Предмет: Технологиялық құрал-саймандарды жобалау
Тип: Бақылау жұмыс
Объем: 14 стр.
Год: 2012
Айлабұйымды жобалау жалпы әдістемесі
Жоспар
1 Айлабұйымды жобалау жалпы әдістемесі 3
1.1 Айлабұйымдарды жобалау үрдісінің көп варианттығы 3
1.2 Айлабұйымның жалпы түрінің сызбасын сызу реті 6
1.3 Айлабұйымдарды жобалау кезіндегі өткізілетін есептер 9
1.4 Айлабұйымның экономикалық тиімділігін есептеу 12
Әдебиеттер 14
1 Айлабұйымды жобалау жалпы әдістемесі
1.1 Айлабұйымдарды жобалау үрдісінің көп варианттығы
Айлабұйымдарды құрылымдау есебі сан вариантты есеп ретінде танылуы тиіс. Құрылымдау процесі көп деңгейде техникалық шешім қабылданатын үрдіс болып танылады. Оның нөл деңгейі болып техникалық тапсырма болады. Техникалық тапсырманы инженер-технолог арнайы бланкте жазып дайындайды. Бланк пішіні стандартталған және онда айлабұйымды құрылымдауға қажет мәліметтер болулары керек. Яғни, өңделетін тетіктің операциялық эскизі, техникалық талаптар, тетіктің операциялық өлшемдері, тетікті орнықтандыру нүктелері, кесу құрал, операцияның уақыт мөлшері, керекті өнімділік, Аталған мәліметтерді анықтау үшін айлабұйымға қатысты қоршаған ортаны талдау керек.
1.2 Айлабұйымның жалпы түрінің сызбасын сызу реті
1.2.1 Айлабұйымның құрастыру сызбасының жалпы түрі 1:1 масштабта сызылады. Осы масштаб көрнекті түрде қабылданған шешімдер туралы мағлұмат береді.
1.2.2 Барлық сызбалар, құрастыру және тетіктердің жұмыс сызбалары, конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесінің (КҚБЖ) стандарттарының талаптарына сәйкес сызылып жасалады.
Сызбалардың жақсы және дұрыс сызылып жасалғанын мына көрсеткіштермен бағалауға болады:
1.3 Айлабұйымдарды жобалау кезіндегі өткізілетін есептер
Айлабұйымдарды құрыламдағанда бірнеше арнайы есептер өткізіліп жасалады:
1) орнықтандыру және жалпы өңдеу қателіктерін есептеу;
2) жеткілікті қысу күштерді есептеу;
3) жетектердің параметрлерін есептеу;
4) айлабұйымның жалпы дәлдігін бағалайтын көрсеткіштерін есептеп анықтау;
5) жобаланған айлабұйымның өздік бағасымен экономикалық тиімділігін есептеу.
Айлабұйымның дәлдік сапасын бағалайтын техникалық талаптарды анықтау. Айлабұйымның сапасы техникалық талаптармен белгіленеді. Техникалық талаптар технологиялық тізбектерді есептеумен анықталады. Технологиялық тізбектің тұйықтаушы буыны ретінде айлабұйымда өңделетін, құрастырылатын не тексерілетін тетіктің бір көрсеткіші тағайындалады. Мысалы, орнықтандырушы бетке қатысты өңделетін жазық беттің перпендикулярсіздігі не өңделетін бетпен екі арасындағы өлшем және сондай басқа көрсеткіштер.
1.4 Айлабұйымның экономикалық тиімділігін есептеу
Экономикалық тиімділікті есептегенде ұсталған қаражатпен айлабұйымды қолданғаннан өнім шығару мүмкіндіктің өсуінен түскен пайдамен салыстырылады. Ол үшін біріншіден өңделетін тетіктің сапасын көтереді - дәлдік көрсеткішін, жобаланған айлабұйым еңбек өнімділігін өсірсе, онда операцияның орындалу мерзімі төмендейді, сондықтан біріншіден операцияға жұмсалатын уақытты есептеу қажет. Онда кесу режімдері өзгеру мүмкін. Бірақ айлабұйымның тағы бір тиімді жері ол еңбек қауіпсіздігін көтеруі мүмкін.