледі:
3 Жәнібеков – қазақ мәдениетін зерттеуші
3.1 Жәнібековтың ғылыми зерттеу еңбектері
«Қазақтың рухани мәдениетінің зерттелу тарихы пәлен уақыттан басталды», - деп кесіп айту қиын. Халық мәдениеті қаншалықты көне болса, оның зерттелу тарихы да соншалықты тереңге тамыр жаяды. Біздің ата-бабаларымыз басынан небір қилы кезеңдерді өткізсе де, ұлттық құндылықтарын сандықтарына салып, шүберектеріне түйіп, атадан-балаға мирас етіп, кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған.
Міне, бүгінгі танда халқымыздың өткен тарихын, мәдени мұраларын саралауға жол ашылды. Халқымыздың мәдени, рухани өмірінде орны ерек, қазақ халқының ұлттық мәдениетінің, ана тілінің, дәстүрі мен әдет-ғұрпының жаңарып жаңғыруына елеулі үлес қосқан, қазағым деп тебіренген, елдік қасиеттерді көкірегіне тұмар ғып түйген, елін ерекше сүйген Өзбекәлі Жәнібековтың орны айрықша ойсырап көрінеді.
3.2 Өзбекәлі Жәнібеков – ұлттық мұра жанашыры
Бұл есім қазақ мәдениетінің күмбезіне бірте-бірте өрмелеп, жыл өткен сайын биіктеп келеді. Өзбекәлі Жәнібековтың қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегі қыруар. Қазақ мәдениетіне ерекше еңбек сіңірген азаматтардың көш басшыларының бірі ретінде, бүгінде Өзекеңнің есімі айтылып та, жазылып та келеді.
Өзекеңнің ұлттық би мен сахна өнеріне қосқан үлесі ұшан теңіз. Көп әнші айта бермейтін, біле бермейтін халық әндерін жетік білді. Әсіресе, қазақтың халық әндері мен күйлерін, халқымыздың көне әуез аспаптарын аса қадір тұтты. Қазақтың қоңыр үнді домбырасы мен қара қобызы Өзекең үшін киелі аспап саналды. Күй тыңдаудан жалықпайтын. Көне аспаптың үнінен, атынан өзгелер көріп, естіп, ұға білмейтін бір ерекше белгі тауып, солар жайында төгіліп әңгіме айтып беретін. Ол қазақ халқының мәдениеті мен рухын әйгілейтін нәрсенің бәріне зергерлерше аса назар аударып, тірнектеп жинап жүрді. Алға қойған мақсатына жету жолында аянбай еңбек етті. Тер төге ізденудің нәтижесінде оның бастамасымен Қазақстан қалаларында; этнографиялық музейлер бірінен соң бірі ашылып жатты. Солардын бірі Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыка аспаптары музейі.
Қорытынды
Жұмысты жазу барысында айтарлықтай қиындық туындаған жоқ. Ө.Жәнібековтің өмірі мен қызметіне арналған туындылар, ол кісінің өзінің еңбектері кітапханаларда бірен-саран болса да кездеседі. Жәнібековтің тұлғасын тануда ол жайлы естеліктер жинағының берген мағлұматы көп болды. Ал, өзінің еңбектерін оқи отырып, тағы бір жаңа дүниенің есігін ашқандай болдық. Өз ұлтына деген шексіз махаббатты Өзекеңнің әрбір қадамынан аңғару қиын емес. Ұлтжанды азаматтың ұлағатты істерін насихаттап, мол мұрасына қамқорлық жасау – жас ұрпақ алдындағы қасиетті борыш. Әсіресе, тарих ғылымы, оның ішінде этнография саласындағы орасан зор еңбектері кейінгі толқынға көш бастап берді десек артық айтқандық емес. Біздің жұмысымыз да Өзекеңнің өшпес мұрасын зерттеп-білуге қосқан үлесіміз деп білген жөн.