Ерте және дамыған ортағасырлық мемлекеттер (VІ-ХІІІ ғғ. басы)
Жоспар
1. Түрік және Батыс түрік қағанаттары.
2. Түргештер. Қарлықтар.
3. Оғыз мемлекеті.
4. Қимақ мен қыпшақтар мемлекеттері.
5. Наймандар. Керейлер.
6. Қарахандар мемлекеті. Қидандар.
7. Қыпшақ хандығы(ХІ ғ. басы – 1219 ж.).
Түрік қағанаты (552-603 ж.ж.). Евразиядағы тұңғыш көшпелі империя. Түріктер тарихы және ғұндар мемлекеті. Түріктер және ғұндардың мемлекеттік, мәдени дәстүрлері. Қазақстан Түрік қағанатының құрамында. Қағанат шекараларының Иранға, Солтүстік Кавказға және Қара теңіз жағалауларына дейін ұлғайтуы. Византия, Иран және Қытаймен қарым-қатынасы. Қағанаттың екіге бөлінуі. Батыс-Түрік қағанатының (603-704 жж.) саяси тарихы. Соғыс - әкімшілік жүйесі, этноәлеуметтік құрылымы. Тайпалық иерархия. Батыс - Түрік қағанатының әлсіреуі. Әулеттердің ауысуы.
Қарлық мемлекеті (776-940 жж.) мемлекеттің Жетісуда құрылуы. Тайпалық құрамы, олардың орналасуы. Саманиттермен күрес, ислам шекарасының Талас аумағына дейін тарауы. Басқарудың соғыс-әкімшілік сипаты. Шаруашылығы. Қалалары мен қоныстары. Рухани мәдениеті. Әскери ақсүйектердің исламға бағыт ұстауы. Өзара қырқыстың күшеюі.
Дамыған ортағасырлардағы мемлекеттер (XІ ғ. басы - XIII ғғ). Қарақан мемлекеті (942 - 1210 жж.). Қашғар мен Жетісу территорияларында қағанаттың пайда болуы. Қазақстандағы тұңғыш мұсылман мемлекеті. Оңтүстік Қазақстан қарахандықтардың қоластында. Қарахандықтардың саяси билігінің Мавреннахрға тарауы. Сельджуктермен, хорезмшахтармен, қыпшақтармен саяси байланыстары. Өкімет құрылысының иерархиялық жүйесі. Көшпелі дәстүр және отырықшы егіншілікпен мұсылман мәдениетін игеру. Қала және сауда. Егіншіліктің, отырықшылықтың дамуы. Басқарудың әскери тайпалық әкімшілік жүйесі. Қарақытайлардың саяси үстемдігінің қарахандықтарға тарауы.
Ұлы Жібек жолы және оның Қазақстан территориясындағы тармақтары. Қазақстан халықтары мен тайпаларының рухани мәдениеті. Діни наным сенімдері және табыну. Мұсылман мәдениеті жүйесіндегі Қазақстан халықтары. Исламның көшпелілер арасына тарауы. Қазақстан халықтары мен тайпаларының Шығысындағы мұсылман елдерімен, басқа да алыс–жақын елдермен мәдени және саяси байланыстар жасауы және ұлғаюы.