Азаматтық міндеттемелер ұғымы. Міндеттеме мазмұны және түрлері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 Азаматтық құқықтағы міндеттемеге жалпы түсінік 5
1.1 Міндеттемелік құқықтың ұғымы мен түрлері 5
1.2 Міндеттеменің пайда болу негіздері мен түрлері 8
2 Міндеттемелерді орындаудың ұғымы мен принциптері 11
2.1 Міндеттемелерді орындау субъектілері және пәні 11
2.2 Міндеттемені орындаудың мерзімі, орны, тәсілі 15
2.3 Міндеттемені тоқтатудың түсінігі мен жекелеген әдістері 18
ҚОРЫТЫНДЫ 22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ 23
КІРІСПЕ
«Азаматтық құқық» атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы-цивильді (jus civile) құқық деп атаған.
Тарихтан белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленеді (квирттер құқығы ). Римдік jus civile көнер римдегі Азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және өзіндік қатынастарын реттеді және қазіргі азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды. Қазіргі кезде азаматтық құқықтың римдік атауы сақталғанымен оның мазмұны барынша өзгерді.
Дейтұрғанымен соған қарамастан «civil» атауы еуропалық құқықтануға еніп қана қоймай, заң терминологиясына ( Zivilrecht, droit civil, civil law ) кірді. Сондықтан да азаматтық құқықты цивилистік деп атайды, ал бұл саладағы мамандарды - цивилисті деп жүр.
1 Азаматтық құқықтағы міндеттемеге жалпы түсінік
1.1 Міндеттемелік құқықтың ұғымы мен түрлері
Міндеттеменің ұғымы. Міндеттеме ұғымының түбегейлі тұжырымдалған заңды негізі не? Біз оны қалай түсінеміз? Бұл туралы Азаматтық кодекстің 268-бабында: "Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышқор) басқа адамның (несие берушінің) пайдасын мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қаблдауға міндетті",- деп атап көрсетеді. Демек, міндеттеме- азаматтық құқықтық қатынасатын бір түрі. Ал, талап ету мен міндеттеме- несие беруші мен борышқорға өзара жауапкершелік жүктейтін екі жақты құқықтық қатынасқа жатады. Екіжақты құқықтық қатынас: несие беруші тұрғысынан қарағанда- талап ету (белсенді жағы), борышқор жағынан алып қарағанда –міндеттемелік (бәсең жағы) болып есептеледі.
1.2 Міндеттеменің пайда болу негіздері мен түрлері
Құқықтық қатынастарға сәйкес міндеттеме заңмен қорғалады. Борышқор өз міндетін орындамаған жағдайда оған мемлекет тарапынан мәжбүр ету шарасы қолданыла алады. Сол арқылы міндеттемені талапқа сай орындауы қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде- несие берушінің бұзылған мүддесі қалпына келтіріледі. Міндеттемені бұзған кезде қолданылатын мәжбүрлеу шарасына санкция жатады, сол арқылы міндеттемеге қажетті толықтыру енгізіледі. Бұл мәжбүрлеу шарасының түп қазығы болып табылады. Ол тек міндеттеме бұзылған жағдайда ғана жүзеге асады. Санкция қолдану нәтижесінде борышқордың міндеттемені бұзуына жол берілмейді немесе орын алған кемшіліктің жойылуына жағдай жасалады, ал несие беруші кеткен ағаттықтан болған залалдың орнын жабады. Бірақ та, санкцияның әр түрлі бұл міндеттері әрқалай шешеді.
2 Міндеттемелерді орындаудың ұғымы мен принциптері
2.1 Міндеттемелерді орындау субъектілері және пәні
Міндеттеме өзінің мазмұнына, объектілерінің салалық ерекшеліктеріне және субъектілерінің сипатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
1) жағымды мазмұндағы міндеттеме, жағымсыз мазмұндағы міндеттеме;
2) біржақты және өзара ортақ міндеттеме;
3) борышқор әрекетін нақты айқындайтын міндеттеме және балама міндеттеме;
4) қатаң түрдегі жеке сипаттағы міндеттеме (бұл міндеттеме субъект ретіндегі жеке сипатталық міндеттеменің пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқталуына әсер етпейді);
5) басты және тәуелді міндеттемелер;
6) шартқа негізделген міндеттемелер, шарттан тыс міндеттеме және біржақты еркін құжат түрлеріндегі міндеттеме[5].
2.2 Міндеттемені орындаудың мерзімі, орны, тәсілі
Міндеттеменің орындалу мерзімі заңмен немесе шартпен, сондай-ақ, шарт алдындағы дауды қарайтын органмен айқындалуы мүмкін.
Егер міндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалуға тиісті уақыт кезеңі көзделсе немесе анықтауға мүмкіндік берсе, міндеттеме сол күні немесе тиісінше сол кезең ішінде кез келген уақытта орындалуға тиіс (АК-тің 277-бабы).
Мысалы, құрылыс объектісінің бітетін күні міндеттемені орындау күні болып табылады, ал басқа жұмыстар мердігерлік шарттарда, ақшаны қайтару- қарыз шартында несие беруші шартында, қарастырылады.
2.3 Міндеттемені тоқтатудың түсінігі мен жекелеген әдістері
Міндеттеме өзінің құрамына кіретін құқықтар мен міндеттер толық жүзеге асқан сәттен бастап тоқтатылады. Бұл көбіне көп оны орындаудың нәтижесінде болады. Бірақ та несие беруші борышты кешіргенде немесе оны орындауға мүмкіндік болмайтындай болса, негізгі мақсатты жүзеге асырумен байланысты емес тоқтатулар да болады. Сөйтіп, міндеттемені тоқтату днгеніміз міндеттеменің мазмұнын құрайтын оның қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін жою болып табылады.
Міндеттемені тоқтату Азаматтық кодексте, басқа да заңдар мен өзге де құқықтық актілрде немесе шартта қаралған негіздерде жүзеге асады. (АК-тің 367-бабы).
Қазіргі қолданылып жүрген Азаматтық кодексте мейлінше жиі кездесетін міндеттемелердің тоқтатылу негіздері қарастырылған, оның ішінде әсіресе жаңа тәсілдері де тәртіптелген, айталық, оған бас тарту төлемі мен борышты кешіру түрлерін жатқызуға болады (АК-тің 369-373 баптары).
Мндеттемені тоқтатудың барлық негіздерін мынадай екі топқа бөлуге болады:
ҚОРЫТЫНДЫ
Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап біз сіздермен бірге дәйектілікпен құрып жатқан Жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді. Бүгінде экономика мен өз мемлекетіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді [14].
Жоғарыда атап өткеніміздей Қазақстандықтар арасында міндеттемелік қызметінсіз қандай да бір әрекет жасай алмайтындығына көзімізді жеткізгендейміз. Өйткені үйден шыққаннан бастап осындай қатынастарға тап боламыз.