Қазақ тіліндегі тарихи омонимдер
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 6
1 ОМОНИМДЕР МЕН КӨП МАҒЫНАЛЫ СӨЗДЕРДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ДАМУЫ 8
1.1 ОМОНИМДЕРДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ 8
1.2 ОМОНИМДІК ҚҰБЫЛЫСТАРҒА СИПАТТАМА 20
1.3 СӨЗДЕРДІҢ ҚАТЫСЫМ БАРЫСЫНДАҒЫ ТАНЫМДЫҚ КӨРІНІСІ. ҚАТЫСЫМДЫҚ БІРЛІКТЕРГЕ ТӘН МАҒЫНАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ МЕН ОМОНИМДЕРДІҢ ҰҚСАСТЫҒЫ, АЙЫРЫМ БЕЛГІЛЕРІ 21
2 ОМОНИМДЕР МЕН КӨП МАҒЫНАЛЫ СӨЗДЕРДІҢ ҰҚСАСТЫҚТАРЫ МЕН АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ 25
2.1 ОМОНИМДЕР МЕН ПОЛИСЕМИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІК ТҰСТАРЫ 25
2.2 М. ӘУЕЗОВТЫҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫНДАҒЫ САЛТ-ДӘСТҮРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ СӨЗДЕРДІҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ 27
2.3 ОМОНИМДІК СӨЗДЕРДІҢ ӨЗГЕРУ, ТҮРЛЕНУ ЖҮЙЕЛЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТОПТАСТЫРЫЛУЫ 32
2.4 СӨЗДІҢ КӨП МАҒЫНАЛЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОМОНИМ 33
2.5 ФУНКЦИОНАЛДЫ СТИЛИСТИКА ӘДІСТЕРІ АРҚЫЛЫ МӘТІНТАНУ НЕГІЗДЕМЕСІ 37
2.6 МАХМУД ҚАШҚАРИДІҢ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСЕТІН ОМОМНИМ СӨЗДЕР 41
2.7 СЫР ӨҢІРІ ЖАЗУШЫЛАРЫНЫҢ ТІЛІНДЕГІ ЖЕРГІЛІКТІ ҚОЛДАНЫСТАР 46
2.8 КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ МЕТОНИМИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР (Ш.ҚҰДАЙБЕРДИЕВ, А.БАЙТҰРСЫНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫ БОЙЫНША) 57
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі:
Ғылымның қай саласы болмасын қоғамдағы өзгерістерге қарамастан үнемі даму, өзгеру үстінде болатыны белгілі. Тіл ғылымы да осылай. Алайда қоғамдағы өзгерістер мен әртүрлі қатынастар ғылым дамуына белгілі бір дәрежеде әсер де етіп отырады.
Лексика көне гректің lexikos (сөздік) деген сөзі. Лексика сөзін бүкіл дүние жүзі халықтары қолданады және көпшілігінде термин ретінде қалыптасып кеткен. Бұл термин қазақ тіліне орыс тілі арқылы енген. Осы лексика деген терминнің ұғымына тілдің жергілікті ерекшелігі де, сол бір тілдің говорлары да, диалектілері де енеді.
1 ОМОНИМДЕР МЕН КӨП МАҒЫНАЛЫ СӨЗДЕРДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ДАМУЫ
1.1 ОМОНИМДЕРДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ
Тілдің байлығы мен даму дәрежесі сөздік құрамдағы сөздердің саны көп болуымен ғана өлшеніп, мөлшерленіп қоймайды, сонымен бірге ондағы сөздердің семантикалық байлығымен де белгіленіп отырады. Дәлірек айтқанда, тілдің дамуы сөздік құрамдағы сөздердің санымен де, сапасымен де өлшенеді. Сөздің сапа жағынан дамығандығын көрсететін бірден-бір белгі – сөздің көп мағыналығы. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналығы (полисемия) дейміз. Сөздің көп мағыналығы – негізінде сөздік қордағы сөздерге тән қасиет. Неге десеңіз, бұлар – ұзақ жылдар бойы өмір сүріп, тілде жаңа сөз, тың мағыналар жасауға ұйытқы болып келе жатқан байырғы тума сөздер.
1.2 ОМОНИМДІК ҚҰБЫЛЫСТАРҒА СИПАТТАМА
Лексикалық омонимдерге ұқсас басқа тілдік құбылыстар. Солардың бірі – омофондар (грекше «homos» - бідей, «phone» - дыбыс, дауыс). Омофон дегеніміз айтылуы бірдей, бірақ жазылуы әр түрлі сөздер. Егер омонимдер айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ мағыналары басқа сөздер болып келсе, ал омофондар тек айтылуы бірдей болғанмен, шын мәнінде омоним емес сөздер, сондықтан олар жазуда әр түрлі таңбаланады. Тіл білімінде омофондардың шын мәнінде омонимдер еместігі ескеріліп, олар кейде жалған омонимдер, кейде сөздердің айтылуындағы ұқсастығына қарап фонетикалық омонимдер деп аталады. Мысалы: көнбе және көмбе сөздерінің омофондық сипатына тоқталық. «Біреудің ыңғайына көшпеу» мәніндегі болымсыз етістік көнбе сөзінің түбіріндегі н дыбысы өзінен кейінгі б дыбысының ықпалымен м болып өзгеруі нәтижесінде көнбе сөзі көмбе болып айтылады. Сөйтіп, ол «меже, мәре» мәніндегі көнбе сөзіне айтылуы жағынан ұқсап, омофон болып тұр. Сол сияқты болады сөзі ауыз екі тілде болат болып, тұзшы, асшы сөздері ащы, тұщы болып айтылып, болат (қатты асыл металл), дәмді білдіретін ащы, тұщы сөздерімен омофон жасап тұр.
1.3 СӨЗДЕРДІҢ ҚАТЫСЫМ БАРЫСЫНДАҒЫ ТАНЫМДЫҚ КӨРІНІСІ. ҚАТЫСЫМДЫҚ БІРЛІКТЕРГЕ ТӘН МАҒЫНАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ МЕН ОМОНИМДЕРДІҢ ҰҚСАСТЫҒЫ, АЙЫРЫМ БЕЛГІЛЕРІ
Тіліміздегі сөздер танымның жемісі болғандықтан, олар тілдік коммуникацияның мәнін айқындайтын қатысымдық бірлік ретінде орнықты. Сөздердің танымдық табиғатынан олардың тілдік қатынас барысындағы қолданылу тәсілін айқындап, тілдік қолданыс және когнитивтік қолданыс түрінде бөліп қарастыруға болады.
2 ОМОНИМДЕР МЕН КӨП МАҒЫНАЛЫ СӨЗДЕРДІҢ ҰҚСАСТЫҚТАРЫ МЕН АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ
2.1 ОМОНИМДЕР МЕН ПОЛИСЕМИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІК ТҰСТАРЫ
Полисемия мен омономияны бір-бірінен ажырата білу қажет. Бұларды бір-бірінен ажырату проблемасы тіл білімінде өте-мөте күрделі мәселе болып саналады. Сөздіктерді жасауда бірде-бір лексикограф (сөздік жасаудың маманы) полисемия мен омономияны бір-бірінен ажырату проблемасына соқпай өте алмайды. Алайда, полисемия мен омономияны бір-бірінен ажырату проблемасы барлық омонимдердің күллісіне бірдей қатысты емес. Мысалы: «ауаны ішке тартып, сыртқа шығарып тұратын дене мүшесі» деген мағынадағы өкпе сөзі мен «наз, реніш» деген мағынадағы өкпе сөзінің омонимдес сөздер болғандықтан, бұлар полисемиялы оңай ажыратылады.
2.2 М. ӘУЕЗОВТЫҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫНДАҒЫ САЛТ-ДӘСТҮРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ СӨЗДЕРДІҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Тақырыпқа кіріспес бұрын айтылмақ ойдың айқындылығы үшін әдет-ғұрып, салт-сана деген не: оның тууы мен қалыптасуы және қамтитын аймағы жөнінде мәселелерге ғалымдар пікіріне сүйене отырып, қысқаша тоқтала кетейік.
В. Г. Белинский салт-дәстүрдің өміршеңдігі жөнінде «Әдет-ғұрып замандар бойы сыннан өтеді. Өз дәуірінде ардақталып, ата-бабадан әулетке мұра ауысып, рудан-руға, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Олар халықтың сыртқы бейнесі болып табылады. Онсыз халық бет әлпетсіз бейне, болымсыз тас мусін тәрізді» - дейді.
2.3 ОМОНИМДІК СӨЗДЕРДІҢ ӨЗГЕРУ, ТҮРЛЕНУ ЖҮЙЕЛЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТОПТАСТЫРЫЛУЫ
Омонимдік қатарға енетін сөздердің өзгеру, түрлену жүйелерінің бір-бірінен қаншалықты дәрежеде сәйкес келуіне қарай омонимдер лексикалық (немесе толық) омонимдер, лексика-грамматикалық (немесе жартылай) омонимдер және аралас омонимдер болып топтастырылады. Енді осылардың әрқайсысына тоқталайық.
1.Лексикалық (немесе толық) омонимдер. Омонимдердің бұл түріне омонимдік қатарды құрастырушы сыңарлар (сөздер) бір ғана сөз табына қатысты болады да, қалай түрленсе де, ол сыңарлар барлық формаларында бір-бірімен сәйкес келеді. Мысалы, ауаны ішке тартып, сыртқа шығарып тұратын «мүше» деген мағынадағы өкпе сөзі мен «реніш, наз» деген мағынадағы өкпе сөзінің екеуі де бір сөз табына (зат есімге) қатысты болып, көптелсе де, септелсе де, тәуелденсе де, - барлық формаларында бір-біріне сәйкес келуі ескеріліп, кейде олар толық омонимдер деп аталады. Лексикалық омонимді құрастырушы сөздер барлық формаларында лексикалық мағыналары жағынан ажыратылады да, грамматикалық мағыналары жағынан ажыратылмайды. Сонымен, бір сөз табына қатысты болып, қалай түрленсе де, барлық формаларында бір-біріне сәйкес келетін сөздерден жасалған омонимдер лексикалық немесе толық омонимдер деп аталады. Лексикалық немесе толық омонимдерге мынадай омонимдер бола алады:
тарда айтылатын ишарат сөз.
2.4 СӨЗДІҢ КӨП МАҒЫНАЛЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОМОНИМ
Көп мағыналы сөздер өздерінің сырт формасы жағынан омонимдерге ұқсайды. Олардың осы сырт ұқсастығы бірінен-бірін ажыратуда көп ретте қиындық та келтіріп жүр. Студенттер сти-листика сабағындағы талдау жұмыстарында бұл екеуіне байла-нысты кейде қате де жіберіп жатады. Мысалы, ай_зат есімі — қазақ тілінде әдетте көп мағыналы сөз де, сондай-ақ омоним ретінде де қаралады.
2.5 ФУНКЦИОНАЛДЫ СТИЛИСТИКА ӘДІСТЕРІ АРҚЫЛЫ МӘТІНТАНУ НЕГІЗДЕМЕСІ
Функционалды стилистика қандай да бір байланыс саласындағы коммуникативті міндетке тәуелді тіл қызметінің заңдылығын зерттейтін ғылым. Ол бәрінен бұрын функционалды стильдердің айтылу жүйелігі мен өзіндік қызметі және өзге де функционалды стильдік ерекшеліктерді, яғни «стиль ішіндегі» жанрлық жағдаяттарды қарастырады. Оның міндетіне тілдің жеке стилистикалық мүмкіндіктерін қарым қатынас мақсаты мен міндетіне, мазмұн сипатына, ойлау формасына және әрбір әлеуметтік саладағы қарым қатынастың жағдаяттық ерекшелігіне байланысты зерттеу жатады.
2.6 МАХМУД ҚАШҚАРИДІҢ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСЕТІН ОМОМНИМ СӨЗДЕР
Махмудтың өмірбаянына қатысты мәліметтер өте жарытымсыз. Оның өмірі жайындағы мәлімет өз кітабында айтқан азын-аулақ хабардан әрі аса қоймайды. Махмудтың толық аты-жөні Махмуд абы Хусейн ибн Мухаммед Қашқари. Оның әкесі Қашқарда туып-өскен. Ол кезде арабша білім алған түріктер сол кездің салтымен өз фамилиясын туған жерінің атымен атаған. Сөздің соңындағы - парсының тәндікті, белгіні білдіретін жұрнағы. Қазақша айтсақ - қашқарлық дегенді білдіреді. Әкесі Қашқарда туып-өсіп, соның тұрғыны болғанымен, өмірі-нің көп кезеңін Баласағұн қаласында кешкен.
ы -''Диуани лұғат-ат-түрк'' - соның айқын куәсі.
2.7 СЫР ӨҢІРІ ЖАЗУШЫЛАРЫНЫҢ ТІЛІНДЕГІ ЖЕРГІЛІКТІ ҚОЛДАНЫСТАР
Ғ.Қалиев диалектілік лексикадағы осы үлгіде жасалған туындылар қазіргі тіл құбылыстарымен тек тарихи тұрғыда байланысады деп тұжырымдайды [9]. Бұл пікір диалектілік саналатын негіздің де қосымшаның да түп негізгі тарихтың терең қойнауына тартатынын, олардың семантикасын қазіргі күйінде қабылдауға тура келетінін білдіреді. Ал олардың семантикасына бойлау үшін күрделі этимологиялық талдау материалы қажеттігі анық.
2.8 КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ МЕТОНИМИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР (Ш.ҚҰДАЙБЕРДИЕВ, А.БАЙТҰРСЫНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫ БОЙЫНША)
Метафораға қарағанда, метонимияның (ауыс мағынасы бір зат пен екінші бір заттың өз ара ұқсастығының негізінде жасалатын сөздердің) қолданылу аясы әлдеқайда тар. Метафора стиль түрлерінің қай-қайсысында (бірінде аз да, басқасында одан көбірек) қолданылатын болса, метонимия мүлдем олай емес. Метонимия тілдегі стильдердің бәрінде бірдей қолданылмайды. Ал ғылыми стиль (тіпті қоғамдық ғылымның өзінде де) мен ресми-кеңсе стилінде жалпы кездеспейді. Оның көбірек қолданылатын жері көркем әдебиет стилі. Метонимияның көркем әдебиет стиліндегі қолданылуы метафорадан гөрі өзгешелеу: яғни бұл екі тропаның жазушы шығармаларындағы жұмсалу дәрежесін бірдей деуге болмайды. Өйткені, метонимияны көркем әдебиетте қолдану мәселесі, яғни оның шығармадағы аздығы немесе көптігі ең алдымен әрбір жеке автордың сөз қолдануындағы өзіндік шеберлігімен тығыз байланысты.
ҚОРЫТЫНДЫ
Полисемия мен омонимияны бір-бірінен ажыратуда мағыналардың арасында семантикалық байланыстың жойылуы немесе жоқтығы кейде негізгі критерий бола алмай қалуы мүмкін. Мысалы, түркі тілдерінде той 1. (зат есім) – той, 2 (етістік); (етістік) және т.б. осылар тәріздес омонимдер бар. Бұл омонимдік қатарлардың әрқайсысының құрамындағы есім сыңар мен етістік сыңар лексикалық мағыналары жағынан бір-бірінен алшақтап кетпейді, бұларда семантикалық бірлік, біртектілік бар. Бұларды омонимдер деп есептеуде негізгі таяныш – омонимдік қатарға енетін сөздердің әр басқа сөз табына (бірінің есімге, екіншісінің етістікке) қатысты болуы. Сөзде лексикалық мағына мен грамматикалық мағына түйісіп бас қосады.