Азаматтық процестегі тараптар
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 Азаматтық процестегі тараптар және оларлың маңызы 5
1.1 Азаматтық іс жүргізудегі тараптар түсінігі 5
1.2 Азаматтық істегі тараптардың құқықтары мен міндеттері және оның мазмұны 14
2 Азаматтық проиесстегі біріккен қатысушылық және олардын тараптар мәртебесіне әсері 25
2.1 Азаматтық процесстегі біріккен қатысушылык түсінігі, саралануы 25
2.2 Тиісті емес жауапкер түсінігі және процестегі рөлі 27
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30
КІРІСПЕ
Тұлға азаматтық іске катыса отырып, нақты аныкталған жағдайға иеленеді. Іске қатысушының процессуалдык жағдайын кате анықтау соттың әділ емес шешім шығаруға әкелетін кателігі болып табылады. Тараптар қатысуынсыз іс қозғалмайды, сондықтан олардың азаматтық істегі құқықтық жағдайын ғылыми және тәжірибе жүзінде зерттеуге көп мэн беріледі. Азаматтық іс жүргізу құқығы мен заңдылығы ғылымында тараптарды процессуалдық құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде іске қатысушы тұлғалар қатарына қосу туралы жағдай жалпы танылған сот пен істегі тараптар арасында туындайтын қатынастар негізгі азаматтық процессуалды-құқықтық қатынастар болып табылады. Сондықтан тараптар Азаматтық іс жүргізудің негізгі қатысушылары болады. Азаматтық құқық туралы олардың арасында туындаған дау сот қарауы мен шешуінің пәніне айналады. Азаматтық істе заңда тараптар түсінігі ашылмайды және талапкер мен жауапкер үшін ортақ болатын заңды белгілер көрсетпейді, сол себептен бұл сот тәжірибесінде құқық қолдану кезінде белгілі қиындықтарға экеледі. Азаматтық іс жүргізу кодексінде тек істегі талапкер мен жауапкер түсініктері, сондай-ақ тараптар болуы мүмкін тұлғалар тізімі ғана көрсетілген.
1 Азаматтық процестегі тараптар және оларлың маңызы
1.1 Азаматтық іс жүргізудегі тараптар түсінігі
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 44-бабында іске қатысушы тұлғалар кұрамына кіретін іс жүргізу қатысушыларының тізімі тараптарды аныктағаннан басталады. Бүндай кұзыретті тараптарға қатысты мойындау олар іске қатысушы тұлғаларға тән келесі белгілерге сай келетінін білдіреді:
- іс шешіміне заңи қызығушылық таныту;
- істе өз атынан және өз мүдделерін қорғау үшін қатысады;
- өз алдына әрекеттер жасау құқығына ие;
- сот шешімінің және іс бойынша өндірісті токтату туралы анықтаманың заңды күшінің эсері таралады;
- заңмен белгіленген процессуалдық құкықтар мен міндеттерге иеленеді
Көрсетілген белгілердің ішіндегі заңи қызығушылық таныту ерекше мэнге ие. Даулы материалды - құқықтық қатынас қатысушылары ретінде тараптардың заңи қызығушылығының ерекшелігі іске қатысушы өзге тұлғалармен салыстырғанда тараптардың іс шешімінде материалды - құқықтық және процессуалдық қызығушылықтарының болуы болып табылады.
1.2 Азаматтық істегі тараптардың құқықтары мен міндеттері және оның мазмұны
Тараптардың процессуалдық жағдайы олардын процессуалдык күкыктары мен міндеттерінде көрініс табады. Занға сәйкес тараптар тен процессуалдык күкықтарға иеленеді (336. Зт). олардын көлемі іске қатысушы өзге тұлғалардың күқықтары мен міндеттеріне сәйкес келеді. Бұл күкыктар жалпы деп аталады. Жалпы күкыктармен қатар оларға Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің өзге баптарында көрсетілген арнайы, диспозитивтік күкыктарда тиесілі.
Жалпы процессуалдык күқыктар Азаматтық іс жүргізу кодексінің 30-бабы мен қарастырылған. Оларға:
2 Азаматтық проиесстегі біріккен қатысушылық және олардын тараптар мәртебесіне әсері
2.1 Азаматтық процесстегі біріккен қатысушылык түсінігі, саралануы
Азаматтық іс жүргізуге бірнеше талапкерлер мен бірнеше жауапкерлер қатыса алады. Істе тараптар ретінде қатысатын бірнеше тұлғалардың іс жүргізуге бірігіп қатысуы «іс жүргізудегі біріккен қатысушылық» деп аталады, ал бұл тұлғалардың өзі - «біріккен қатысушылар» болып табылады. Бірақ әр тараптағы тұлғалар санына байланыссыз іс жүргізуде әрдайым екі тарап: талапкерлік және жауапкерлік болады.
ҚР-ның Азаматтық іс жүргізу құқығында біріккен қатысушылық институтына Азаматтық іс жүргізу кодексінің 50-бабы арналған. Оның мазмұнынан біріккен қатысушылықтың келесі екі белгісін көрсетуге болады:
2.2 Тиісті емес жауапкер түсінігі және процестегі рөлі
Жоғарыда көрсетілгендей, даулы материалды - құқықтық қатынастың нақты немесе ықтимал субъектілері азаматтық істе тараптар болып табылады. Сот талап қою шағымын қабылдай отырып мүддесін қорғау үшін талап қойған тұлғаның құқығының бұзылуын не дауласуының болжамын ескереді. Азаматтық істі қозғағанда сот жауапкер ретінде қатысатын тарапқа қарсы бағытталған талаптарға талапкердің құқығын басшылыққа алады. Бірақ бұл барлық жағдайларда орынды болмайды. Іс жүргізу барысында іс бойынша жауап беру міндеті жауапкерге емес істе жауапкер ретінде қатыспаған тұлғаға жүктелетіні анықталуы мүмкін. Бүндай жағдайдын анықталуына байланысты заңмен қарастырылған процессуалды салдар басталады. Іске жауапкер ретінде қатысуға тартылмаған тұлғаны теория мен заң жүзінде тиісті емес жауапкер деп аталады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Курстық жүмысымды аяқтай келе мен мынадай қорытындыға келдім. Жоғарыда атап өткендей бұ_л жүмысты жазудағы мақсатым, азаматтық іс жүргізудегі тараптар түсінігін, күқықтары мен міндеттерін оның мазмұнын зерттеу, сонымен қатар Азаматтық процестегі біріккен қатысушылық және олардың тараптар мәртебесіне эсерін , түсінігін оның саралануын анықтау.
Бұл мақсатқа жету үшін Қазақстандық және шет елдік ғалым мамандарының еңбектері оқылды, яғни Егембердиев Е.О., Назарбаев Н.Ә., Добровольский А.А., Иванова С.А., Логино П.В., Пушкарь Е.Г., Пучинский В.К., Осокина Г.Л. және тағы басқалары.
Егер Азаматтық процестегі тараптардың анықтамасына көшетін болсак, ол- сотта субъективтік құқықтары немесе заңмен қорғалатын жеке мүддесі туралы даулары қаралып және шешілуге тиіс іске қатысушы тұлғалар. Тараптардың екі түрі бар. Ол- талап қоюшы және жауапкер.