ҰЕЖ-нің құрылымы
Жоспар
1 ҰЕЖ-нің құрылымы 3
1.1 Өндіріс шоты 3
1.2 Табыстардың пайда болу шоты 4
1.3 Табыстарды бөлу шоттары 4
1.4 Табыстарды пайдалану шоты 6
1.5 Қор жинау шоттары 7
1.6 Сыртқы экономикалық байланыстар шоттары 9
Әдебиеттер 12
1 ҰЕЖ-нің құрылымы
ҰЕЖ-де экономикалық операциялардің нәтижелері баланстық кесте түрінде көрсетіледі. Әр операция шоттарда екі рет жазылады, яғни кестенің оң жағында ресурстарда, сосын кестенің сол жағында ресурстарды пайдалануда. Кестеде бейнеленген әр бір шоттағы ресурстар бөлігінің жиыны пайдалану бөлігінің жиынына тең болуы керек. Жүйедегі негізгі шоттарды, олардың көрсеткіштерін еске сақтауды жеңілдету үшін және көрсеткіштер арасындағы байланысты толық сипаттау үшін шоттардың келесі үлгілерін көруге болады.
1.1 Өндіріс шоты
Шоттың ресурстар бөлігінде өндірілген өнімнің құны, өнімге және импортқа салынатын салықтар көрсетіледі. Ал пайдалану бөлігінде өнім өндіруге жұмсалған шығындар, өндірістік емес сферадағы тұтыну шығындары, яғни аралық тұтыну шығындары болады. Аралық тұтынудың нәтижесінде (шикізатты, материалды, отынды т.б. тұтыну) өндірілген өнімнің құны азаяды. Жалпы шығарылған өнім құнына аралық тұтыну шығындарын шегергенде қалған қалдық жаңадан қосылған құнды анықтайды.
1.2 Табыстардың пайда болу шоты
Табыстардың пайда болу шотында өндірістік процеске тікелей қатысты бөлу операциялары, олардың нәтижесінде жасаған алғашқы табыстар: еңбекақы, өндіріске салынатын таза салық, кәсіпорындардың, мекемелердің жалпы пайдасы, халықтың аралас табысы көрсетіледі. Табыстардың пайда болу шоты да өндіріс шоты сияқты экономика салалары,секторлары және тұтас экономика үшін құрылады. Төменде шоттың үлгісі берілген.
1.3 Табыстарды бөлу шоттары
Бұл шотта алғашқы табыстар өндіріс нәтижесінде алынған табыстар мен меншіктен түскен табыстар сальдосының қосындысы ретінде көрсетіледі.
Алғашқы табыстарды бөлу шоты өндіріске тікелей қатысты болмағандықтан тек секторлар және тұтас экономика үшін құралады. Шоттың ресурс бөлігінде резидент - бірліктердің «қалған әлемнен», резиденттерден қабылдаған мынадай алғашқы табыстары болады:
1.4 Табыстарды пайдалану шоты
Қолда бар табыстарды пайдалану шоты үй шаруашылығының, мемлекеттік мекемелердің, үй шаруашылығына қызмет көрсететін қоғамдық ұйымдардың қолда бар өз табыстарын ақырғы тұтынуға және сақтық қорға (жинақ) қалай бөлгенін көрсетеді. Шоттың ресурс бөлігінде қолда бар жалпы ұлттық табыс, ал пайдалану бөлігінде үй шаруашылығы, мемлекеттік мекемелер, үй шаруашылығына қызмет көрсететін қоғамдық ұйымдар секторының ақырғы тұтыну шығындары және жалпы ұлттық жинақ болады (төмендегі кестені қараңыз).
1.5 Қор жинау шоттары
Капиталға байланысты операциялар шотында институционалдық резидент бірліктердің қаржылық емес активтеріне байланысты операциялар есепке алынады, сол опеацияларды қаржыландыру көздері көрсетіледі. Бұл шотта қаржыландыру көзі болып жалпы жинақ және күрделі трансферт сальдосы саналады.
1.6 Сыртқы экономикалық байланыстар шоттары
Сыртқы экономикалық байланыстар шоттары («қалған әлем» шоттары) ҚР экономикасы мен басқа елдердің экономикасы арасындағы байланыстарды көрсетеді. Бұл байланыстар сыртқы экономикалық әрекет түрінде байқалады. Сыртқы экономикалық әрекетке тауар мен қызмет экспорты, импорты, халықаралық кооперация, Қазақстан аумағындағы шетелдік заңды ұйымдардың кәсіпкерлік және шаруашылық әрекетпен айналысуы (бірлескен кәсіпорындар), сол сияқты Қазақстандық ұйымдардың бірлескен кәсіпорындарды шетелдерде ұйымдастыруы, жұмыс күшінің, шетелдік және Қазақстандық инвестицияның қозғалысы, халықаралық туризм, көлік, сақтандыру, несие т.б. сыртқы экономикалық операциялар жатады. Сыртқы экономикалық әрекеттердің нәтижелері мына шоттарда көрсетіледі:
Әдебиеттер
1. ҚР Статистика жөніндегі Заңы, Астана, 2001 жыл.
2. Мемлекеттік статистика мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер. Алматы: ҚР Статистика агенттігі, 2005 жыл.
3. Методологические положения по статистике, Алматы: Агентство РК по статистике, 2006.
4. Абдурахманов, Құсайынов Т.А., Байдақов А.Қ. Статистика және ҰШЖ. Астана, 2010 жыл.
5. Әміреұлы Ы. Статистиканың жалпы теориясы. Алматы. Экономика, 1998
6. Шайкенова Н.Т. Статистика. Оқу құралы. Астана, 2005
7. Абдурахманов М.А. Статистика. Оқу құралы. Астана, 2006
8. Елемесова А.М., Киіков Е.М. Ұлттық есеп жүйесі. Алматы, Экономика. 2000
9. Авров А.П. Общая теория статистики. Алматы, 2004
10. Әміреұлы Ы., Бейсекова Ж.Ы. Статистиканың жалпы теориясы бойынша есептер жинағы. Алматы, 2004