Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық және экономика негіздері

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 59 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

З.Алдамжарұлының ұлттық тарихи мәселелерге жаңаша көзқарасы


Мазмұны
Кіріспе 3
1. Кеңес үкіметі кезеңі мен қазіргі жағдайлардағы отан тарихнамасындағы З.А.Алдамжардың орны 6
1.1 З. Алдамжарұлының өмірі мен шығармашылығы 6
1.2 Кеңес үкіметі кезеңіндегі еңбектер 20
1.3 Зұлқарнай Алдамжар – тарихи деректер жайында 28
2. З Алдамжарұлының тарихи таным мәселелеріне көзқарасы 35
2.1 Ойтұжырым мен методология туралы 35
2.2 Зерттеу ұстанымдары жайында 45
2.3 Ұлт – азаттық күрес тарихы мәселелері 47
Қорытынды 56
Пайдаланылған әдибиеттер тізімі 58

Кіріспе
Тарих – болашақты анықтайтын бағдар және адамның өткізген өмірі жылдарын ұғынуының делдалы болып табылады. Тарихты сәйкес кілтте анықтау әр адамға жақын және түсінікті жайт, өйткені ол дәл осындай түсінікте өзінің жоғарғы арнауын өмірде және есте қалыптасуының адамгершілік құралы ретінде – қоғамдық және жекеше түрде жүзеге асырады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі зерттеуші ретінде ғылыми қызуғышылық танытқан кең ауқымға ие болған академик Зұлқарнай Алдамжарұлының феноменді тұлғасын зерттеуде. Оның ғылыми жетекшілігімен келесідей ғылыми – методологиялық бағыттар бойынша зерттеулер жүргізілді:

1. Кеңес үкіметі кезеңі мен қазіргі жағдайлардағы отан тарихнамасындағы З.А.Алдамжардың орны
1.1 З. Алдамжарұлының өмірі мен шығармашылығы
Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке ие болғаннан бері 17 жыл ғана өтті. Тарихи өлшемдер бойынша бұл – уақыттың қысқа бөлігі ғана, ал елде өткізілетін әлеуметтік – экономикалық реформалардың өлшемдері бойынша бұл уақыт бір дәуірге тең. Өтпелі кезеңнің қиындықтарын жеңе келе, қоғам жаңа тарихи тәжірибеге ие болып, ұлттық және мемлекеттік өзін - өзі теңестіру процесі жүзеге асады. Айтылғандар толығымен қазақстандық тарихи ғылымға жатады. [3, 51 б.].
Егемен Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуы қоғамның қайта дамып өрлеуінің маңызды рухани құралы ретінде гуманитарлық және қоғамдық ғылымдардың максималды маңыздылығын анықтады. Қазақстанның тарихи ғылыммен осыған дейін талап етілмеген немесе тоталитарлы және отарлы жүйе кезеңі салдарынан ұмыт болып қалған отан тарихының үлкен қабаты көтерілді. Қазақстан тарихындағы ұлт – азаттық қозғалыс пен қазақ мемлекеттігіндегі «ақ дақтардың» жойылуы, Қазақстанның әлем өркениеті айналымындағы орны мен рөлін анықтау, еліміздің Еуразия кеңістігіндегі геосаяси орны бүгінгі күні халықтың тарихи сана – сезімінің қалыптасуының қауырт ықпалы болып отыр.

1.2 Кеңес үкіметі кезеңіндегі еңбектер
Зұлқарнай Алдамжардың тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесінің іздену диссертациясы: «кеңес тарихнамасындағы Қазақстандағы социалистік революциялар тарихы мәселелерін ( 1917 жылдың қазанынан 1940 жж. Қамтыған) деген тақырыпта жазылған. Диссертациялық жұмыс мазмұнынан, кіріспеден, үш тарау, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұралы.
Бірінші тарауда Қазақстанда кеңестік тарихи ғылымдардың орнауы мен социалистік революция тарихи мәселелері қарастырылды. Бірінші тарауға қосымша екі бөлім кіреді. Екі қосымша бөлімнен тұратын екінші тарауда автор маркстік – лениндік күрес түсіндірімінде Ұлы Қазан социалистік революция тарихы мәселелерін, қазақстандағы кеңес үкіметінің орнатылу күресі жайлы мәселелерін талқылайды.

1.3 Зұлқарнай Алдамжар – тарихи деректер жайында
Тарих ғылымының деректемелік негізі қалпы мен мазмұны бойынша алуан түрлі. Ең алдымен тарихшылар арасында бұл сұрақ бойынша түрлі ойлар мен түсініктер барын ескеріп, «тарихи деректің пәні» деген түсініктің анықтамасын еске түсірген жөн .
«Жалпы тарих» энциклопедиялық сөздікте «тарихи деректер пәні» түсінігіне келесідей анықтама берілген: «адамның өткен өмірін зерттеуге мүмкіндік беретін тарихи деректер, мәдени ескерткіштер. Тарихи деректер бөлінеді – жазба (өркениеттің пайда болуымен өмірге келді) : хаттар, растау қағаздары және т.б құжаттар, санақ құжаттары, тізімдер, ескертпе жазбалар, мемуарлы хабарлар, тарихи, ғылыми және басқа да шығармалар. Ауызша деректерге: куәгерлер әңгімелері, фольклор ескерткіштері жатады. Заттық деректер: ежелгі және қазіргі материалдық мәдениет ескерткіштері, соның ішінде бейнелі суреттер жатады; этнографиялық: халықтардың өмірі туралы ақпараттар; Қазіргі кезде жаңа және қазіргі заман тарихын оқытуда фоно - , фото – және бейне материалдар үлкен маңызға ие болып барады» [17, 47 б.]

2. З Алдамжарұлының тарихи таным мәселелеріне көзқарасы
2.1 Ойтұжырым мен методология туралы
Ғылымды қоғам мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, З. Алдамжар оның тағдырына экономика да, саясат та, қоғамдық сана да әсер етіп, бұл факторлар кешенді түрде ғылымның қоғамдағы орны мен жағдайын , өркениет тарихындағы оның тағдырын анықтайтынын атап өтті:
«Әр ғылымның өзіндік тарихы бар. Ғылымның қандай болмасын нақты бір тақырыбы бойынша оның өзектілігін, мақсаттары мен міндеттерін,, оның зерттелу дәрежесін білмей ,анықтамай зерттеу жүргізуге болмайды. Тарих ғылымы да осы заңдылқтардан тыс емес. Берілген ғылымның маңызды құрам бөлігі бар – тарихнама деп аталатын тарихи ғылымдар тарихы. «Тарихнама» түсінігі ежелгі грек екі сөз қосындысынан құралады: historie (білген, өткен туралы әңгіме) және grafo (жазамын)» [20, 35 б.].

2.2 Зерттеу ұстанымдары жайында
Методологиялық негіздердің, ұстанымдардың, зерттеу әдістерінің қайта қарастырылуы, құнды өлшемдерін анықтау – қазіргі кезде біздің күнделікті кездестіріп жүрген көбінесе көпжоспарлы және күрделі процесс. Бір ғана эмоционалды қарсылықпен қалыптасқан шындықты , әсіресе, ол бізге бір түйінге байланған жағымсыз сәттер мен дұрыс бағдармен байланысқан қоғамдық - әлеуметтік және жеке тәжірибенің нәтижелерін ұсынса, оны өзгерту тым мүмкін емес [18, 67 б.].
Тарихи ойдың қалыптасқан стериотиптерін сындыра келе, біз өзіміздің ақиқаттылығымызды қайта қарастырамыз; сол танымның барысында өзіміз де өзгеріп, жеке тұлғалардың профессионалдық – психологиялық драмасында, зерттеу тақырыптарының өзекті мәселелері бойынша қатаң қарама – қайшылықтарда өзгереді. Бұл процесс өте қиын қарама – қайшылық күйде жүреді; ескі жүктен тазартылып, бір мезетте жаңа сапаны жинақтап, қалыптастыруды қажет етеді. Методология мәселелерін зерттей келе З.Алдамжар ғалымдардың көбі тарихи ғылым шынайы марксизм – ленинизм методологиясына толық күйде сүйену мүмкіндігіне ие болса, үлкен жетістіктерге жететініне әлі де зор сеніммен қарап жүр: «Олардың көзқарастары бойынша марксизм – ленинизм классиктерінің мұрасы өзіне жалпы адамзаттық тәжірибе байлығын толықтырып, сонымен қатар бұл топ марсистік – лениндік методологиясының жан – жақтылығын, басымдылығын бірауызды жігермен қорғап отыр».

2.3 Ұлт – азаттық күрес тарихы мәселелері
Тәуелсіздік кезеңі – қазақ халқының отан тарихының көп ғасырлық жалғасу заңдылығы, оның жаңа айналымы. Алайда, біз халқымыздың бастан өткерген , ұлтымыздың көрген қиыншылықтары мен қиын жылдар кезеңін мәңгіліқ жадымыздан өшіре алмаймыз. Тарих екі қайтара құрылмайды. Біздің отан тарихымызда өзіндік «Ұлы апат» кезеңі, енді бұл кезеңдерге ерекше көзқараспен қарап, тарихи ұстанымға негізделу керек. Біздің тарих - әлем өркениеттер тарихының құрамдас бір бөлігі .
Жүздеген жылдар бойы, Ресей құрамына баяулап енген қазақ жүздер халқы ішкі пішінді экспансиясы қалпын өз бастарымен сынап, өздерінің ұлттық бірлігін сезіне бастады.

Қорытынды
Өінің тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін, Қазақстан қайтадан өз тарихын құрды. Отан тарихының қазіргі замандық интерпретациясы өткеннің догмалық сызбанұсқаларын бастан кешіріп, тарихтың «ақ дақтары» зерттеліп, тарих ғылым ретінде қоғамның тарихи санасының қалыптасуына тікелей әсер етті. Егемен Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы гуманитарлық және қоғамдық ғылымдардың рухани жаңғыруының маңызды құралы ретінде максималды өзектілігін анықтады. Қазақстанның тарихи ғылым саласымен осыған дейін қажеттілігі болмаған немесе отарлы және тоталитарлы жүйе салдарынан ұмыт болған отан тарихының үлкен көлемдегі қаты көтерілді.