Машиналар мен құрал - жабдықтарды бағалау
Жоспар
1 Машиналар мен құрал - жабдықтарды бағалау 3
1.1 Бағалау әдістерін классификациялау (талдау) 3
1.1 Салыстырмалы тәсіл 6
1.1.1 Жалпы қағидалар 6
1.1.2 Нарықтық бағалардың қайнар кездері мен түрлері 7
1.2 Салыстырмалы объектінің сәйкестік дәрежесін анықтау әдістері мен модельдері 9
Әдебиеттер 11
1 Машиналар мен құрал - жабдықтарды бағалау
1.1 Бағалау әдістерін классификациялау (талдау)
Машиналар мен құрал - жабдықтарды бағалау үшін, негізгі қорлардың басқа элементтерін бағалауда қолданылатын базалық механизмдер мен тәсілдер қолданылады:
- Салыстырмалы
- Шығындық
- Табыстық
Бірінші екі тәсілді үшіншісіне қарағанда қарапайым деуге болады. Олар қатынастарға негізделік, қарапайым жағдайларда күрделі экономика - математикалық есептерді талап етпейді. Бұл тәсілдерді қолданудағы негізгі проблемалар экономикалық емес, ақпараттық болып табылады. Аталған тәсілдердің әрқайсысының өз әдістері мен ақпараттық қамтамасыздандыруға ез талаптары және өзінің өте тиімді қолданыс аймағы бар.
1.1 Салыстырмалы тәсіл
1.1.1 Жалпы қағидалар
Ең алдымен, айырбастау бағаны анықтаған кезде бұл әдістің өзіндік мәні бар. Яғни сату, кепілдікке беру, жалға бері, лизинг мақсатымен құнды бағалау туралы сөз болған кезде қарастырылады. Шындығында, егер құрал - жабдық демонтаж дауға арналған болса, онда оның жаңа меншігі осы жабдықтың қалпына келтіру құнын есепке алынған фундаменттің, монтаждық жұмыстардың құнын телемейді. Кері жағдайда, яғни бағалау объектісін нақты қарастырылған әдіспен, нарықтық құнына оның нақты орналасуы (ғимарат құны) бойынша, алдағы қолдануда көлікке, монтажға және тағы басқа орналасу немесе инсталяциялық шығындарды қосу керек.
1.1.2 Нарықтық бағалардың қайнар кездері мен түрлері
Нарықтық бағаның келесідей түрлері бар:
- анықтамалық бағалар;
- биржалық бағалар;
- саудалық немесе тендерлік бағалар;
- ішкі саудадағы нақты мәмілелердің бағалары;
- импорттың (ішкі саудалық немесе нақты бағалар);
- әлемдік бағалар.
1.2 Салыстырмалы объектінің сәйкестік дәрежесін анықтау әдістері мен модельдері
Салыстырылатын машиналар мен жабдықтар бірлігі сәйкестігінің дәрежесін анықтауды таңдаған кезде олардың үш жақындылығын және ұқсастығын ажыратады.
Бірінші деңгей толық болуы мүмкін функционалдық ұқсастықты қарастырады. Функционалдық ұқсастық классификаторлардың көмегімен - амортизациялық шығару нормаларының анықтамасымен және т.с.с. анықталады.
Функционалдық ұқсастықтың екінші деңгейде болуы конструктивтік ұқсастықты, яғни конструктивтік сызба, кұрамы, элементтердің бір типтілігі бойынша машиналардың ұқсастығы жоғары дәрежеде қарастырады.