Өмір және оның мәні
Жоспар
1 Өмір және оның мәні 3
1.1 Өмірдің мәні 3
1.2 «Бақыт» түсінігі 4
1.3 Адасу 8
1 Өмір және оның мәні
1.1 Өмірдің мәні
«Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?» деген сұраққа кім болса да: «Жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын, толғанбайтын, мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды», - деп жауап беретін болар. Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.
Ұлы Абайдың жас ұрпаққа: «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол» деп өсиет калдырғаны белгілі.
Әрине, бұл жерде өз атына лайық, ізгі, мейірімді, өзгелерді қадірлейтін, өз мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра алатын, өзі үшін де, өзгелер үшін де еңбек ете білетін, өз құқығын қорғап, өзгелердің құқығын сыйлайтын, өмірден кеткен соң артына жақсы сөзі мен ісін қалдыратын адам туралы әңгіме болып отырғаны анық.
1.2 «Бақыт» түсінігі
Өмірдің мөні туралы айтқанда, біз оралмай кете алмайтын бір ұғым бар. Ол - бақыт туралы ұғым. «Өмірдің мәні оны бақытты етіп өткізуде» деген тұжырымның кез келген адамға түсінікті әрі жылы естілетіні содан болса керек.
Бақыт дегеніміз - өзі болмысының шарттары мен адамның кең ауқымды ішкі қанағаттанушылығына сәйкес келетін, өмірінің толыққандығы мен маңыздылығын, өзінің адамдық мұратына жету күйін көрсететін моральдық сана ұғымы.
1.3 Адасу
Еңбектен, махаббаттан, табиғаттың сұлулығынан немесе достар арасындағы толық түсіністікті сыр шертісулерден тыс қалған адам бақытты өзге жақтан іздейді. Адасу осыдан басталады. Алдымен шылым шегуден, спирттік ішімдіктен жанға сая табу кейін есірткі қабылдауға ұласуы әбден мүмкін. Уландырғыш заттар бастағы бар ауыртпалықгы белгілі бір мезетке ысырып тастағандай әсер етіп, көнілдің хошын келтіретіні рас. Есірткі қабылдаған адамда іштей қанағаттанғандық сезім пайда болып, қайғы мен мұң ұмытыльш, көңілі көтеріліп, айналасы қызылды-жасылды түске енеді.