Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 22 стр.

Год: 2014

Предварительный просмотр

Мердігерлік шарт пен, еңбек шарт: тәжірибеде қолдану


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 Мердігерлік шарты туралы жалпы ережелер 5
1.1 Мердігерлік шарты түсінігі және элементтері 5
1.2 Бас мердігер және қосалқы мердігер 6
1.3 Жұмыстың орындалу мерзімдері, мердігердің үнемі 6
2 Мердігерлік шартының жекелеген түрлері 12
2.1 Тұрмыстық мердігерлік 12
2.2 Құрылыс мердігерлігінің ерекшеліктері 15
2.3 Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерліктің ерекшеліктері 18
3 Тараптардың құқықтары мен міндеттері 20
3.1 Мердігердің құқықтары мен міндеттері 20
ҚОРЫТЫНДЫ 21
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 22

КІРІСПЕ
Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша тбелгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндеттенеді. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердігердің тәуекелімен орындалады.
Экономикалық тұрғыда мердігерлік бұл қызмет, оның нәтижесі заттай мінезде болып келеді.
Мердігерлік шартының туындайтық құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша міндеттемелерге жатады. Солардың көмегімен белгілі бір тұлғаның жұмысының нәтижесі тиісті ақшалай құндылыққа айырбасталады.

1 Мердігерлік шарты туралы жалпы ережелер
1.1 Мердігерлік шарты түсінігі және элементтері
Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша тбелгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндеттенеді. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердігердің тәуекелімен орындалады. /1.2., 167 б./
Мердігерлік шартның элементтері
Мердігерлік шартының тараптары болып мердігер және тапсырысшы болып табылады.
Тапсырысшы – екінші тарапқа – мердігерге шарт бойынша келісілген белгілі бір жұмысты орындауға тапсыратын тұлға.

1.2 Бас мердігер және қосалқы мердігер
Егер заң актілерінен немесе шарттан өзгеше туындамаса, мердігер шартты орындауға басқа тұлғаларды (қосалқы мердігерлерді) тартуға құқылы. Мұндай жағдайда мердігер – тапсырысшының алдында бас мердігер, ал қосалқы мердігердің алдында тапсырысшы болады.
Бас мердігер қосалқы мердігердің алдында тапсырысшының міндеттемені орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауапты, ал тапсырысшының алдында қосалқы мердігердің міндеттемені орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауапты болады./1.2., 168б./
Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы мен қосалқы мердігер бір-бірінші өздерінің бас мердігерімен арадағы шарттарды бұзуына байланысты талаптар қоюға құқығы жоқ.

1.3 Жұмыстың орындалу мерзімдері, мердігердің үнемі
Мердігерлік шартта жұмысты орындаудың бастапқы және түпкі мерзімі көрсетіледі. Тараптардың арасындағы келісім бойынша шартта жұмыстың жекелеген кезеңдерінің аяқталу мерзімдері (аралық мерзімдері) де көзделуі мүмкін.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердігер жұмысты орындаудың бастапқы және түпкі, сонымен қатар аралық мерзімдерінің бұзылғаны үшін жауапты болады.
Жұмыс орындаудың мердігерлік шартта көрсетілген бастапқы, түпкі және аралық мерзімдері шартта көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша өзгертелуі мүмкін.

2 Мердігерлік шартының жекелеген түрлері
2.1 Тұрмыстық мердігерлік
Бұл шарт мердігердің тұрғындарға қызмет көрсету аясындағы қатынастарды реттейді. Ол арқылы азаматтар бөлшектеп сатып асу-сату шарттарды жасасып иелене алмайтын заттарға иелене алады, сол сияқты тұрмыстық мердігерлік шарт бойынша олардың нәтижесі зат болып келмейтін жұмыстар орындалады. Мысалы: косметика салондарының шаштараздар, моншалар, шеберханалар және тағы басқа қызмет көрсетуі осы сипатта болады. Тұрмыстақ мердігерлік қатынасында бөлшектеп сатып алу-сату шартына секілді бір тарабы болып тұтынушы қатысады.

2.2 Құрылыс мердігерлігінің ерекшеліктері
Мердігерлік шарттың қарастырылып отырған түрі оның құқықтық өзгерістерін бастан өткізген. Социалистік экономиканың дамуының алғашқы кезкңдерінде құрылыс мердігерлігі сөзсіз мердігерлік шарты болып қарастырылған./1.3.,240б./ 1923 жылдың 1 қаңтарында күшке енгізілген РСФСР Азаматтық кодексінің 220-235 баптарында және РСФСР –дың Азаматтық кодексінің 235-бабының 5-қосымшасы болып табылатын «Мемлекеттік мердігерлік және жеткізілім туралы» Ережелерде мердігерлік жұмыстардың барлық түрлерін реттеу үшін арналған жалпы мәндегі нормалар болған. Көрсетілген соңғы нормативтік актпен қандай жұмыстарды орындауға шарт жасалғанына тәуелсіз мемлекет және оның органдарының қатысуымен мердігерлік шарттың бірқатар ерекшеліктері реттелген.

2.3 Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерліктің ерекшеліктері
Мердігерлік шартының бұл түрі құрылыс жұмыстарымен тығыз байланысты жұмыстар жүргізілуін құқықтық реттеуге арналған. Жобалау жұмыстар оларға сәйкес, алда құрылыс жүргізетін құжаттар өңделуін қарастырылады.
Алдағы жұмыс көлемі үлкен болып арнайы мақсатқа жоспарлануы мүмкін. Сондықтан жобалаудың алдағы шығынды бағалау, болашақ құрылыстың экономикалық тиымдылығын көтеру үшін маңызды болып табылады. Іздестіру жұмыстары салынған ғимаратты болашақта пайдаланудың жолдарын құрылыс салу орнын, құрылыс тәсілдерін және т.б. анықтауға мүмкіншілік береді.

3 Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3.1 Мердігердің құқықтары мен міндеттері
Мердігердің негізгі міндеті жұмыстарды шарт жасасу кезінде жобалауға берілген бастапқы деректерге сәйкес орындау.Әрине, мердігер бұл жұмыстарды тиісті түрде мамандығына сәйкес орындауға міндетті. Мердігер дайын жобалау-сметалық құжаттаманы тапсырысшымен келістіруі қажет. Қажет болса ол тапсырысшымен бірге жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекет органдарымен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен келістіруде қатысуы керек. Бұл міндетті мердігерге жүктеудің өз себебі бар, мердігер маман болған соң жобалау-сметалық құжаттаманы құзыретті мемлекеттік органдарымен жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен келістіру, оның бөлек тармақтарының, құрамаларының негізділігін көрсету жеңілдеу болады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Осы «Мердігерлік шарты» тақырыбына жазылған курстық жұмысты орындау барысында, жұмыстың мақсатына сай мынандай қорытынды жасауға болады:
Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша тбелгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндеттенеді. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердігердің тәуекелімен орындалады.