Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Топырақтану

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 21 стр.

Год: 2008

Полный просмотр работы

Топырақтардың табиғатта таралу заңдылықтары


Жоспар
1 Топырақтардың табиғатта таралу заңдылықтары 3
1.1 Топырақ жамылғысы құрылымы 6
1.2 Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары 9
Әдебиеттер 21

1 Топырақтардың табиғатта таралу заңдылықтары
Топырақтану ғылымының басты салаларының бірі топырақ географиясы. Бұл сала жер бетінде топырақтардың таралу заңдылықтары мен топырақ түзуші факторлардың байланысын, топырақтардың кеңістікте ауысуын, олардың жер шарында немесе белгілі бір аймақта, кезектесіп орналасуын зерттейді. Жер шарының топырақ жамылғысы алуан түрлі. Өйткені, кеңістікте топырақ түзуші факторлар да өзгермелі болып келеді. Өсімдік дүниесі, климат, топырақ түзуші тау жыныстары, жер бедері және олардың уақыт өткен сайын өзгерістерге ұшырауы әр мекенде, жер аумағында әр түрлі.

1.1 Топырақ жамылғысы құрылымы
Жер үстінде топырақтардың географиялық таралуының заңдылықтарын тұжырымдай келе топырақ жамылғысы көп факторлардың әсерінен түзіліп, құрылысы мен қасиеттерін географиялық ортаның ықпалынан қалыптастыратынын байқаймыз. Сондықтан табиғатта топырақ жамылғысы жер бетінің кеңістігінде әр түрлі топырақтардан қалыптасқан болады.
Белгілі бір аумақта кездесетін топырақтардың түрлерінің құрамын, олардың таралу пішінін және біріне-бірі сәйкестесе орналасуы ерекшелігін топырақ жамылғысы құрылымы ұғымы сипаттайды. Топырақ жамылғысы құрылымының негізі болып жеке топырақ алабы (ЖТА) саналады.

1.2 Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары
Қазақстан жер ауданы жағынан әлемдегі ірі мемлекеттер қатарына жатады. Ол осы көрсеткіші бойынша ТМД елдері ішінде екінші, ал бүкіл әлем мемлекеттері ішінде тоғызыншы орында.
Еліміз терістігінен оңтүстігіне дейін 1600, ал батысынан шығысына дейін 3000 км-ге созылған кеңістікті алып жатыр. Осындай ұлан байтақ аумақта орналасқандықтан елімізде кең алқапты жазықтық жерлер және сонымен бірге биіктігі әр түрлі болып келетін таулы өлкелер де кездеседі.