Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономикалық теория

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 24 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет іс-әрекетінің негізгі бағыттары мен оның негізгі көрсеткіштері


Жоспар
Кіріспе 3
1. Экономикалық өсу: мәні, мазмұны 4
2. Экономикалық өсудің үлгілері (модельдері) 8
3. Қазақстан Республикасындағы тұрақты экономикалық өсу 19
Қорытынды 22
Қолданылған әдебиеттер 24

Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет іс-әрекетінің негізгі бағыттары мен оның негізгі көрсеткіштері» деп аталады. Бұл жұмысымда мен жалпы экономикалық өсу дегеніміз не, оның түрлері, факторлары мен факторларына және де осы тұрақты экономикалық өсудің өз елімізде қалай жүзеге асырылып жатқанына тоқталып өтпекшімін.
Экономикалық даму не үшін қажет? Ел нақты экономикалық даму кезеңінде өмір кешсе, онда бірқатар жаңа мүмкіндіктер ашылады. Тауарлар және қызмет көрсетулерге әркімнің қолы жетіп, оларды таңдауға мүмкіндік туып, халықтың өмір деңгей көтеріледі. Елдің ішіндегі өмір деңгейін төмендетпей, басқа елдерге көмек көрсетуге мүмкіндік туады.

1. Экономикалық өсу: мәні, мазмұны
Экономикалық өсу – адамзат қоғамының үдемелі дамуын бейнелейтін ең маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың «мәңгі» проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі. Экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік шарықтаулары мен құлдырауларын емес, ал ұзақ мерзімді уақыт аралығында өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ мерзімді өзгерістерін білдіреді.
Осы (жаңа) заманғы теория мен практикада «экономикалық өсу» термині елдің Жалпы Ішкі Өнімнің (ЖІӨ) немесе Жалпы Ұлттық Өнімнің (ЖҰӨ) нақты көлемінің ұлғаюын көрсетеді, яғни экономикалық өсу пайыздық тұрғыда есептеледі және өткен жылғымен немесе қайсыбір базалық жылмен салыстырғанда, ЖІӨ (ЖҰӨ) көрсеткішінің өсімін сипаттайды. Экономикалық өсуді анықтау кезінде, ЖІӨ көрсеткіші салыстырмалы бағалар мен шарттар бойынша немесе осы көрсеткіші есептеуде баға факторы және өзге де құрылымдық өзгерістерді есепке алусыз есептеледі.

2. Экономикалық өсудің үлгілері (модельдері)
Экономикалық өсу факторларының 3 тобы бар:
1. Ұсыныс
2. Сұраныс
3. Бөлу
Ұсыныс факторлары болып табылатындар:
 Елдегі табиғи ресурстардың саны мен сапасы
 Елдегі еңбек ресурстарының саны мен сапасы
 Негізгі капиталдың көлемі
 Технология.
Нақ осы факторлар өндірістің өсуін нақты түрде мүмкін етеді. Ұсыныс факторлары түпкілікті бір сипатқа ие: олар өте сирек немесе мөлшері шектеулі. Ал адам қажеттіліктерінің іс-жүзінде ұшы-қиыры жоқ. Сондықтан әлеуметтік экономикалық дамудың белгілі бір деңгейінде елдердің әйтеуір біреуінде азық-түліктік, экологиялық, демографиялық проблемалар туындайды.

3. Қазақстан Республикасындағы тұрақты экономикалық өсу
Ұлттық экономика соңғы жылдары үздіксіз даму үстінде. Өткен жылы ішкі жалпы өнімнің реформаларға дейінгі деңгейіне қол жетті. Алайда, біздің экономика бұрынғысынша шикізаттық бағытта қалып отыр. Экспорттың басым бөлігін алғашқы энергоресурстар, кен-металлургия кешенінің өнімдері, астық және ауыл шаруашылық шикізатының басқа да түрлері құрайды.
Бұл тиімді жол емес . Біздің шикізат басқа елдерде терең өңдеуден өткеннен кейін рынокқа қайта шығарылады, соның ішінде Қазақстанға да қайта оралады. Бірақ бұл жолы біз оны әлемдік рыноктардың аса жоғары бағасымен сатып аламыз. Ол бағалар тұтынушылардың ақшалай табыстарының қазіргіден әлдеқайда жоғары деңгейіне бағдарланған.
Міне, сондықтан да Президенттің жолдауында экономиканы шикізаттық бағдарынан өңдеушілік бағдарға қарай диверсификациялық жолдарын іздестіру басым міндеттердің бірі ретінде қойылған.

Қорытынды
Қорыта келе, мен өзімнің курстық жұмысымда жалпы экономикалық өсу, оның мәні, маңызы, факторлары және де жалпы Қазақстандағы экономикалық өсу мәселелеріне тоқталып өттім.
Жалпы экономикалық өсу мәселесіне мен өз ойымды қосар болсам, менің ойымша, салық жүйесі икемді болуы керек, салық мөлшері экономикалық басымдықтарға байланысты өзгеріп отыру қажет.

Қолданылған әдебиеттер
1. Шеденов Ө.Қ, Байжомартов Ү.С, Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория»
2. Мамыров .Н.Қ, Акчура Ф. «Қазақстандағы адам дамуы»
3. Мамыров Н.Қ., Тілеужанов М.Ә: «Макроэкономика»