Индекстер.
Жоспар
1. Индекс түсінігі
2. Жалпы және орташа индекс
Индекс – экономикалық құбылыстарды статистикалық талдаудың ең көп тараған әдісі болып есептеледі. Жалпы индекс әдісі 1738 жылы дүниеге келді деген болжам бар. Сол жылы француз экономисті Дюто бағаның өзгеру көрсеткіштерін есептегенде бірінші рет мынадай индекс қолданған:
Қазір барлық орталық, республикалық, облыстық, аудандық газеттерде әлеуметтік-экономикалық дамуының тоқсан сайынғы және жылдық қорытындылары жарияланады. Индекстер күрделі құбылыстардың жекелеген элементтері немесе барлық күрделі құбылыстар үшін есептелінеді. Жиынтық бірліктерін қамту шеңберіне сәйкес индекстер жеке және құрама болып бөлінеді. Егер, тікелей өлшеуге келетін жеке элементтердің ара қатынасын көрсету керек болғанда жеке индекс қолданылады. Ал, күрделі құбылыстардың ара қатынасын сипаттау үшін жалпы индекстер қолданылады.
Жеке индекстер статистикалық іс жүзінде жиі қолданылады. Бірақ экономикалық талдауда жалпы индекстер кеңінен қолданылады. Жалпы индекстерді есептеу кезінде күрделі құбылыстың жекелеген элементтерін өлшеу және қосу мүмкін емес. Осыдан құбылыстың жекелеген элементтерін өлшеуге келетін бірліктерді алдын-ала көрсетудің қажеттігі келіп шығады. Мысалы, сатылған бір тонна картон мен бірнеше дана телевизор, метрлеген мата мөлшерін қосуға келмейді. өйткені, олардың қолданылуы мақсаты әр түрлі. Сондықтан да бұл өнімдерді бір өлшеммен ақшалай көрсету арқылы, өнімнің жалпы мөлшерінің динамикасы жөнінде түсінік алуға болады.