Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Өнертану

Тип: Реферат

Объем: 10 стр.

Полный просмотр работы

Мәдениет туралы материалдар

«Мәдениет дегеніміз не?» — деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн көрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият» — кала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды алътерінативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні — мәдениет пен табиғатты «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық. Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» дегеп мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтканда, Цицеронның еңбектерінде (б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңнен жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді.

Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдедиет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «кұрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманның сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықnамалар берілген:
а) мәдениет — белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;
ә) мәдениет — адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, қазақ мәдениеті және.т.б.;
б) мәдениет — адамдық өркениеттің белгілі бір саласыныц жетілу деңгейі (сөйлеу мәдеииеті, еңбек мәдениеті, кұқық мәдениеті және т.б.);
в) агро-мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және т.б.)

Өкінішке орай, грек қоғамының даму барысында, әсіресе эллинизм дәуірінде, көне полистердің өз тәуелсіздіктерін жоғалуына байланысты грек «пайдейясының» идеалдары бұзыла бастады. Әлеуметтік тұрақсыздық пен бей-бсрекет саяси уақиғалардың салдарынан мәдениетке ұқсап келді. Білім бсрудің тағы да басқа мәдени құндылықтардың дәрежесі түсіп кетті. Бірақ коғамдағы мұндай өзгерістерге қиындық пен тоқырауларға қарамастан мәдениет өз дамуын тоқтатқан жоқ. Христиандық сана негізінде дамыған ортағасырлық мәдениет пұтқа табынушылықты жоққа шығара отырып, көне мәдениеттің табыстары сол қалпында сақтай білді.

XIX ғасырда мәдениет мәселелерімен тығыз айналысқан ғалымдардың бірі - ағылшын ойшылы Эдуард Бернетт Тайлор (1832-1917) болды. Ол «мәдениет жөніндегі ғылым - реформалар жөніндегі ғылым» деп тұжырымдай отырып, мәдениетті үздіксіз даму үстіндегі процссс деп қарастырды. Тайлор мәдениетке мынандай жалпылама анықтама береді. «Мәдениет пен өркениеттен, орфографиялық мағынада - білімнен, наным-сенімдерден, өнерден, адамгершіліктен, заңдардан, салт-дәстүрлерден және қоғамныд мүілесі ретілде адамның игерген дағды-лары мен түрлі қабілетерден құралады». Нақты идеалды тұрғыдан қарастырсақ,мәдениет - жеке адам мен бүкіл коғамды, адамның бақыты мсн болашағы жолындағы құндылықтарды дамыту аркылы адамзат баласын жан~жақты жетілдіру болып табылады.

Адам өзінің табиғи жаратылысынан-ақ мүмкіндіктері мол, ақылды жан және соны тиімді пайдаланудың нәтижесінде адам иілігіне сай қоғам құруға кабілетті. Ал бұл ізгі мұраттың жүзеге аспауына адамның өзі кінәлі, дәлірек айтқанда оның білімсіздігі мен мәдениетсіздігі, адамзатты ғасырлар 'бойы қараңғылық түнегінде ұстауы және т.б. мәдениет пен өркенеттің даму барысында басты кедергілср болды. Осы орайда Ағартушылық дәуірі ойшылдарының антиклерикалдық (дінге қарсы).

Көңіл-күйді аңғару онша қиынға соқпайды. Осындай көңіл-күй табиғат пен адамның осы бір жарық дүниедегі алатын орны туралы мәселені кайта қоюға мумкіндік берді. Соңдықтан да болар Ағартушылык дәуірінің философиясы мәдениет туралы ілімді дамытуға мүмкіндік беретін категорияларға сүйенді (табиғат, адам, коғам, таным, акыл-ой). Сонымен қатар бұл категориялар жалпы философиялық сипатқа ие болды. Олар XVIII ғасырдың ағартушыларына тарихи прогресс идеяларын дамытуға және тарихи дамудың мақсаты, қозғаушы күштері және мағынасы жөніндегі сұрақтарды белгілеуге мүмкіндік берді.