Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 44 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Қытай экономикасын реформалау


Мазмұны
Кіріспе 3
1 ҚХР-ның экономикасын реформалаудың теориялық аспектілері 4
1.1 Қытай экономикалық реформасының басталуы және оның кезеңдері 4
1.2 Экономикалық реформа бағыттары мен механизмдері 12
2 Реформа нәтижелері мен Қытай экономикасының қазіргі жағдайы 26
2.1 Экономикалық реформа нәтижелері 26
Қорытынды 43
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 44

Кіріспе
Халық саны жағынан әлемде алғашқы орынды иеленетін, жер көлемі жағынан әлемде үшінші орын алатын Қытай елі көптеген ғалымдардың қызығушылығын тудыруда. Бұл көбіне Қытай елінің экономикалық өсімі жағынан алдыңғы қатарлы елге айналғандығымен байланысты.
Қытайдың экономикалық дамуы мен оның әлемдік экономикадағы орнын көптеген ғалымдар зерттеген. Қытай еліне Ресей, Қазақстан экономисттері қызығушылық танытуда. Ұсынылып отырған жұмыста Қытайдың Хайнань университетінің экономика ғылымдарының докторы Хуан Дингуй, ҚХР қоғамдық ғылымдар академиясының ғалымдары Ван. Лолинь, Вэй Хоукайдың мақалалары қолданылды. Сондай-ақ Ресейдің экономика ғылымдары докторы Владислав Иноземцев, Санкт-Петербург экономика және қаржы университетінің профессоры А.С.Селищев сияқты ғалымдар Қытай экономикасының мәселелерімен айналысқан. Дегенмен, Қытай экономикасының дамуы жөнінде ғалымдар бір шешімге келе алмай отыр, экономикалық жетістіктердің себептері әр түрлі етіп көрсетіледі. Сонымен бірге Қытай экономикасының дамуының Қазақстан үшін қандай әсері бар екендігін біздің ғалымдар терең қарастырмайды.

1 ҚХР-ның экономикасын реформалаудың теориялық аспектілері
1.1 Қытай экономикалық реформасының басталуы және оның кезеңдері
Қытай – Қытай Халық Республикасы қазіргі замандағы әлемдегі ең қуатты мемлекеттердің бірі болып саналады. Қытайдың әлемдік аренада осындай маңызды орынға XX ғасырдың 70-ші жылдарының соңында басталған қоғамдық реформа арқылы жеткендігі белгілі. Сондықтан болар Қытайдың социалистік жүйеге жүргізген реформасына әр ел ғалымдары үлкен қызығушылық танытуда, отандық политологтар Қытай реформасын зерттеуде.
ҚХР құрылғаннан соң, алғашқы үш жылда ол бар күшін азаматтық соғыс салдарын жоюға салды. Сондай-ақ ҚХР экономикасын қалпына келтіру Екінші Дүниежүзілік соғыстың салдарынан құлдыраған экономиканы ретке келтіруден басталды. 1937 жылмен салыстырғанда 1949 жылы ауыл шаруашылығы өндірісі 20-25%-дан аса төмендеді, өнеркәсіп өндірісі 50-56%-ға азайды, ал жеңіл өнеркәсіп 30%-ға кеміді. Халықтың 90 %-ы ауылда тұрды, ал ауыр шаруашылығының даму деңгейі өте төмен болды.

1.2 Экономикалық реформа бағыттары мен механизмдері
Аграрлық реформа. Қытай ауылдарындағы шаруашылық жүйесінің реформасы ең бірінші жарияланып, басқа сектор реформаларынан ерте басталып, ерте аяқталған болатын. Сондай-ақ бұл реформа ҚХР-ң басқа да әлеуметтік-экономикалық салаларындағы реформаға бағыт бағдар берген.
Аграрлық жүйедегі реформа ұғымын экономистер социалистік өндірістің даму қажеттіліктеріне сәйкес жүргізілетін халық шаруашылығының негізгі түрлерін қайта құру деп түсіндіреді. Шаруашылық жүйедегі реформаны қарастырғанда Қытай ғалымдары шетелдің тәжірибесін пайдалануға тырысты. Нәтижесінде Қытайдағы аграрлық реформа шетел үлгілерінің пайдалы және пайдасыз жақтарын ескере отырып, Қытай ерекшеліктерімен жаңа шаруашылық үлгісін жасады. ҚХР-дағы аграрлық реформаның теориялық негізі социалистік ел экономикасының қоғамдық жеке меншікке негізделген жоспарлы тауар шаруашылығы болып табылады, ал мақсаты біртіндеп тауар шаруашылығы негізінде ауылдық жүйеге көшіп экономиканың барлық салаларын қамтамасыз ету.

2 Реформа нәтижелері мен Қытай экономикасының қазіргі жағдайы
2.1 Экономикалық реформа нәтижелері
Елдің экономикалық өмірінде маңызды орын алатын нарықтық механизм қалыптасты. Мемлекет тарапынан реттеліп отыратын өнеркәсіп өнімдерінің түрлерінің үлесі 1978 жылғы 95%-дан қазіргі таңда 6%-ға дейін төмендеп кетті. Мемлекет тікелей реттеу механизмдерінен бас тартып, біртіндеп жанама әдістерді пайдалана бастады (салықтар, пайыздық қойылым, валюта курсы, ақша массасы). Қытай 2001 жылдың қарашасында ДСҰ-на кіру кезінде елдің экономикасын либерализациялау қажеттігі туды. Кедендік салықтарды төмендетуге және шетелдік серіктестердің тауарлары импортталған уақытта шектеулерді азайту керек болды.

Қорытынды
Қытай Халық Республикасының экономикасының ерекшеліктерін қарастырғаннан соң, келесідей қорытындылар жасауға болады:
• Қытай Халық Республикасының соңғы жылдардағы айтарлықтай үлкен жетістіктері ел ерекшеліктеріне сай жүргізілген реформалардың нәтижесі екендігі белгілі болды. Реформа кезінде оның ең алдымен ауыл шаруашылықтан басталуының өзі саясаттың дұрыс таңдалғандығын көрсетеді. Оған себеп ауыл шаруашылығының дамуы басқа да салалардың дамуына түрткі болуы. Себебі ауыл шаруашылық саласы басқа салаларға шикізат жеткізіп тұратын басты сала болған. Қазақстандағы реформалармен салыстырсақ, негізінде біздің үкіметіміз үлкен назарды ауыл шаруашылығын дамытуға аударуда. Бәлкім Қытайдағыдай ауыл шаруашылығынан басталған реформалар өз нәтижесін бергендей, біздің елдегі саясат та осындай оң нәтиже береді.