Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 21 стр.

Полный просмотр работы

Ғылыми білім әдістер

ЖОСПАР
Кіріспе 3
1 Ғылым эволюциясы 4
2 Ғылыми танымның құрылымы 9
3 Ғылыми танымның әдістері 13
4 Ғылыми танымның логикасы мен парадигмалары 18
Қорытынды 20
Қолданылған әдебиеттер тізімі 21

Кіріспе
Ғылым адамға өз өмірін сақтап калу үшін қажетті білім негізінде пайда болды. Адам шөптерді қоректену және дәрі-дәрмек ретінде пайдалануды үйреніп, жануарлардың мінезін бақылап, оларды қолға үйретті, рудамен тәжірибе жасап, әртүрлі металдарды балқытып шығаруды үйренді. Табиғатпен алуан түрлі тәжірибе жасау барысында адам өзінің өмірін ыңғайлы етуге бағытталған көптеген әдіс – айланы ойлап тапты. Қазіргі замандағы біз ыңғайлылық, денсаулық және ойын - сауық үшін былай қарағанда өзінен өзі болуы керек сияқты көрінетін заттар мен құбылыстар ғылымның арқасында пайда болған. Қазіргі заманда ғылым түсінігінде, адамзат баласының жүріп өткен жолдары көрсетіледі және адамның қалыптасуының құралдары мен әдістері болып табылған, ғылымның тарихи – мәдени құбылыс ретінде пайдалануының нысандары көрініс тапқан.

1 Ғылым эволюциясы
Көне әлемде білімнің жеткіліксіздігінен табиғат күштері құдайдың құдіретті күші делініп, табиғатты зерттеушілер құдайдың абыздары деп саналды. Египеттегі астрономдар деп аталған осындай адамдар күнді аса үлкен сағат деп санап, ай мен жұлдыздардың орналасуына қарай, Ніл өзенінің тасу уақытымен көптеген мерекелерді тойлау мерзімдерін анықтап отырды. 365 күннен тұратын ең алғашқы календарды египет астрономы Имхотеп жасап шығарғандығы белгілі.
Өз кезегінде шумерлер (б.э.д. 4000-3200 жыл бұрын) есептеудің ондық жүйесін ойлап тауып, өздерін шебер математик және астрономдар ретінде таныта білді.
Вавилондықтар (б.э.д. 1900-600 жыл бұрын) көп жылдық бақылаулардың нәтижесінде құрастырылған, планеталардың жылжуын сипаттайтын кестелерді пайдаланып, жұлдыздар мен планеталардың қозғалуы жайлы жорамал бере білді. Сонымен қатар вавилондықтар календарды жетілдіріп, болашақты болжауға тырысты. Вавилондықтар жұлдыздарды өз құдайларының атымен атады. Вавилондықтардың білімі ертедегі гректер астрологиясының негізі болып табылды.

Білім ұрпақтан ұрпаққа кітаптар арқылы жеткізілді, кітаптар қолмен көшіріліп отырды. Кітаптарды көшірумен жазба жазушылар айналысты. Осы себепті кітаптар өте аз болды және өте қымбат тұрды. Қағаз бен кітап басып шығару пайда болысымен, кітапты қолмен көшіруші бір жылда жаза алмайтын парақты, кітапты басып шығарушы бір күнде басып шығара алатын дәрежеге жетті. Кітаптар мен брошюралар көпшіліктің қолына тиді, бұл жағдай жаңа идеялардың кеңінен таралуына тікелей әсер етті.

2 Ғылыми танымның құрылымы
Ғылымды - эмпирикалық тексеру немесе математикалық дәлелдемелерге негізделген дүние танымның ерекше рационалды әдісі деп таниды.
А.А.Горелов, аңызға айналған Ньютон ашқан бүкіл әлемдік тартылыс заңның ашылуың мысал ете отырып ғылыми танымның құрылымын оригиналды түрде талдап қарастырды. Осы аңыз бойынша Ньютонның басына кенеттен алма құлап, сол мезетте Ньютонның ойында бір керемет ой пайда болып, ол бүкіл әлемдік тартылыс күші туралы заңды ойлап тапты деп саналады. Бұл жерде алманың Ньютонға дейін көптеген адамдардың бастарына қанша түссе де, олардың ойларына ешқандай ойдың кірмегендігі қарастырылмағандығын көрсеткен дұрыс.

Денелердің айырмашылықтарындағы аналогияларды іздестіріп табу- ғылыми зерттеулердің ең қажетті кезеңі. Барлық денелерге дерлік тәжірибе жүргізуге болмайды.
Егер де біз, бәрібір де тәжірибе қажет деп табатын болсақ, оны модельдермен, яғни мөлшері мен массасы дененің өзімен салыстырғанда пропорционалды түрде бірнеше есе кішірейтілген денелермен жүргізуге болады. Модельді эксперименттің қорытындысын кәдімгі қалпындағы денелер үшін пропорционалды түрде қолдануға болады.
Модельді эксперименттен де басқа, яғни ойша тәжірибе жүргізуге де болады. Ол үшін, шынында жоқ денелерді ойша елестетіп, оларға ойша тәжірибе жасау қажет.

Ғылыми ережелердің фальсификациялануы қағидасы, яғни олардың тәжірибеде тексеріліп және жоққа шығарылуы, ғылымда қарсылықсыз қабылданып отырған жағдай.
Танымның бір саласына қатысты бірнеше заңның жиынтығы теория деп аталады. Тәжірибеде дәлелденген теория осы мәселе жөніндегі белгілі эмпирикалық фактілерді ескі теорияға қарағанда жоғарырақ деңгейде түсіндіретін жаңа теория шыққанға дейін, сондай – ақ осы теорияны жоққа шығаратын жаңа эмпирикалық фактілер пайда болғанға дейін дәлелі болып есептеледі.

3 Ғылыми танымның әдістері
Жоғарыда сипатталған ғылыми зерттеулердің құрылымы, кең мағынада ғылыми танымның тәсілі немесе ғылыми әдістің өзі болып табылады. Әдіс – бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы. Эмпирикалық ғылымның негізін салушылардың бірі - Ф.Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстырған. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әртүрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Ғылыми әдіс осындай құрал болып табылады. Сондай – ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай, олардың іс - әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етеді.

Ғылыми әдістер эмпирикалық және теориялық әдістер болып бөлінеді.
Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған:
1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау;
2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту;
3) өлшеу- объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру;
4) тәжірибе жасау – құбылысқайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталакғанына байланыстыөзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.

Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады:

4 Ғылыми танымның логикасы мен парадигмалары
Зерттеу құралдарына түрлі процедуралар, әдістер, тәсілдер, методикалар, жүйелер мен методологиялар кіреді. Бұл түсініктер төмендегі логикалық қатарды құрайды. Әдіс - зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше метематикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға негізделген түрі. Процедура – белгілі бір операциялар жиынтығының орындалуын қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің жиынтығы. Тәсіл – күрделі әдіс болып табылады, ол зерттеу барысындағы бірнеше нысаналы әдістердің жиынтығы. Методика – бір немесе бірнеше әдістер жиынтығына негізделген зерттеу жолдары, немесе олардың жиынтығына негізделген әдістер. Методология - зерттеу әдістері, жүйелері мен методтары жөніндегі білімнің жиынтығы. Жүйе – күрделі құбылыстар мен процестерді зерттеу үшін қажетті техникалық құралдар мен методикалардың жиынтығы.

Қорытынды
Ғылыми революцияларды талдау үшін, ғылымға парадигма түсінігін енгізген америкалық ғалым Томас Кун (1922-1996 ж.) олардың ерекшелігін – бұрынғы парадигманың жаңа парадигмаға ауысуы, яғни зерттеліп отырған процестердің жаңа, терең және күрделі түріне ауысуын көрсетіп кеткен. Оның пікірі бойынша ғылымның дамуын екі кезеңге бөлуге болады:
- қалыпты кезең, бұл кезде ғалымдар парадигманы жеке, арнаулы сипаттағы мәселелерді шешуге пайдаланаған;
-экстраординарлық кезең - жаңа парадигманы іздеу кезеңі.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Харламов.И.Ф. «Педагогика» М-а 1990ж
2. Қоянбаев. «Педагогика» А-а1984ж
3. Эльконин.А,Б., Вагнер.Л.В. «Оқу іс - әрекетінің диагностикасы және балалардын, интелектуалдық дамуы» М-а, 1981 ж.
4. Цукерман. Г.А. «Балаларға бірге оқу не үшін керек» М -та, 1995ж.
5. Пидкассистый.П.И. «Педагогика» М-а 1996ж.
6. Шаймерденова. К.Ш. «А.Қунанбаевтың педагогикалық көз -қарастары»А-а 1990ж(374).
7. Титоренко А. И. «Тоғаның адамгершілікті дамуының проблемалары» М-а 1982 ж
8. Котенова . Р.Н «М.Жұмабаевтің педагогикалық көз -қарастары», А-а 1995 ж.