Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Сирек заттар

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 15 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Ядролық, химиялық, бактериологиялық қырып жою қарулары


Жоспар
Кіріспе 3
1 Ядролық реакциялар - энергияның көзі 4
1.1 Ядролық қарудың зақымдаушы факторлар 5
2 Жарық сәуленің зақымдаушы кесірі 8
2.1 Химиялық зақымдау ошағының факорлары 9
3 Химиялық қарудың ерекшеліктері 10
4 Улағыш заттардың физикалық, биологиялық және химиялық қасиеттері 11
5 Биологиялық қарудың қысқаша сипаттамасы 12
6 Ортаны зарарсыздандыруға арналған заттар 13
7 Бактериялық зақым 15

Кіріспе
Дүниеге келгеннен бастап-ақ ядролық өзіне ие болған мемлекеттің күштілігін білдіретін белгісі болып саналады. Қазіргі заманда ірі халықаралық саясат даулары барысында ядролық қару міндетті түрде есепке алынады. Орасан зор қирату күші бар осы қару адамзат қолында болғандықтан оның бір кезде пайдаланылатынына күмән жоқ. Ол қолданылды да. Әлемді дүр сілкіндіріп Хиросима мен Нагасаки жапон қалаларын жермен жексен қылды.

1 Ядролық реакциялар - энергияның көзі
Aтом ядросы протондар мен нейтрондардан (жалпы аты-нуклон) құралған. Кейбір ауыр элементтердің (мысалы, уран, плутоний) ядролары бөлінген кезде, ал жеңіл түрлері (сутегі изотоптары) қосылып аурырақ (гелий) элементтерді құрағанда ядролық реакциялар барысында едәуір энергия босайды екен. Бөліну реакцияларында атом ядросы сыртқы нейтрондардың әсерінен екі немесе одан көп бөлшектерге ыдырайды. Егер 1 кг I уранның барлық ядролары ыдыраса босалған энергияның шамасы тротилдың 20000 тоннасының жарылуынан шығатын энергиясына тең болады.

1.1 Ядролық қарудың зақымдаушы факторлар
Жарылыс түрлерінің ішінде ерекше орын алатыны әуедегі және жер үстіндегі ядролық жарылыстар; олардан басқа жер астындағы және су үстіндегі (су астындағы) ядролық жарылыстар да болуы мүмкін.
Жарылыстың алғашқы бастамасында энергияның бір бөлігі гамма-сәулелер және нейтрон ағындары түрінде босанады. Бұлар материядан оңай өтіп терең енетін қасиетіне қарай өткіш радиация деп аталған және жолында кездескен тірі организмнің клеткаларын иондайды (екі қарама-қарсы электр зарядына бөледі).

2 Жарық сәуленің зақымдаушы кесірі
Жоғарыда айтылғандай жарылыс болған ортадағы температура бірнеше миллион градусқа көтеріліп жарқыл шар шұнайды. Осы кезде жан жаққа өте күшті ультра күлгін сәуле арайды. Бірте-бірте шардың шардың сууы барысында көрінетін сәуле күшейеді, аяғында инфрақызыл сәулесі энергияның шығуын жалғастырады.

2.1 Химиялық зақымдау ошағының факторлары
Зиян әсер етуіне қарай химиялық заттардың улағыш қасиеттеріне негізделген химиялық қару жаппай қырып жоятын қарудың бір түрі деп саналады. Оның негізін улағыш заттармен (УЗ) нысаналарға жеткізетін құралдар (зымыран, бомба т.б.) құрайды.

3 Химиялық қарудың ерекшеліктері
Улағыш заттардың ерекшеліктеріне мынау қасиеттері жатады:
- зақым келтіру көлемділігі - улағыш заттарға жер бетінің ғана емес, сондай-ақ ауаның жерге тақау қабаты да шалдығады, сонымен бірге ауа қозғалысы арқылы бірталай аймаққа таралады; бұның өзі арнайы қорғану әдістерін талап етеді;
- қорғану тұрғысынан арнайы жабдықталмаған ғимараттарға, үйлерге, құрылыстарға еніп кету қасиеті және онда ауа ауыстыру құралдары болмаса, көп уақыт осындай жерлерде улылығын сақтап тұруы;

4 Улағыш заттардың физикалық, биологиялық және химиялық қасиеттері
Жүйке-сал ауруына ұшырататын улағыш заттар (зарин, воман, ви-экс) бәрі де түссіз, иіссіз сұйықтықтар. Бұлар орталық нерв жүйесін зақымдап сіңір тартылуға, сал ауруына, өлімге соқтырады. Жеке дәрі қобдишада осы заттарға қарсы антидоты бар.

6 Ортаны зарарсыздандыруға арналған заттар
Адамды, қоршаған ортаны микробтардан зарарсыздандыру үшін дегазацияға арналған тотықтыру және хлорлау әсерін келтіретін заттар, солармен қатар формалин, фенол және т.б. қолданылады.

7 Бактериялық зақым
Егер территорияда биологиялық қару қолданылса, ал жерге жайылған микробтардың түрлерін анықтауы қиындыққа соқса ұзақ уақытқа созылса, онда да жалпы мәліметтерді есте ұста адамдар кешенді түрде, уақытылы, дер кезінде төменде айтылатын мәліметтерді есте сақтап әдістерді орындайды: