Банктердің актив және пассив операциялары
Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив (қаражат тарту); актив (қаражатты орналастыру); комиссиялық - делдалдық (клиенттің тапсырыс бойынша коммиссиялық ақысы) және сенімді операциялар.
Пассив операциялары - олар өз қарауына әртүрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және с.с. басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізу, банк қорын құру және оны ұлғайту операциялары.
Мемлекеттің бағалы қағаздары табыстылығына қарай үш түрге бөлінеді:
- Дисконттық, мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторларға жеңілдікпен (номиналдық құнынан төменгі бағамен) сатылып, номиналдық құны бойынша өтеледі.
Мысалы, 91 күнге шығарылған, номиналдық құны 100 теңге тұратын дисконттық бағалы қағазды 75 теңгеге сатып алсаңыз, онда одан мынадай табыс аласыз:
Бүгінгі таңда ҚР – дағы екінші деңгейдегі банктердің инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігі мемлекеттің бағалы қағаздарға жұмсалып отырғаны жасырын емес. Себебі, мұндай бағалы қағаздарға салған активтер: біріншіден, өтімді, яғни банк ондағы қаражатты тез арада қолма – қол ақшаға айналдыра алады, екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен тәуекел төмен немесе жоқ десе де болады.
Сонымен қатар активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастыруда. Корпоративтік бағалы қағаздарға мыналар жатады:
Облигация – оның иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын және эмитенттің осы қаражат сомасы (номиналдық құны) мен пайызды қайтарып беру туралы міндеттемесін растайтын бағалы қағаз.
Қазақстандағы айналыста жүрген облигациялар табыстылығына қарай екі түрге бөлінеді:
Егер облигация бағасы өсіп, 150 теңгені құраса, онда ағымдағы табыс:
10/150х100 = 6,66%
Ал мемлекеттік емес бағалы қағаздардың өз деңгейінде дамымауына және олардан алатын табыстардың қаншалықты жоғары болғанымен тәуекелдің соғұрлым жоғары болып келетініне байланысты банктер, оларға қаражат салуда әлі де болса пассивтік танытуда.
Соңғы кездері коммерциялық банктерден басқа несие мекемелерінің арасындағы бәсеке күшеюде. Бәсеке банктердің жаңа қызмет түрлерін іздестіруге, клиенттерге ұсынатын қызмет түрлерін өсіруге және қызмет көрсету салаларын жақсартуға ынталандырады. Қызмет нарығындағы өз орнын нығайту үшін ол банктерге тән емес операцияларды батыл меңгеріп, қаржылық кәсіпкерлікте кең қолдануда. Банктердің экономикадағы рөлі артуда.