Сары батыр (қазақша)
Сары батыр - қазақ сардары, он екі атасына дейін атынан түспей, сауытын шешпей ел қорғаған адам. Уақ нәсілінің немересі Қарақасқа атты Қамбар болса, оның немересі Ер Көкше, шөбересі – Ер Қосай. Бұл үшеуінің аңызға бергісіз ерліктерін халқы жырға қосқан. Белгілі жыраулар қисса-дастандар арнаған. Соңғы екеуі «Манас» жырында да аталады. Олардан бергі Бетеге, Қылды, Өтеміс батырлар туралы ел аузында әңгімелер көп. Сары мен Баян осылардың ұрпағы.
Қос батыр жайында Шоқан мен Мағжан кәрі құлақ қариялардың әңгімелерін негізге алып жазса, Тәтіқара, Үмбетейлер – талай жорықтарда бірге болып, батырлығын көздерімен көрген жыраулар. Тәтіқара былай деп жырлайды:
Сары батырды ХVІІ ғасырдың 90-шы жылдарының басында туған деп жүр. Ол немере інісі Батыр Баяннан екі мүшелдей үлкен болса керек. Батыр Баянның туған жылы – 1714 жыл. Сары батыр Павлодар облысының Жезді елді-мекенінде дүниеге келген. Бұл кезде уақ руының қонысы сол жер болған.
Он жеті жасында Ерсары Қожаберген батырдың қолына қосылған. Жорықтарда Бөгенбай батырдың серігі болған. Оба өзенінің батысында қалмақтардың 10 мың қолымен соғысып астындағы көк тұйғын тұлпармен және өзінің асқан ерлігімен көзге түскен. Ұраны - «Жаубасар». Жаубасар бабасы қарақытайлармен айқасқан.