Предмет: Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Тип: Дипломдық жұмыс
Объем: 65 стр.
Год: 2013
Ауыз әдебиеті – әдеби тілдің бастауы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ– ТІЛДІҢ БАСТАУЫ 8
1.1 ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК 8
1.2 АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТҮРЛЕРІ 13
1.2.1 АҢЫЗ ӘҢГІМЕЛЕР 13
1.2.2 ШЕШЕНДІК ӨНЕР 15
1.2.3 АЙТЫС ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ АЙТЫС АҚЫНДАРЫНЫҢ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 18
1.2.4 ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 30
1.2.5 МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР МЕН ЖҰМБАҚТАРДЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ 34
1.3 АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТАБИҒАТПЕН САБАҚТАСТЫҒЫ 45
2 БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ МАҢЫЗЫ 47
2.1 БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ 47
2.2 М. ЖҰМАБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ДӘСТҮР КӨРІНІСІ 52
2.3 Ж. АЙМАУЫТОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ФОЛЬКЛОР
КӨРІНІСІ 56
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 63
ҚОСЫМША А 65
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы:
Ауыз әдебиеті – халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының ерте заманда жасаған мұрасының бірі халық ауыз әдебиеті. Жазу-сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсіюі, қуанышы мен күйініші. Дүниетанудағы көзқарасы жайында неше түрлі өлең-жырлар, ертегі-әңгімелер, мақал-мәтелдер, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі күйінде тудырған.
1 АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ - ТІЛДІҢ БАСТАУЫ
1.1 ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Ауыз әдебиеті – халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте «халық шығармашылығы», «халық поэзиясы», «халықтың ауызша сөз өнері» дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 ж. ағылшын Вильям Томс ұсынған «фольклор» (ағылш. lolk – халық, lore – білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықар. ғыл. атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақ мағыналары бір емес [1.68].
1.2 АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТҮРЛЕРІ
1.2.1 АҢЫЗ ӘҢГІМЕЛЕР
Қазақ халқының ауыз әдебиеті талай-талай дастандар мен жырларды, нақыл сөздер мен қызықты ертегілерді, терең мағыналы мәтелдер мен мақалдардың тамаша үлгілерін туғызды, олар – халқымыздың рухани өмірін бейнелейтін мәдени мол мұра. Онда қазақ халқының өмір, тыныс-тіршілігінің, халық даналығының көрінісі бейнеленген.
Халық ауыз әдебиеті дегеніміз де әрбір халықтың ғасырлар бойы қалыптастырған үлгі-өнегесі, таным-нанымын, өзіне тән ұлттық талғам-таразысы. Қазақ халқының да рухани мол мұрасы бар, ұлттық тәрбие көздері соларда жатыр. Халық педагогикасынан әлдебір ғылыми оқулық, еңбектер жазылмай тұрғанда-ақ халқымыз ұрпағын ата дәстүрмен тәрбиелеген [7.22].
1.2.2 ШЕШЕНДІК ӨНЕР
Шешендік – қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері. Шешендік – сирек ұшырасатын қасиет-дарын. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр қисынға құрылады. Шешендік өнер мен билік қолма-қол туып айтылатын, суырыпсалма жүрекжарды әділ сөздерге негізделіп шығармашылық сипатымен дараланады.
1.2.3 АЙТЫС ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ АЙТЫС АҚЫНДАРЫНЫҢ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар.
Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдеуилер тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар.
Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады. Оның әуелгі элементі көркемөнердің түрлері сараланып, бір-бірінен әлі ажырамай, бәрі бірігіп бір бүтін өнер саналып, әні де, өлеңі де, оны шығару да, орындау да, қимыл, бет құбылысы, тағы басқалары да қосыла жүрген дәуірде туса керек деп топшылайды. Айтыстың алғашқы адымы осы кезеңде басталса керек.
1.2.4 ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Барлық әлем халықтары ғасырлар бойғы тарихында біздің халық сияқты имандылық, ғибраттық әдет- ғұрып, салт- дәстүр, тағылым сабағымен ұрпақ тәрбиесінің қыруар үлгілерін мұралыққа қалдырған. Барлық халық ата- бабалары қорытқан қазына байлық тәжірибені өз жаратылысының ізгілік игілігі ретінде сіңіре пайдалануда. Әлем халықтарының барлығы ұрпақ жанының тазалығын сақтау, білімділікке бой ұрдыру мақсатын көздейді. Қадым заман (Антик) философиясының өзінде адамдар әрекетімен ғибраттылық мінездемесін айқындау үшін де дәл осы түсінікті ар өлшемі ретінде қолданған. Ендеше қоғамдық сананың айрықша келісімі, қоғамдық қатынастардың ерекше түрі мектеп қабырғасында қаланатыны белгілі. Осы тұрғыда халықтың ғасырлар бойы еңбегі, өнері, білімі жұмсалған.
1.2.5 МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР МЕН ЖҰМБАҚТАРДЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Мақал – сөз анасы. Әдемі ұйқасты, үйлесімді ырғақты, өлеңді өрнекпен не шешендік қара сөзбен айшықталған қысқа да нұсқа айтылған нақыл сөздердің мәйегі. Көбінесе екі тармаңтан құрылады. Бірінші тармағында ойдың түп нұсқасы пайымдалады, екіншісінде ой қорытындыланып түйінделеді. Мақал сөздер тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Мақал-мәтелге ұқсас, бірақ мақалдай екі-үш тармақты емес, өлең сипатында құрылатын ықшамды, кестелі нақыл сөз. Ұмытылмай ұрпақтан-ұрпаққа жаттала тараған өнеге, үлгі, өсиет сөздердің киелі түзілімі. Бастауыш сыныпта мақал-мәтелдер тақырып сайын және әр бөлім сайын оқытылады. Олар арнайы сағат ретінде де өткізіледі. Мақал-мәтелдерді пайдалану да тиімді. Оқушының сөздік қорын, ауызекі сөйлеу тілін дамытуда, шығармашылыққа баулуға көмектеседі.
1.3 АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТАБИҒАТПЕН САБАҚТАСТЫҒЫ
Қазақ халқы балаларға табиғат туралы өз білгенін үйретуді мақсат етіп, оны ретті жерде жүзеге асырған. Табиғат адамның ақыл-ойы мен тәрбиесінің сарқылмас қайнар көзі екендігін көре білген. Бар өмір тіршілігі табиғатқа тәуелді болып, оның аясында төл баласы болып өскен ата-бабаларымыздың туған жерге, табиғатына деген қарым-қатынасы халық педагогикасынан айқын көрініс тапқан.
Табиғат таным процесі ұрпақтан ұрпаққа жарасымды жалғасын тауып, жетіліп дамыған. Осы көзқарас негізінде халық педагогикасы сияқты халық философиясы да болғанын, ауыз әдебиетінің үздік үлгілерінен көрініс тапқанын атап айту керек. Бала сәби шақтан бастап-ақ халықтың бай мұрасын бойына сіңіріп өссе, табиғаттың сан сырын, қоршаған ортаны қадірлеуге, қорғауға, сақтауға, ынтасы зор болатыны белгілі. Ол халық педагогикасындағы, халық ауыз әдебиетіндегі ертегілер, мақал-мәтелдер, табиғат жайындағы жырлар мен жұмбақтар, жаңылтпаштардың мән-мағынасын түсіндіріп, жаттатқызу барысында жүзеге асатыны белгілі.
2 БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ МАҢЫЗЫ
2.1 БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Бастауыш мектепте балалардың ой-өрісін, санасына туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін ұялатып, қиялдарын қанаттандыру, ұлттық рухты бойларына сіңіру, ана тілі мен Отанына, тарихы мен мәдениетіне деген сезімдерін қалыптастыруда қазақ халқының ауыз әдебиетінің орны ерекше. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың ауыз әдебиеті – бастауыш мектеп оқушыларының ой өрістерін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға тигізетін пайдасы ұшан-теңіз.
2.2 М. ЖҰМАБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ДӘСТҮР КӨРІНІСІ
Қазақ ақын-жазушылар тілінің қайнар көзі мен сөз мүсінін жасайтын қалыбы – ертеден келе жатқан ауыз әдебиеті тілі. Әдеби тілді тану сол халықтың, соның ішінде қазақ халқының тарихында оның әдеби тілінің қалыптасып дамуы көркем әдебиетінің, әсіресе поэзияның бағыты мен барысына тікелей қатысты болып келеді. Тілдеріне оралып тұратындығы да ақын-жазушылары мен фольклор тілдерін жақындастыратын себептердің бірінен табылады.
Кез келген ақын-жазушы көркем туындыда өзіндік қолтаңбасын қалдыра отырып, түп қазығы фольклордан бастау алады.
2.3 Ж. АЙМАУЫТОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ФОЛЬКЛОР КӨРІНІСІ
Қай халықтың болмасын асыл сөздің ең тамаша үлгілері, ғажайып үрдісі ауызша жасалған әдебиетте сәулеленген. Өкінішке орай, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті арасындағы байланысты мұқият қадағалап, жаңа әдебиеттің қалыптасуына, дамуына қосқан фольклордың ықпалын қалыпты зерттеу бізде бір ізділікті, тұтас бірлікті танытпайды.
Байырғы ауыз әдебиетінің жазба әдебиетіндегі көрінісін тексеру, кешенді зерделеу тек қана фольклористердің ғана үлесі емес. Ол бүкіл әдебиеттану ғылымына ат салысушы қаламгерлердің маңызды міндеті. Заманында заңғар жазушы, фольклордың білгірі М.О.Әуезов «Халық бір түрлі тұрмыстан екінші тұрмысқа көшкен соң, бұрынғы қолданған әдет-ғұрып, түрлі рәсімдер тотыға бастайды. Бұрынғы сауықшыл кездегі ауыздан ауызға көшіп жүрген өлең, жыр, тақпақ, мақал сияқты халық әдебиеті жойыла бастайды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да - халық. Сондықтан ол, шын мәнінде, халықтың өз еншісі болып табылады. Ауыз әдебиетінің осы өзгешілігі оның әлеуметтік бітімін де айқын сипаттайды. 20 ғасырдың басына дейін көшпелі қоғамда туып, көшпелі қоғамның талап-талғамы мен әлеуметтік қажеттілігіне толық жауап берген ауызша сөз өнері өзінің барлық даму жолдарында айрықша жүк арқалады, көркемдігі мен әлеуметтік-қоғамдық қызметі бойынша ең биік тұғырға көтерілді.