Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Курсовая работа

Объем: 30 стр.

Год: 2015

Предварительный просмотр

Сотталғандардың бас бостандығын шетеумен байланысты жаза


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Сотталғанның бас бостандығын шектеумен байланысты жаза және оны қолдану тәртібі 6
1.1 Қамауға алу 6
1.2 Бас бостандығынан айыру 7
1.3 Тәртіптік әскери бөлімде ұстау 13
2 Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазаны өткеру тәртібі 15
2.1 Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды топтастыру және оларды түзеу мекемелеріне бөлу 15
2.2 Сотталғандарды қабылдау тәртібі және түзеу мекемелерінде есепке алудың құқықтық негіздері 20
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30

КІРІСПЕ
Менің бұл курстық жұмысым Қазақстан Республикасының құқық жүйесінің басты да негізі болатын Қылмыстық құқық пәніне таңдап алынып жазылған.
Курстық жұмысымның тақырыбы: «Сотталғанның бас бостандығын шектеумен байланысты жаза». Бұл курстық жұмысымды Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Конституциясына негіздеп жаздым. Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын жекеленген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі Республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру қылмыс істеген адамға әділетті жаза тағайындау, істелген қылмысты қоғамға қауіптілігі, келтірілген зиан мөлшері, жаза тағайындаудың басты негіздері, кінәлінің жеке басының ерекшеліктері ескеріле отырып, қылмысына сәйкес келетін, әділ жаза тағайындау болып табылады. Қылмыстық заңымыздың мақсаты қайта тәрбиелеу, қылмыстың алдын алу және қоғамда әділеттілікті қалыптастыру болып табылады, сондықтан Қылмыстық заңда қарастырылған сотталғанның бас бостандығын шектеумен байланысты жаза жасаған қылмысына сәйкес таңдап алынып қолданылады.
Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі уақытта қандайда болмасын қылмыс жасаған адам өзіне тиесілі жазасын алмай жатар, тиесілі жазасын алғанымен ол орындалмай жатыр. Конституция бойынша адамның өмірі ең қымбат қазына. [1].

1 Сотталғанның бас бостандығын шектеумен байланысты жаза және оны қолдану тәртібі
1.1 Қамауға алу
Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтару жағдайларына мыналар жатады: сотталған адамның дәлелді себепсіз, өз бетімен түзеу орталығыныңтөңірегін тастап кетіп қалуы; жазаны өтеу орнына мезгілінде қайтпау немесе қайтпау, сол сияқты әрқайсысы үшін өндіріп алу салынғаннан кейін кеміндеүш рет жұмыс орнын немесе тұратын орнын тастап кету (Қылмыстық кодексінің 54 бабы). [2].
Бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаның сот белгілеген мерзімі аралығында кез-келген жаңа қылмыс жасаса,сот оған үкімдер жиынтығының ережелері бойынша жаза тағайындалады (Қылмыстық кодекстің 60 бабы).
Бас бостандығын шектеу түріндегі жаза туралы ереже жазаның бұл түрін орындау үшін қажетті жағдайлардың пайда болуына қарай Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексі күшіне енгеннен кейін, бірақ, 2003 жылдан кешіктірілмей күшіне енеді («Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің күшіне енуі туралы» 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан республикасының Заңының 4-бабы). [2].

1.2 Бас бостандығынан айыру
“Бас бостандығынан айыру соталушыны колония-қонысқа жіберу, жалпы, қатаң, ерекше режимдегі түзету колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады” (Қылмыстық кодекстің 48-бабының бірінші бөлігі).
Бас бостандығынан айыру негізінде жаза ретінде Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі нормаларының 559 санкциясыеда қарастырылған (88,5%).
Кез-келген жаза— әркезде де белгілі бір субъектінің қандай да болсын өмірлік игіліктерінен айрылтады, ал бұл қайғыға ұшыратады. Бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалғанда сотталушының құқықтық жағдайы қоғамның басқа мүшелерімен салыстырғанда айтарлықтай шектеледі. Атап айтқанда, ол саяси, еңбек, отбасы және басқа да құқықтарынан шектеледі, ал заңмен қарастырылған жағдайларда арнайы мәжбүрлеу шараларына ұшырауы мүмкін. Өлім жазасын есептемегенде, бас бостандығынан айыру ең қатал жаза болып табылады. Бас бостандығынан айырудың айтарлықтай қоғамдық қауіп төндіретін қылмыс жасалғанда және қоғамнан оқшаулау жағдайларында ғана түзелуі мүмкін тұлғаларға тағайындалуы кездейсоқ емес. Қазіргі кезде жазаның бұл түрі қолданылу жиілігі бойынша жазаның барлық түрлерінің арасында бірінші орында қалып отыр. Мысалы, 1996 жылы ол сотталған адамдардың 44,4 пайызына қатысты қолданылған.

1.3 Тәртіптік әскери бөлімде ұстау
Тәртіптік әскери бөлімде ұстау түріндегі жаза әскери қызметке қарсы жасалған қылмыстар үшін жауаптылық тағаиындаитын Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөлімі баптарының санкцияларымен тікелей қарастырылған жағдайларда тек қана негізгі жаза ретінде тағайындалады.
Тәртіпті әскери бөлімдеұстау , сол сияқты,сот кінәліадамныңжеке басын және істің жағдайларын ескере отырып,мерзімі екі жылдан аспаитындай көзделіп отырған бас бостандығынан айыруды тәртіптік әскери бөлімде ұстаумен ауыстыру мүмкін деп тапқан жағдайларда қолданылуы мүмкін.Жазаның бұл түрі ҚҚ-тің Ерекше бөлімі нормаларының 21санкциясында қарастырылған(3,07%).

2 Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазаны өткеру тәртібі
2.1 Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды топтастыру және оларды түзеу мекемелеріне бөлу
Мемлекеттің қылмыспен күресу саясаты принциптеріне негізделген түзеу мекемелері әрекетінде қылмыспен күресудегі, алдына қойылған міндетті, сот белгілеген жазаны тиісті дәрежеде орындауды қамтамасыз етуге тиісті.
Заң мен белгіленген жазаны орындаудағы осындай принциптердің бірі топтастыру мен жекелендіру болады.
Сотталғандарды тәрбиелеу мен түзеудегі қолданылатын негізгі тәсілдердің бірі осындай жекелеп қараудың объективті қажеттілігі, жазалау-тәрбиелеу әрекетінде әрбір сотталған бәріне белгіленген режим талабын мүлтіксіз орындауға (сотталғандар бәрі де жұмыс істеуге, жазаны атқару режимін сақтауға, тәрбие шараларына қатысу және т.с.с.) міндетті. Бұлардың әсер етуін істелген қылмыстың сипаты мен қауіптілігіне байланысты даралау және сотталғанның жеке басының өзгешелігі мен әрбіреуінің мінез-құлқының өзгешелігін еске ала отырып, яғни еңбекке, оқуға қарым-қатынасына байланысты қасиетін еске алу тиіс.

2.2 Сотталғандарды қабылдау тәртібі және түзеу мекемелерінде есепке алудың құқықтық негіздері
Есепке алу мемлекеттің барлық саласында, соның ішінде қылмыспен күресу саласында болып жатқан процестерді жалпылама және үздіксіз бақылаудың маңызды кұралы.
Қылмыспен күрес жүргізетін құқық қорғау орындары жүйесінде, әсіресе түзеу мекемелерінде есептеу және бақылау маңызды орын алады. Бұл бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны атқаруды басқару функциясының бірі болып есептеледі. Соның көмегімен түзеу мекемелерінде болып жатқан құбылыстар мен процестердің сыр-сипаты жинақталып талданады және қорытындыланады. [2].

ҚОРЫТЫНДЫ
Режим - кылмыстық-атқару құқығының нормаларымен реттелген тәртіп пен орындау жағдайы және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны етеу деп түсініледі.
Режим жазалаудың мәні мен маңызын білдіреді, сондык-тан мүнда сазайын тарту іске асырылады, яғни сотталғанға колданылатын құқык шектеулердің жиынтығы. Ол бас бостанды-ғынан айыру орындарында сотталғандардын тұрмысын үздіксіз және жазалаудың барлык мерзімін реттейді. Оның көмегімен мінез-құлық ережесі белгіленеді. Оны орындау барлық бас бостандығынан айыруға сотталғандарға, мекеме әкімшілігіне, сотталғандарды түзеуге қатысатын және түзеу мекемелеріне бакылау жүргізетін коғамдық үйымдар өкілдеріне, бұл меке-меге келген мемлекеттік мекемелердің лауазымды адамдарына, түзеу мекемелерінің объектілерінде және аумағында жүрген азаматтардың бәріне бірдей міңдетті. Сонымен режим барлық субъектілердің және жазаны орындау мен еткеру жөніндегі қылмыстық-аткару құқық қатынастарына қатысушылардың құқықтыкжағдайын белгілейді. Режимнорімаларықылмыстық жазалауға тән кұқық шектеулердің ретін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.