Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 30 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Фирманың бәсеке қабілеттігін арттыру жолдары Үркеркосметикс мысалында


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
Ι-тарау. Бәсекелестік қабілеттің теориялық негіздері 5
1.1 Бәсекелестің түрлері мен формалары 5
1.2 Кәсіпорынның бәсекелік стратегиялары 12
1.3 Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету 15
ΙΙ-тарау. «Үркеркосметикс» Жшс-тің техникалық – экономикалық және шығармашылық көрсеткіштерін талдау 21
2.1 «Үркер косметикс» ЖШС – тің техникалық – экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау 21
2.2 «Үркер косметикс» ЖШС-тің өнімдерінің бәсеке қабілеттілігін бағалау 23
ΙΙΙ-тарау. Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттыру жолдары 25
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ 30

КІРІСПЕ

Қазақстан өз алдында егемендігін алып, тәуелсіз, көк туы желбіреген ел болып қалыптасқанның кейін, кең байтақ әлемде өз орнымызды табу мақсатында нарықтық жүйеге көшіп - әлемдік экономиканың бір бөлігі ретінде орныға бастадық. Өндіріс – елдің экономикалық потенциалының негізі, бәсеке қабілетті өндіріс ғана экономиканың бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете алады. Қазақстан Республикасының өндірістік саясаты осы салада жасалатын барлық нормативтік құқықтық актілер, мемлекетті басқару процедуралары және әр түрлі даму бағдарламаларының ең басты басыңқы мақсаты Қазақстан кәсіпорындарының бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау, яғни соның нәтижесінде жалпы экономиканың бәсеке қабілеттілігін жоғарлату. Қазақстанның өндірістік бәсеке қабілеттілігі адамдарды оның саяси шеніне, қоғамдағы жағдайына тәуелсіз біріктіру. Бәсеке қабілеттілігі жоғары өндірісті қалыптастырудың нәтижелері төмендегідей:

Ι-тарау. Бәсекелестік қабілеттің теориялық негіздері

1.1 Бәсекелестің түрлері мен формалары

Нарық құрылымы – бұл нарықтың негізгі белгілері болып табылады, яғни әр түрлі құрылымды және әр түрлі саладағы фирмалардың жалпы саны жатады.
Нарық құрылымын білу әр түрлі баға деңгейінде сату көлемін білуге мүмкіндік береді және де қолданылған шаралардың әсерінең бәсекелес фирмалар қандай әрекет жасайтынын көрсетуге мүмдікдік береді. Қорыта айтқанда нарық құрылымы фирманың бәсеке қабілеттілік дәрежесін анықтайды.
Бәсеке дегеніміз – нарықтың шаруашылық субъектілері арасындағы қосымша табыс алу үшін жақсы өндіріс факторларын иелену және тауарларды өткізу мүдделеріне байланысты қарама-қарсылықты бақталастық пен бәсеке.
Нарық құрылымының осы және басқа тәуелділігіне байланысты бәсекелестің әртүрлі формаларын көрсетуге болады.
Экономикалық ғылымда нарық құрылымының келесі түрлері айқындалады.
1 – кесте Бәсекелестіктің түрлері және сипаттамалары

1.2 Кәсіпорынның бәсекелік стратегиялары

Еліміз «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді стратегиялы бағдарламасына сай мақсатты даму үстінде. Елбасымыз атап көрсеткендей, бүгінгі күн тәртібінде әлем қоғамдастығындағы Қазақстанның және барлық қазақстандықтардың – ғалымдардың, менеджерлердің, бизнесмендердің, мамандар мен жұмысшылардың бәсекеге қабілеттігі мәселе болып тұр.
Әдебиеттерде көп қарастырылатын, тәжрбиеде өзін-өзі ақтай білген бизнес стратегияларының кең тараған түрін базистік немесе эталондық стратегиялар деп атайды. Олар мынадай элементтердің біреуіне немесе бірнешеуінің жай-күйінің өзгеруіне байланысты болады: өнім, нарық, сала, ұйымның сала ішіндегі жағдайы және технология. Бұл бес элементтердің әрқайсысы ағымдағы немесе жаңа жағдайда болады.
Эталондық стратегиялар ұйымның төрт түрлі тәсілмен өсіп келе жатқандығын білдіреді.
Эталондық стратегияның бірінші тобын шоғырландырылған өсу стратегиялары құрайды. Бұл стратегияларды сала ерекшелігін, қызмет аясы мен өндірілетін өнімді өзгертпей-ақ жалпы көрсеткіштерді арттыру үшін қолданылады. Осы топтың нақты стратегиялары мынадай:

ΙΙ-тарау. «Үркеркосметикс» Жшс-тің техникалық – экономикалық және шығармашылық көрсеткіштерін талдау

2.1 «Үркер косметикс» ЖШС – тің техникалық – экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау

«Үркер косметикс» компаниясы 1993 жылдан бастап қызмет етеді. Осы уақыт аралығында 22 қалада өз өкілдерін ашып, Қазақстан нарығына толық енді. Ол негізінен 4 түрлі номенклатура бойынша өнім өндіреді:
• Су сабын
• Тұрмыстық химия
• Бет, қол кремдері
• Косметикалық бұйымдар
Ол халықаралық стандартқа сай өнім өндіргендіктен алдыңғы қатарлы елдің парфюмерия өндірумен айналысатын беделді компаниялармен бірігіп қызмет етуде.
«Үркер косметикс» ЖШС-тің Қазақстан нарығында көптеген: «Черный жемчуг «, «Мэри Кэй», «Орифлэйм» сияқты алдыңғы қатарлы косметика өнімдерін өндіретін компаниялары басты бәсекелестері болып табылады.
«Үркер косметикс» ЖШС-тің өнімдері табиғаттың таза өнімдерінен жасалған және адамның терісіне жағымды, тез сіңімді болып табылғандықтан, косметика нарығында үлкен сұранысқа ие, сол себебтен де өз өнімдерін өндіруде жаңа жетістіктерге жетіп, еліміздің жан-жақты дамуына өз үлесін қосуда.

2.2 «Үркер косметикс» ЖШС-тің өнімдерінің бәсеке қабілеттілігін бағалау

Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау, ең алдымен оның сапалық құрамына тәуелді. «Үркер косметикс» ЖШС-тің өнімдерінің құрамы теріні жұмсартатын, жаңалайтын, жақсартатын және бет түсін бір қалыптандыратын, жағымды исі бар құрамдас болып еледі және өңделу деңгейі мен сақтау мерзімі тауарды алу тиімділігін арттырады.
Бәсекелес өнімдерден сапалық артықшылығы оның бәсекелік қабілеттілігінің бірден бір мүмкіндігі болып табылады. Келесі бағыт оның бағалық көрсеткіштерін анықтауға негізделеді. Ішкі нарықтағы «Үркер косметикс» компаниясының өнімдерінің бәсекелік ортасы, сондай-ақ сыртқы тасымалдаушылардың бәсекелік ортаға әсері өндірушілерді баға саясатын дұрыс жүргізуге итермелейді. Бағалауды қажет ететін тағы бір тұсы, ол өнімнің тартымдылық қасиетті. Оған өнімнің сыртқы қорабы, оның ыңғайлылығы, сауда белгісі, оның исінің ерекшелігі мен өнімнің танымалдылығы жатады. Кәсіпорын жұмысының тұтынушылардың талаптарына сай өнім өндіруге негізделуі оның бәсекелік тұрақтылығының жоғарлауына кепіл болады.
Осы орайда косметика өнімдері бәсекелік қабілетін бағалаудың ыңғайлы, әрі шынайы мәлімет беретін әдісін дайындау қажеттілігі туындайды. Бұл тұрғыда, өнімнің бәсекелік қабілетін анықтауға қатысты әдістемелер мен зерттеулерді жан-жақты сараптай келе, оның бәсеке қабілеттілік деңгейін мүмкіндігінше шынайы анықтауға мүмкіндік беретін өзіндік әдісті ұсынуға болады.

ΙΙΙ-тарау. Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттыру жолдары

Бәсеке қабілеттілікті арттыру механизмі – кәсіпорынның нәтижелі жетістікке жету жолында атқаратын іс-әрекеттер арқылы сипатталады. Дұрыс таңдап алынған механизм осы кәсіпорынның нарықтық бәсекелестерімен салыстырғанда ұзақ уақытқа ұтымды жағдай жасауына негіз болады.
Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін арттыру үшін келесі факторлардың жоғарылату жолдары қарастырылуы тиіс. Бұл факторлар өнімді зерттеуде өзіндік сипаттары бойынша 4 топқа бөліп қарастырылады:
Бірінші топ - өнімнің сапасын арттыру шаралары немесе кәсіпорының сапа жүйесін жетілдіру.
Екінші топ - өнімнің бағасын қалыптастыру немесе кәсіпорынның баға саясатын реттеу.