Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 105 стр.

Год: 2010

Предварительный просмотр

Банк қызметіне баға берудегі өтімділік пен қабіліттілік


Мазмұны
Кіріспе 5
1 Қазақстанның бүгінгі қаржы және банк секторы 8
1.1 Банк және оның қазіргі кездегі қызметінің ерекшеліктері 8
1.2 Банк өтімділігін басқару әдістері 22
1.3 Банк өтімділігін талдау және бағалау көрсеткіштері 35
2 Қазақстандағы банк қызметіне талдау 42
2.1 Банктік қызмет реформасын жүргізудің қажеттілігіне талдау 42
2.2 Қаржы қызметтері нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесінің жалпы ережелері 60
2.3 Банк өтімділігі жағдайын қадағалау, несиелік қабілетті бағалау тәжірибесі және потенциалды қарыз алушының несиеге қабілеттілігін талдау 78
3 Ұлттық Банк қызметінің негізгі бағыттарының талаптары 93
Қорытынды 102
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 105

Кіріспе
Банктер басқарудың барлық деңгейіндегі халық шаруашылығы қызметімен тікелей және күнделікті байланыста болады. Банктер арқылы өндіріс үрдісіне қатысушылардың экономикалық мүдделері қанағаттанды-рылады.
Сондай-ақ, банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық ұйымдарының капиталын, тұрғындар қаржысы мен халық шаруашылығы үрдісінен тыс басқа да еркін ақша қаражаттарын өзіне тартады және оларды уақытша пайдалануға алымшыларға береді, ақша есептерін жүргізеді, сондай-ақ экономикаға өндіріс тиімділігі мен қоғамдық өнім қатынасына тікелей ықпал ететін басқа да түрлі қызметтер көрсетеді.

1 Қазақстанның бүгінгі қаржы және банк секторы
1.1 Банк және оның қазіргі кездегі қызметінің ерекшеліктері
Қазақстанның бүгінгі қаржы және банк секторы ТМД мемлекеттері арасында мойындалып отырған, барынша бәсекеге қабілетті саласы. Дей тұрсақ та, антимонополиялық заңнамаға енгізілген толықтырулар мен өзгертулер елдегі екінші деңгейлі банктер мен шетелдік банктердің еншілестерінің қызметіне қолайсыздық тудыруда. Алматыда өтіп жатқан конференция барысындағы «Қазақстанның қаржы және банк секторы» деп аталатын мәжілісте «Қазақстан Халық банкі» АҚ Басқарма төрағасы Григорий Марченко осындай пікір білдірді.
Оның айтуынша, Ұлттық банк пен Қаржылық бақылау агенттігінің пікірлері ескерілмей ҚР Парламенті депутаттарының екі палатасынан өткен аталмыш заң екінші деңгейлі банктердің кірісін азайтып, шығысын көбейтіп қана қоймай, сыртқы, яғни халықаралық нарықтағы қатынастарды күрделендіріп отыр.

1.2 Банк өтімділігін басқару әдістері
Банк өтімділігін коэффициенті – бұл банк балкнсының мәліметі бойынша белгіленетен, несиелік және «өтімді» деп аталатын активтер жиынтығының активтердің жалпы сомасына немесе пассивтің бірқатар тиісті баптарына арақатынасын көрсететін көрсеткіші.
Әдебиеттерден көбінесе өтімділіктің кеңінен тараған қаржылық коэффициенттер кездестіруге болады. Мәселен мыналар секілді:

1.3 Банк өтімділігін талдау және бағалау көрсеткіштері
Өтімділік-банктің сенімділігін қамтамасыз ететін, оның қызметінің жалпы сипаттамаларының бірі.
Банк өтімділігі-бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттігі.
Банктің міндеттемелерін нақты және әлеуеттіпеп екіге бөледі. Банктің накты міндеттемелері: талап ету депозиттері, мерзімді де-позиттер, тартылған банкаралық ресурстар, несие берушілердің қаражаттары түрінде банктің балансында көрсетіледі. Ал, әлеуетті немесе баланстан тыс міндеттемелерге: банктен берген кепіл хаттар, клиенттерге несие желілерін ашу, т.б. аркылы көрсетіледі.

2 Қазақстандағы банк қызметіне талдау
2.1 Банктік қызмет реформасын жүргізудің қажеттілігіне талдау
Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық қатынасқа өту кезеңінде несиені басқарудың жүйесі мен шаруашылық қызметке банктік қызмет көрсетудің тетігіне көшудің, кәсіпорындар мен банктердің қызметін басқаруда экономикалық әдістерді кеңінен пайдалануға ауысудың мүлдем жаңа тәсілдері қажет болды; банктердің арасындағы және банктер мен клиенттердің арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесін, сондай-ақ, банк жүйесі аясындағы - олардың жекелеген буындарының арасындағы өзара қарым-қатынасты қайта құру керек, яғни, банк жүйесін жаңа кұбылыстар мен процестерді ескере отырып реформалау қажет.

2.2 Қаржы қызметтері нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесінің жалпы ережелері
Осы Қаржы қызметтері нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесі 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 39-бабының 1-тармағының 14) тармақшасында көзделген негізгі ережелерді іске асыру мақсатында әзірленді, қаржы қызметтері нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу рәсімін айқындайды және осы тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін немесе ондағы нарық субъектілерінің жағдайын талдау мен бағалауды талап ететін жағдайларда, оның ішінде:

2.3 Банк өтімділігі жағдайын қадағалау, несиелік қабілетті бағалау тәжірибесі және потенциалды қарыз алушының несиеге қабілеттілігін талдау
Банкілердің тәуекелдерді басқару жүйесін еңгізу және дамытуының екі негізгі себебін бөліп қарастыруға болады.
Біріншіден, қазақстандық жетекші банкілер тәуекел-менеджментті дамытпай тұрақты өсудің болмайтының шынайы сезінді. Бұл оларға өздерінің тәуекелді басқару жүйелерін өздігінен дамытуда белгілі бір табыстарға жетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар тәуекелді басқаруда лайық халықаралық стандарттарға қол жеткізу үшін атақты халықаралық қаржы институттарынан консалтинг немесе стратегиялық инвесторларды тарту қажеттілігі туралы түсінік туды.
Екіншіден, дамыған тәуекелді басқару жүйесінің қажеттілігі туралы мұндай түсінік реттеуші органдарда да бар. Банкілердің өз еркімен қазіргі заманғы тәуекел-менеджментті енгізуге деген құлықсыздығымен бетпе-бет келген соң, ҚҚА екінші деңгейлі банкілердің тәуекелді басқару жүйелерінің жұмысына міндетті болуы және ұйымдастыруды іске асыруы туралы шешім қабылдады. Банкілерге деген тағы бір талап-олардын тәуекел-менеджмент жүйелеріне міндетті жыл сайынғы тәуелсіз халықаралық компаниялардың аудит жасауы.

3 Ұлттық Банк қызметінің негізгі бағыттарының талаптары
Нарықтық экономика жағдайында банк саласында банктер әр түрлі операцияларды жүзеге асыру барысында өз мойнына алатын қатерді дұрыс бағалай білудің маңызы жоғары.
Нарықтық қатынастың қалыптасқанына қарай тәуекелдік (қатер) ұғымы банк өміріне дендеп енетін болады. Тәуекелділік кез келген операцияда бола береді, алайда, олардың ауқымы әр түрлі. Сондықтан да банк қызметінде тәуекелділіктің мүлдем болмағаны маңызды емес, оны ең аз шамадағы деңгейге дейін жеткізу және кеміту маңызды.
Банк тәуекелділігі дегеніміз не? Әдетте «қатер» сөзін естігенімізде оның болу ықтималдығы алдымен еске түседі, дәлірегі, банктердің өз ресурстарының, табысының бір бөлігінен айырылып қалу қаупін немесе қаржылық операцияларды жүзеге асыру барысында қосымша шығын шығару қаупін ұғамыз. Банк қызметі залалды болуы үшін шығыс, ысырап, залал секілді категорияларға бағдарланып, оларды қолдану қажет [27,106].

Қорытынды
Банктің мәні банктердің тұрпаттары мен түрлеріне карамастан бірыңғай болады әрі оның мәні коммерциялық банкке де инвестициялық банкке де, эмиссиялық банкке де және т.б. барлық банктерге бірдей тән болып табылады. Бұл аталған банктердегі операциялар да, қызмет ету аясы да және т.б. бір-бірінен өзгеше болады, бірақ бұл арадағы оның (банктің) мәні өзгеріссіз қалады және олардың барлығына бірдей тән. Бұл ерекшеліктер біртұтас ретінде банктердің әр түрлілігін көрсетеді.
Әдістемелік тұрғыдан алғанда банктің мәні туралы мәселе оны басқа экономикалық институттардан айрықшалайтын өзіндік ерекшеліктерін анықтауды қажет етеді. Мәселе мынада: осы заманғы банктер орындайтын көптеген қаржылық, кеңес беру және т.б. қызмет түрлерін (200-ден астам) басқа экономикалық институттар, оның ішінде, банк инсгитуты өз клиенттеріне көрсете алады. Оның үстіне, банк атқаратын жұмыстардың көбісін басқа институттар да орындайды. Мұндай ахуалдан шығу үшін операциялардың ішінен тек банктің өзіне ғана тән операциялар мен қызметтерді бөліп көрсету керек.