Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 29 стр.

Полный просмотр работы

Қазақтың ұлттық ойындарының түрлері және олардың тәрбиелік мәні

Жоспар
Кіріспе 3
ІІ. Негізгі бөлім. 6
ІІ. Ұлттық ойындар туралы не білеміз? 6
ІІ-2 Балалар ойындарының түрлері 18
ІІ-3. Ұлттық ойындарының қазіргі уақыттағы қолданылуы туралы 21
Қорытынды 27
Пайдаланылған әдебиеттер 29

Кіріспе
Табиғаттағы тіршілік атауының өсіп-өну, даму көзі – оның тамыры, адам баласының санасының даму көзі – оның тілі. Тамырсыз өсімдік атаулы көктемейді, ана тілінсіз ұрпақ жетілмейді. Ана тілінің уызына қанбаған, оның бұлағынан нәр алмаған ұрпақтың баршасының бойынан ізгіліктің нышандарын табу мүмкін емес, өйткені жастарымыз халықтық педагогикадан, ұлттық салт-дәстүрлерімізден, рухани байлығымыздан қол үзіп кеткен ұрпақтың өкілі.
Қазақ халқы өзінің бүгінгі күнін бағалай отырып, өткен өміріне көз салу, тарихи тәжірибеден сабақ алу, мәдени дәстүрлерін, озық әдет-ғұрпын, өмір салтын зерттеу, оларды ұрпақтан – ұрпаққа мұра етіп жеткізу халықтың тырнақтап жинаған оқу-тәрбие ісінің бай тәжірибесін аса тиімді, шығармашылықпен қолдана білу - әрбір адамның міндеті.

ІІ. Негізгі бөлім.
ІІ. Ұлттық ойындар туралы не білеміз?
Ұлт ойындарының келесі бір даму кезеңі - 15ғасыр яғни қазақ жерінде алғашқы хандықтардың қалыптасу дәуірі. Бұл қазақ халқының ұлт ойындары дамуының жаңа бір сатысы болды. Ұлттық ойындар арқылы үстем тап өз мүддесін, өз идеологиясын дәріптегісі келсе, халық, еңбекшісі тап соған қарсы өз дегенін айтуға тырысты.
Қазақ халқының өмірінде болып жатқан сан қилы оқиғаларды бастан-аяқ баяндап беретін осы әдет-ғұрып ойындары болды. Сондықтан талдауды еңбек процесіне байланысты туған мереке ойындарынан бастаймыз. Бұған жататын ойындардың негізгілері – «Наурыз» мерекесінде ойналатын ойындар. «Қалтырауық қамыр кемпір», «Ақборан» 2 жақтың тартысы арқылы ойналатын ойын.

Көкпар тарту - бәйге үшін сайыс. Бұл ойын Шығыс пен Орта Азияның басқа да халықтарына белгілі. Ойынның екі түрі кездеседі. Бірінші жағдайда тартысқа тек екі салт атты ғана қатысады. Көбіне әр ауылдың ал спорттық көкпарда екі команда тартысқа түседі. Төрешінің белгісі бойынша әрбір ат үстіндегі ойыншы көкпарға берілген лақты не серкешті ат үстінен іліп алып белгілі сөреге, болмаса сыйлы бір үйге әкеп түсіруге тырысады. Сөйтіп арнаулы бәйгені немесе көкпар барған үйден сый алуды мақсат етеді. Ал қалған ойыншылар көкпарды меңгеріп, оза шауып кеткен үздіктерді қуа жөнеліп, тартысты жалғастыруға міндетті. Көкпар кезінде жерге түскен лаққа жаппай таласты – дода, ең мықты деген жігіттердің жекпе-жегін тоқым- тартыс деп атайды. Тоқым тартыс кезінде екі жігіт ат басын құйысқандарына қарата, айқаса тұрып лақты тақымдарына басады да, екеуі екі бағытта жүруге тартысты.

Бұл ойын жұсақ топырақты жазық жерде өткізіледі. Мәренің қашықтығы 300м,алаңның қарама-қарсы жағында жалауша қағылған бақылау пункті болады.Жұпталған қыз-жігіттер сөре желісіне жиналады .Қыз алдыңғы жағында тұрады, бір мезетте шаба жөнеледі,жігіт бұрылысқа дейін қызды қуып жетсе жеңімпаз болғаны,ал жете алмаса,қыз жігітті қамшының астына алады.Бұл жарыста екеуі де ептілігін,тапқырлығын таныта білу керек.

ІІ-2 Балалар ойындарының түрлері
Халық бала тәрбиелеуде өзінің асыл ойларын, мол тәжірбиелерін көбіне өлеңге, әнге қосып айту арқылы баланың ой-ықыласын өздеріне тез баурап алуға болатын әдіс-айлалар қолданғанын білеміз. Өйткені бір себептерден қатты ызаланып, жылаған баланың көңілін жай сөзге еліте қоймаған шақта бесікті тербете отырып айтылған ана жүрегінен шыққан жылы лебіз ғана жұбата алады. Бұл-жылы сезімнің әсерінен туған жақсы тәрбиенің жемісі.
Ә.Диваев бұл меселені жан-жақты зерттей келіп, қазақ балаларының жас ерекшеліктеріне қарай төрт топқа бөлен: бір жасқа дейін нәресте, бір жастан жетіге дейін сәби, сегізден он беске дейін жас өспірім, он алтыдан жиырма беске дейін жігіт.

ІІ-3. Ұлттық ойындарының қазіргі уақыттағы қолданылуы туралы
Ат сайысы атқа сай мініп жарысу. Негізгі түрлері: ат үйрету, кедергілерден өту /конкурупнин/, үш сайыс манеждегі жүріс /аттың түрлі қозғалыс жасауы/[2 -121 б]
Даладағы ат жарысы /жол бойында өтетін жарыс, стипл – чеиз кросс/. Бәйге /табыс табу/ атпен аң аулау, ат үстінде ойнау /вольтижировка/ т.б. аударыспақ –кавказ кырғыз, өзбек елдерінде ойналған, оған тақымы мықты қарулы, әдісқой жігіттер ғана қатыса алады. Қазіргі уақытта мерекелерде ғана ойналады. Аламан бәйге 25-100 км табиғи кедергісі бар жердегі ат жарысы. Бұл түрі де даталы күндерде, мерекелерде ойналады. Қыз қуу – ептілікке, шапшаңдыққа баулиды, қыз қуу ойынын казақ киносынан көрдік, қазір ойналмайды. Ат жарысы шеберлікті, бапкерлікті қажет етеді 1920 жылы қызыл армия бөлімдерінде басталған ат жарысы кейін Осоавиахин клубтарында қолға алынды. Қазіргі Алматыда «сиқырлы киіз үй» ғимаратында цирк бар, онда, қазақтың ұлттық ойынынан «Көкпар, теңге алу, акробаттардың спорттық ойындары ойналады. Ақтөбеде қазақтың ұлттық ойындарын насихаттайтын ат спорты мектебі ашылды. Сол мектеп орналасқан 2 га жермен үш сәйгүлік жолға алынған екен, 100-ге тарта балалар бос уақытында 3 сәйгүлікті кезектесіп мініп үйренеді екен.

Қорытынды
Ұлттық ойын түрлерін қазіргі уақытта әр сабақта көрсетіп, ұлттық тіл өрнектерін пайдала білсе, қазіргі жеткіншек біле бермейтін ұғым – түсінігін өмірге жанастыра көңіл аудартса сол арқылы танымдық мақсат қойылады. Сонымен, ұлттық салт-дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгілікке, ұлттық тәлім – тәрбие беруге назар аударылады. Кейінгі кездері жастар мен жасөспірімдер ойын автоматтары, интернет – кафе сынды зиян ойындарға әуес болып барады. Біріншіден бұл ойындардың адам денсаулығына тигізер залалы көп, екіншіден баланың ойлау қабілеті, ойлау шеңбері, белгілі бір жүйеде шектеліп қалады. Ал ата-бабамыздан ұзақ ғасырлық көш-керуен арқылы жалғасып келе жатқан ұлттық ойындар мысалы: асық пен ләңгі ойыны – күш-жігерді жетілдіріп, дәлдік, мергендікке үйретеді. Оның үстіне бұл ойындарды кез-келген жерде қалаған уақытыңда ақша төлемей-ақ ойнай бересің. Бұрын Алматыда асықтан чемпионат өткізген екен, ал қазір ондай ойындар орнына казино, бильярд, гольф, керлинг т.б. ойнауды әдетке айналдырған. Санамызды улап жатқан құмар ойындардың көптігінен, асық, ләңгі ойындарына мән берілмейді. Негізінен бұл ойындарды жастармен бірге ересектерде ойнаса күш қуаты арта түседі. Сондықтан ескінің көзін көрген ер азаматтар ұрпаққа үлгі ретінде көрсетсе құба-құп болар еді.