Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Информатика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 22 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Қазақстанның ЖІӨ табиғи ресурстардың әлемдік бағалары көмегімен Statistica программасының көптік регрессия модулі бойынша модельдеу мен болжау


Мазмұны

Кіріспе 3
Тарау 1. ЖІӨ туралы түсінік және оның Қазақстандағы жағдайы 5
1.1 Жалпы ішкі өнім түсінігі және оның ұлттық шоттар жүйесіндегі орны 5
1.2 Жалпы ішкі өнімді есептеудің әдістері 6
Тарау 2. Қазақстанның ЖІӨ табиғи ресурстардың әлемдік бағалары көмегімен Statistica программасының көптік регрессия модулі бойынша модельдеу мен болжау 10
2.1 Қазақстан Республикасының ЖІӨ табиғи ресурстардың әлемдік бағалармен модельдеудің мәні мен мақсаты 10
2.2 Модельді бағалау коэффициенттері 12
Тарау 3. Алынған модельдерді және Қазақстан ЖІӨ мен әлемдік минералды ресурстар нарығымен байланысына талдау және түсінік беру 17
3.1 Қазақстан Республикасы ЖІӨ мен әлемдік минералды ресурстар бағаларына талдау, түсінік беру және алдағы саясатына пікір қосу 17
Қорытынды 20
Қолданылған әдебиеттер 22

Кіріспе

Әлемде ХХ ғ-дың 2-жартысынан кейін экономиканы болжаудың ролінің өскеніне тарих дәлел болып отыр. Ол әр түрлі қоғамда әр түрлі мақсатта пайдаланғанымен, оның яғни болжаудың әдістері мен тәсілдері ұқсас болды. Капиталистік елдерде болжау мемлекеттік органдарымен қоса жекелеген кәсіпорындар пайдаланатын болса, ал коммунистік елдерде ол тек арнайы мемлекеттік органдармен есептеліп алдағы қысқа немесе ұзақ мерзімдік жоспарлар құруға пайдаланылатын болған.
Экономикалық және саяси-әлеуметтік жағдайлардың күрделенуіне байланысты оларды алдын-ала болжап қарау да қиындап кетті. Бұл өз кезегінде болжау ғылымының дамуына сұранысты өсірді. Мұнда негізгі ауыртпалық математика ғылымына түсті, және математика оны көтере алды деп дөп айта аламыз. Мұнда математиканың қолданбалы салалары пайда бола басталды. Олар: математикалық статистика, ықтималдықтар теориясы, эконометрика және т.б. ілімдер.

Тарау 1. ЖІӨ туралы түсінік және оның Қазақстандағы жағдайы

1.1 Жалпы ішкі өнім түсінігі және оның ұлттық шоттар жүйесіндегі орны

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің жалпы экономикалық жағдайының көрсеткіші. Ол ұлттың жалпы материалдық әл-ауқатын бейнелейді, себебі, өндіріс деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым елдің әл-ауқаты жоғары болады.
ЖІӨ-нің зерттеу заты экономикалық бірлік – белгілі бір уақыт аралығындағы товарлар мен қызметтерді соңғы тұтынуға жіберетін өндіруші резидент болып табылады.
ЖІӨ көрсеткіші жалпы экономикада өте маңызды мәнге ие. Оны өндіріс нәтижелерінің, экономикалық даму деңгейінің, экономикалық өсу темпінің, экономикада еңбектің өнімділігін талдауының және т.б. мінездемелерге қолданылады.
ЖІӨ - елдің резидентімен белгілі бір уақыт ішінде өндірілген шеткі тауарлар мен қызметтердің құнын мінездейтін ұлттық шоттар жүйесінің (ҰШЖ) орталық көрсеткіші.

Тарау 2. Қазақстанның ЖІӨ табиғи ресурстардың әлемдік бағалары көмегімен Statistica программасының көптік регрессия модулі бойынша модельдеу мен болжау

2.1 Қазақстан Республикасының ЖІӨ табиғи ресурстардың әлемдік бағалармен модельдеудің мәні мен мақсаты

Қазақстанның экономикасы шикізат өндіру саласына бағытталғаны анық. Осыдан елдің дүниежүзілік шикізат нарықына тәуелді екенін айтпасақ та түсінікті. Ал дүниежүзілік нарық сол шикізаттардың бағаларының өзгеруіне тәуелді өзгеріп отыруы мүмкін. Ол экономикалық заңдылық. Бұдан туындайтын бірінші ой, егерде дүниежүзілік нарық оның бағасына, ал Қазақстан экономикасы сол дүниежүзілік нарыққа тәуелді болса, неге Қазақстан экономикасы дүниежүзілік шикізат бағаларына тәуелді болмауы керек. Әрине бұны былайша айта салу оңай, бірақ оны заңдылықтар мен дәлелдеу әрқашан мүмкін бола бермейді. Бұл кезде ең оптималды жол ол экономико-математикалық модельдерге жүгіну. Әрине Қазақстан экономикасы жекелеген минералды ресурстарға тәуелді болуы мүмкін емес. Ол тек бірнеше көрсеткіштерден тәуелділіктер мен байланысты анықтауға болады. Сондықтан да біз бірнеше отын, тау, түсті және қара металдар шикізаттарына дүниежүзілік бағалары көрсеткіштерін таңдадық.