Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 26 стр.

Год: 2010

Предварительный просмотр

Сөз тіркесі синтаксисі


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Сөз тіркесі 6
1.1 Сөз тіркесінің сипаттамасы 6
1.2 Сөз тіркесінің құрамы 9
1.3 Сөз тіркесінің құрылысы 12
1.4 Сөздердің байланысу формалары мен байланысу тәсілдері 13
2 Есімді сөз тіркесі 16
2.1 Сөз тіркестерін топтастыру 16
2.2 Қабыса байланысқан сөз тіркестері 16
2.3 Қабыса байланысқан сын есімді тіркестер 18
2.4 Матаса байланысқан есімді сөз тіркесі 19
2.5 Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері 22
Қорытынды 24
Пайдаланған әдебиеттер 26

Кіріспе
Сөз тіркесі өте кең әрі жиі талқыланатын тақырыптардың бірі. Осы «Сөз тіркесі синтаксисі» атты курсттық жұмыстың өзектілігі мынада болып саналады. Жалпы алғанда, тіліміздегі сөз тіркестерінің түрлеріне қарай оның көптеген тәсілдер мен жолдар арқылы жасалуын да ескергеніміз жөн. Сөз тіркестерінің жасалуы уақыт өте келе бір жерде тоқтап қалмай, дамып, байып келеді. Тілімізге басқа тілдерден енген сөздер арқасында осы сөз тіркесі синтаксисі атты сала жақсы әрі қарқынды дамып келеді. Сол себепті дамып келе жатқан осы білім саласын жан-жақты зерттеп, қыр-сырын терең қарастырғанымыз дұрыс. Міне осы мәселелердің бәрін де қамтып қарастыру өзекті мәселе болып саналады. [1].

1 Сөз тіркесі
1.1 Сөз тіркесінің сипаттамасы
Синтаксис–(грекше Syntaxis)-морфология сияқты грамматиканың өзекті саласының бірі. Грамматиканың өзара тығыз бұл екі саласының қарастыратын объектілері –тілдің грамматикалық құрылысының мәселелері.
Морфология-сөздің грамматикалық жүйесін, құрылысын сөз таптарының грамматикалық жүйесін, құрылысын зерттейді. Синтаксис-грамматикалық ілім ретінде мынадай екі салаға бөлінеді: Сөз тіркесінің синтаксисі: Бұнда сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі, сөздердің тіркесу тәсілдері мен формалары, сөз тіркестерінің құрамы және олардың түрлері қарастырылады. Сөйлемнің сиснтаксисі: Бұнда сөйлемнің құрылу принциптері, сөйлемнің құрамы, олардың түр-түрі қарастырылады. . [4]. Синтаксис бұл мәселелерді өзара өте тығыз байланыста қарастырады. Сондықтан сөздердің морфологиялық құрылысы синтаксистің де грамматикалық талдауының негізі болады.

1.2 Сөз тіркесінің құрамы
Сөз тіркесі-сөйлем құраудың шоғырланған материалды бөлшегі. Сөздер синтаксистік топ құрап тіркескенде, олардың құрамына түрлі сөздер енеді. Және олар түрлі морфологиялық формаларды айтылады. Кез-келген сөзді бір-бірімен тіркестіре салуға болмайды. Өзара мағыналық қатынаста айтылатын сөздер ғана синтаксистік байланыста айтыла алады. Мысалы: 1. Үйрек-сөзі –жанды заттың сыны үркек ат, үркек бие, үркек таймақ-деуге болады. 2. Жуас-ат, бала, түйе-деуге болады. Жуас- тауық, ағаш машина –деуге болмайды. Себебі: олар өзара мағыналық байланыста айтылмайды, олар тіркесу қабілеті жоқ сөздер болып есептеледі.

1.3 Сөз тіркесінің құрылысы
Сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің морфологиялық құрылысы әр түрлі болады. Яғни, бағыныңқы сөз кейде басыңқы сөздің лексикалық мағынасына, кейде грамматикалық тұлғасына сәйкес тұлғаланады. Мысалы:
Кітап оқып, хат жаздық
Бағыныңқы сөздер –кітап
Басыңқылар – оқып жаздық.
Кітап, хат-бағыныңқылар жалғаусыз табыс септігінде айтылған. Олай болуға басыңқы оқып жаздық дегендегі –ып; -дық; формалары себеп болып тұрған жоқ, оқы, жаз етістіктерінің сабақтастық мағыналары себеп болып тұр. Сол сияқты, кітапханадан шығып, автобусқа міндім-деген де сол сияқты.
Бағыныңқы сөздер –дан;-қа шығыс және барыс септіктерінде тұр. Сол жалғауларды керек етіп тұрған басыңқыдағы шығ-ып, мін-дім формалары емес. Шық, мін етістіктерінің лексикалық мағыналары бағыныңқы сөздердің шығыс-дан; барыс-қа септіктерінде тұруын керек етіп тұр.

1.4 Сөздердің байланысу формалары мен байланысу тәсілдері
Сөздер грамматиканың қарамағына еніп, сөз тіркестерін құрау үшін, олар өзара тығыз байланыста болуы керек.
Мысалы:
Мен...
Жазба...
Ермек үшін... ұлар бытырыңқы сөздер. Олар біршама тиянақты ойды, жүйелі пікірді білдіру үшін, түрлі морфологиялық формалар арқылы, түрлі синтаксистік амал-тәсілдердің көмегімен сөйлем құрауы керек. Яғни былай:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін. Сөз бен сөзді байланыстыратын синтаксистік тәсілдер негізінен мыналар:

2 Есімді сөз тіркесі
2.1 Сөз тіркестерін топтастыру
Сөз тіркестерін топтастыру принциптерін дұрыс белгілеу үшін сөз тіркесінің зерреу объектілері нелер екенін, оның басты-басты ерекшеліктерінің нелер екенін ашу керек. Сөз тіркесі синтаксисінің негізгі объектісі-сөйлем емес, сөз. Сөздердің өзара тіркесе алу қабілеттілігі-олардың негізгі грамматикалық қасиетінің бірі. Сөз тіркесінің синтаксисінде сөздердің өзара тіркесу қабілеті, байланысу формалары қарастырылады.

2.2 Қабыса байланысқан сөз тіркестері
Есімді сөз тіркесінің басыңқы сөзі әрі уақытта есім, соның ішінде зат есім болады. Зат есімдердің жетегінде айтылып, оларға бағынып, тұратын сөздер көбіне есімдер болады. Ол есімдердің бірқатары көбіне сөз тіркестерін құрау үшін қабыса байланысады. Қабысу-түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде де өте жиі қолданылатын синтаксистік байланыс формасының бірі. Егер қиысуда бағыныңқы сөз басыңқының грамматикалық формасына, мағынасына бейімделе, тиісті жалғауда айтылып байланысса, қабыса байланысқан сөздер ешқандай грамматикалық формасыз, тек қатар тұру арқылы тіркеседі. Сонда қабыса байланысқан сөз тіркестерінің грамматикалық байланыс амалы—сөздердің орын тәртібі.

2.3 Қабыса байланысқан сын есімді тіркестер
Сын есімдер –заттың әр түрлі сындық сапасын білдіретін сөздер. Сондықтан да олар зат есімдерге қатысты болып, олармен тіркесіп көп жұмсалады. Сын есімдердің лексикалық мағыналарына және синтаксистік қызметтеріне қарағанда, олар зат есімді сөз тіркестерінің арнаулы бағыныңқы сыңары болатын сөздер [21]. Сын есімдер мен зат есімдер қатар тұру арқылы өзара қабыса байланысқан есімді сөз тіркесі жасалады. Бұндай синтаксистік тіркестердің құрамы әр алуан болғандықтан, олар әр түрлі анықтауыштық қатынастарда жұмсалады.

2.4 Матаса байланысқан есімді сөз тіркесі
Матаса байланысатын сөздер негізінде, зат есімдер.Солай болғандықтан да зат есімдер немесе оның орнына жұмсалатын сөздер матаса байланысқан сөз тіркестерінің бірінші не екінші сыңары бола алады: Менің көйлегім, екенің бері, жақсының шарапайы, жаманның кесірі. Мұндай сөз тіркестері анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Және де ол анықтауыштық қатынастар әр түрлі болады:

2.5 Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері
Синтаксистік байланыс формасының тағы бір түрі-меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің ерекшелігін олардың құрау тұлғасынан ажыратамыз. Олардың бағыныңқы сыңары барыс, шығыс, табыс, жатыс, көмектес жалғауларының бірінде болады да, басыңқы сөз сол жалғаудағы сөзді керек ететін етістік не есім болады. Осылардың тіркесуінен меңгеріле байланысқан сөз тіркестері жасалады. Меңгерушісі (басыңқы) сөз жетектеуші де, ал меңгерілушісі (бағыныңқы) сөз бен сөзді байланыстыруымен қатар, түрлі синтаксистік қатынасты білдіреді. Мысалы:

Қорытынды
Сөз тіркесі өте кең әрі жиі талқыланатын тақырыптардың бірі екені бәрімізе де белгілі. Осы «Сөз тіркесі» атты курсттық жұмыстың өзектілігі жалпы алғанда, тіліміздегі сөз тіркестерінің санына қарай оның көптеген тәсілдер мен жолдар арқылы жасалуы деп жоғарыда кіріспеде айтып кеткен едім. Сөз тіркесінің жасалуы уақыт өте келе бір жерде тоқтап қалмай, дамып, байып келеді. Тілімізге басқа тілдерден енген сөздер арқасында осы сөз тіркесі атты сала жақсы әрі қарқынды дамып келеді. Сол себепті дамып келе жатқан осы білім саласын жан-жақты зерттеп, қыр-сырын терең қарастырғанымыз дұрыс. Міне осы мәселелердің бәрін де қамтып қарастыру өзекті мәселе болып саналады.