Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Баяндама

Объем: 12 стр.

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының түсiнiгi жəне оның жүйесi мен мiндеттерi

Жоспар
1. Қылмыстық құқықтың түсiнiгi 3
2. Қылмыстық құқықтың жүйесi жəне оның мiндеттерi 7
3. Қылмыстық құқық ғылымы 10
Әдебиеттер 13

1. Қылмыстық құқықтың түсiнiгi
Кейбiр еуропа халықтарының тiлдерiнде қылмыстық құқықтың негiзiнде қандай ой жатыр деген мəселеге байланысты бұл ұғым екi түрлi атауға ие. Егер ой қылмыс туралы болса, онда оны criminal law - (ағылшын), droit criminel –(француз), criminal- recht (немiс), - латынның “crimen” - қыл мыс, яғни қылмыс туралы құқық деген мағынада, ал егер бiрiн шi орынға қылмысы үшiн жаза деген ой ығыстырылса, онда оны–penal law, droit penal, strafrecht – латынның “poena”- жаза, яғни жаза туралы құқық деген мағынада қолданылады.
Көптеген авторлардың айтуынша, қылмыстық заңдар деп “адам басымен” жауап беретiн, яғни өмiрiмен жауап беретiн заңдар аталады. Мұнда сөз адамның “басымен” байланысты, орыстың “уголовное” сөзi “голова” сөзiмен түбiрлес жатуында деп жорамалдайды. Бұл деректер нақты емес. Дей тұрғанмен, қылмыстық құқықтың ұғымы барлық уақытта заңмен, яғни қылмыстық əрекет үшiн жазаны анықтаушы заңмен байланыстырылып отырылды.

2. Қылмыстық құқықтың жүйесi жəне оның мiндеттерi
Қылмыстық құқықтың жүйесi Жалпы жəне Ерекше бөлiмдерден тұрады.
Жалпы бөлiмде қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсiнiгi мен мiндеттерi, қылмыстық жауаптылықтың негiздерi мен одан босату негiздерi, қылмыс құрамының түсiнiгi, қылмыстық заңның кеңiстiктегi жəне мезгiлдегi күшi, қылмыс жасау сатылары туралы ұғым мен қылмысты қатысып жасау, жаза жəне оның мақсаты мен жүйелерi, жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жазадан босатудың басты мəселелерi зерттеледi.
Ерекше бөлiмде нақты қылмыс құрамдары жəне оларды жасағаны үшiн белгiленген жаза түрлерi көрсетiледi. Жалпы жəне Ерекше бөлiм өзара тығыз байланысты сондықтан осы екi бөлiмнiң жиынтығы қылмысты құқықты құрайды.

3. Қылмыстық құқық ғылымы
Қылмыстық құқық ғылымы – заң ғылымдарының құрамдас бөлiгi. Ол қылмыстық заң туралы түсiнiктердiң, олардың əлеуметтiк тиiмдiлiгiн, оның даму жəне жетiлдiру заңдылықтары мен тенденциялары жөнiнде, қылмыстық құқықтың қағидалары жəне тарихы туралы қылмыстық құқықтық көзқарастар мен ой-пiкiрлердiң жүйесiн құрайды.
Қылмыстық құқық ғылымының негiзгi зерттеу обьектiсi қылмыстық заң жəне оның құқық қолдану органдары тəжiрибесiнде дұрыс қолдануын, жаза тағайындаудың, қылмыстылықпен күрес жүргiзудiң ғылыми негiздерiн белгiлеу болып табылады.

Әдебиеттер
1. Ағыбаев А.А. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлiм. Алматы, 1999
2. Ашитов З.О. Вопросы дальнейшего укрепления социалистической законности. – Алма-Ата: Казахстан, 1976
3. Беляев Н.А. Уголовно - правовая политика и пути ее реализации. Л., 1986
4. Босхолов С.С. Основы уголовной политики. Конституционный, криминологический, уголовно-правовой и информационный аспекты. М., 1999