Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Саясаттану

Тип: Реферат

Объем: 16 стр.

Полный просмотр работы

Адам - биоәлеуметтік жан

Жоспар
1 Адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлар 3
2 Социбиология бағытының адам туралы теориясы 12
3 Адам-жеке адам және тұлға ретінде 15

1 Адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлар
Өткен тақырыпта бұдан 30-40 мвң жылдай бұрын Homo sapiens (ақыл-ойлы адам) қалыптасқаннан кейін адамның биологиялық эволюциясы мүлдем дерлік тоқтады дедік. Мұның себебі неде ?- деген сұрқ туады.
Адмның эволюциясы, жалпы алғанда, оның өмірінің барлық кезеңдрінде тоқтамай жүріп жатады. Бірақ қазіргі эволюция адам өмірінің әлеуметтік жағына қатысты, ал биологиялық эволюцияға келсек, адам жануарлардан бөлініп шықаннан кейін ол шешуші рөл атқармйтын болғаны сөзсіз. Енді адамның эволюциясына оның өмірін мәдени жағынан ұйымдастыру, яғни қоғамдық өндірістің тәсілі, еңбек қызметінің дамуы, тұрмыс жағдайлары тағы басқа шешуші әсер ететін болды. Тіпті денсаулығы әлсіз адамдарда медицинаның көмегі арқасында қоғам өміріне белсене қатыса алады.

2 Социбиология бағытының адам туралы теориясы
Адамның дамуы көп жағдайда биологиялық факторларға байланысты болғанымен, бірақ оны абсолюттендіріп, асыра бағалауға болмайды. Осы жөнінен алғанда соңғы кезде шыққан социобиология деп аталатын жаңа бағыттың адам жайлы теориясының көзқарастық қағидаларына талдау жасаудың сабақ боларлық мәні бар.1975 ж. Американдық энтомолог Э. О. Уилсонның “социобиология : новый синтез” деген кітабы жарық көрді. Социобиологияның щығыуы осы кітаптың шығуымен байланысты болды. Бұл кітапта адамның моральдік, еркіндік, агрессивтік, эгоистік, альтруистік сияқты әлеуметтік сапаларын жануарлар биологиясы тұрғысынан жаңаша түсіндіру концепциясын түсіндіреді.

3 Адам-жеке адам және тұлға ретінде
Жоғарыда айтқандай, адамның екі түрлі жаратылысы бар- ол биоәлеуметтік жан. Онда биологиялық сапа, қасиеттермен әлеуметтік сапа, қасиеттер де бар. Әлеуметтік болмыс деңгейде және әлеуметтік теория тұрғысынан адам проблемасы жеке адам және тұлға ұғымдары арасындағы қарым-қатынас проблемасына айналады, яғни биологиялық жаратылысы жағынан адам ең алдымен жеке адам, ал әлеуметтік жаратылысы жағынан тұлға болып табылады.Жекек адам туралы әңгіме болғанда, адамзат тегінің жеке бір өкілін түсіну қажет.