Мектеп математикасын халықтық педагогика элементтерімен сабақтастыру
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы - әр адамның жан-жақты дамуына мол мүмкіндік жасайтын құжаттардың бірі.
Қазақ елінің дербестігінен туындайтын әлеуметтік-экономикалық қажеттіктерге қарай Білім туралы Заң жеткіншектерді салауатты, саналы өмір мен еңбекке тәрбиелеуге бағытталған, оқытудың мазмұны мен формасын жаңалауға, оларды ұлттық мәдени ерекшеліктерге қарай нақтылауға қазақ тілінде оқытатын мектептерді міндеттейді. Қазақ мектептерінде өзінің даналығымен дәлелденген халықтық педагогика үлгілері оқытудың қайнар кезі болып табылуға тиіс.
Математика сабағын халық педагогикасымен байланыстыруда халқымыздың ертегілерінде, аңыз - әңгімелерінде, шешендік тапқыр сөздерінде, салт - дәстүрінде математикамен байланысқан тұстарын көптеп пайдалануға болады. Халқымыздың асыл қазынасын сабақтың кейбір тұстарында тиімді пайдалану, оқушыларды өз ұлтын сүюге, оның салт - дәстүрі мен мәдениетін құрметтеуге үйретері сөзсіз.
Бірінші сынып оқушыларына алғашқы санауды үйреткенде мынандай ертегі есепті қолдануға болады:
Той басқару
Сегіз бұрыш болсын сыртқы формасы, Отыз шаршы кілем болсын ортасы.
Төрт қабырға төрт шаршыға бөлінсін, Ортадағы төрт төреші кедергісіз көрінсін.
Бұл есепті халықтық тәсілмен де шешуге болады.Кілемнің ауданы тік төртбұрыш болғандықтан,көбейтіндісі 30-ға тең болатын бірнеше сандардың жұбын қарастырамыз.Олар мына сандар:
Балық аулағыш кұстар
Өзеннің екі жағасында да бір-біріне қарама-қарсы тұста бір-бірден құрма ағашы өскен.Оның біреуінің биіктігі 30 шынтақ,бұлардың түптерінің ара қашықтығы 50 ынтаққа тең.Әр құрма ағашының басында бір құстан қонып отыр.Кенеттен құрма ағаштары аралығында су бетіне жүзіп шыққан балықты екі құс та байқап қалды да, оған қарай бір сәтте ұмтыла ұшып, бір мезгілде жеткен.Балық биік құрма ағашы түбінен қандай қашықтықта көрінген?
Қазақтың Төле биі - «Баланың бесігі - дүниенің есігі» демеп пе еді, әлемге қазақ халқын таныстырған М.Әуезов - «Ел боламын десең - бесігіңді түзе» - деген еді. Ал дала даналары - «Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады» - демеп пе еді?!
Тәуелсіздік алған елдің мақсаты - ұлттық сананы ояту. Жатқа еліктеуден гөрі, өзінің ұлттық санасын қалыптастыру, ұрпақты тәрбиелеу, ертеңгі күнге дайындау , бойына сіңіру, ұлттық сананың уызына тойдыру.