Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Адамгершілікке қарсы жасалатын қылмыстардың түрлері

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 59 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Адамгершілікке қарсы қылмыстармен күрес жүргізудің теориялық проблемалары


Жоспар
Кіріспе 3
1 Адамгершілікке қарсы қылмыстармен күрес жүргізудің теориялық проблемалары 8
1.1 Адамгершілікке қарсы қылмыстардың даму ерекшеліктері және динамикасы 8
1.2 Адамгершілікке қарсы қылмыстармен күрес тәсілдері 33
Қорытынды 49
Әдебиеттер 59

Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында сапалы білім беру мәселесіне ерекше тоқталып, мемлекетіміздің жоғары оқу орындары түлектерінің, яғни келешек жас мамандардың біліктілік деңгейі әлемдік стандартқа сай болу керектігін атап көрсетуде. Демек, құқық қорғау органдарының болашақ кадрлары да жоғары, орта арнаулы оқу орындарының қабырғасында жүргенде-ақ біліміне біліктілігі сай, мемлекетшіл, отаншыл, әділдіксүйгіш, заң бұзушылыққа төзбейтін парасатты азамат, білімдар маман болып қалыптасуы керек.
Қазіргі кезеңде, біздің қоғамда да жеке тұлғалардың дүниетанымын, әлеуметтік бағытын қалыптастыру үшін идеологиялық, құқықтық тұрғыда тәрбие беру мәселесі туындады. Әсіресе жас буынның санасына қоғамдық адамгершілікті құрметтеу сезімін сіңіріп, орнықтыру мақсатында мәдени құндылықтармен үйлесетін жаңа тәрбиелік жүйені жасау, заңнаманы жетілдіру және нығайту қажеттілігі байқалады.
Алайда, адамгершілікке қарсы жасалатын қылмыстарға байланысты республика көлемінде жарық көрген санаулы ғылыми мақалалардан басқа, аталған қылмыстылықтың заңдылық табиғатын айқындайтын сүбелі, іргелі ғылыми-теориялық арнайы зерттеу еңбектер жоқтың қасы. Оның үстіне адамгершілікке қарсы қылмыстар туралы қылмыстық заң әдебиеттерінде көбіне жалпылама жазылған. Бұл тақырып Қазақстан Республикасында арнайы зерттеу объектісі ретінде қарастырылмады. Адамгершілікке қарсы қылмыс ұғымы туралы түрлі көзқарастар, пайымдаулар әлі бір ізге түсе қойған жоқ.

1 Адамгершілікке қарсы қылмыстармен күрес жүргізудің теориялық проблемалары
1.1 Адамгершілікке қарсы қылмыстардың даму ерекшеліктері және динамикасы
Жезөкшеліктің тарихын зерделесек, оның субьективтік жағы қоғамда үстемдік еткен салт, мораль, заң болғанын және бұлардың өзі пайдақорлық мақсатқа негізделгенін аңғарамыз.
Жезөкшелік құбылысын зерттеушілер көне заманнан бері оның З түрі болғандығын анықтаған. Олар - қонақжайлық жезөкшелігі, діни жезөкшелік және ресми жезөкшелік. Жезөкшеліктің алдыңғы екі түрін әйелдер өз еріктерімен тәндерін саудаға салатын жезөкшелікпен теңестіруге болмайды. Өйткені, бұлардың іс-әрекеті көне замандағы діни рәсімдерді, үстемдік еткен моральды жүзеге асыру мақсатынан туындады. Әйтсе де, бұлар да жезөкшеліктің бір-бір түрі саналады.

Кеңес Одағында видеомәдениеттің ене бастауы порнографиялық сипаттағы видеофильмдердің де жас буынның әлеуметтік мәдени өміріне енуіне қолайлы жағдай тудырды. Бұлармен қатар шетелдерден порнографияны, эротиканы суреттеп,бейнелейтін, махабаттың «еркіндігін» насихаттайтын түрлі әдебиет нұсқалары да жеткізілді. Бұл материалдар секс бизнесте аса көрнекті құралдар ретінде пайдаланып, жезөкшеліктің өрістей түсуіне едәуір үлес қосты. Теледидарда көрсетілген зорлық зомбылыққа адамдардың біртіндеп бойы үйреніп, оны шектен тыс әрекет деп санаудан қалып барады. Зорлыққа назарлық сезімін білдіру қабілеті жойыла бастады. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы келеңсіз қылықтар күнделікті өмірге келіп сіңуінде.
Видеоаппаратуралардың тапшылығы мен қымбатшылығы, сондай-ақ шетел өндірісі кассеталарына қол жеткізудің қиындығы ресми және ресми емес ақылы сеанстарды ұйымдастыру жолымен еңбексіз табыс табуға қолайлы жағдай жасап, контрабанданың, алыпсатарлықтың және пәтер радиоаппаратура ұрлығының таралуына себепті болды. Видеомәдениеттің (көлеңкелі және ресми) дамуы видеобизнесті (заңсыз көбейту, көрсету және сату) тудырды.
Соңғы жылдары видеоаппаратуралар көп шығарылып, оларды сатып алушылардың саны артуына байланысты порнографияның таралу ауқымы да кеңейе түсті. Порнографиялық өнімдердің жасырын өндірісі ұйымдастырылды. Порноөнімдерді көбейту үшін бірнеше пәтер жалға алынады. Олардың бірі жазба студиясы, екіншісі дайын өнімдерді сақтау қоймасы тәрізді қызмет атқарады. Видеокассеталарды өткізу орындары да құрылуда. Радиовидеоаппаратураларды сататын комиссиондық немесе фирмалық өндіріс тауарлары дүкендері, сондай-ақ видеосалондар мен видеотехника дүкендері жанында «қара» базарлар жұмыс істеуде.
Әрине, порнографияның жасырын өндірісі фотоателье, дыбысжазба студиясы, полиграфиялық кәсіпорынның техникалық мүмкіндіктерін де қамтиды. Тіпті Москвадағы орталық телевизияның операторлары, монтаж жасаушылары және видеоинженерлерінен құрылған топ 1985-1986 жылдары мемлекеттік стационарлық видеожүйені пайдалана отырып, порнофильмдерді көбейту ісімен айналысқан [29].

1.2 Адамгершілікке қарсы қылмыстармен күрес тәсілдері
Біздің қоғамда азаматтардың өмірі мен денсаулығы ең басты құндылықтар болып табылады. Адамдардың жарқын болашаққа деген сенімділігі, қоғамның өрлеуіне өз үлесін қосуға деген тілегі зорлық-зомбылық қылмыстарынан заңмен қорғалатыны мәлім. Ал заңның пәрменділігін, тиімділігін арттыра түсу үшін заман өзгерген сайын оны жетілдірдіре, толықтыра түсу қажет. Бұл істі жүзеге асыру барысында адамгершілікке қарсы қылмыстардың тарихына үңіліп, күрес тәсілдеріне де көз жүгірту артық емес.
Көне заманда өзінің туған қызын сатып жіберу немесе ұлына ашына сатып алу қылмысқа жатпайтын. Мұса (Мойсей) пайғамбар мұндай сауда түрін жойып жіберуге әрекеттенді. Мұсаның заңдары жыныстық құштарлықты табиғи емес гомосексуализм, жануарлармен жыныстық қатынас жолдарымен қанағаттандыруға тыйым салатын көптеген нұсқаулардан құралды. Сондай-ақ, ол жезөкшелік пен венерологиялық ауруларды түп-тамырымен құртуды көздеп, 32 мың моавитян әйелдері мен 23 мың тұтқынды қырып тастауға бұйрық берді. Әйтсе де, осыншалық құрбандыққа қарамастан жезөкшелік пен венерологиялық аурулар жойылып кеткен жоқ.

Қорытынды
Адамгершілікке қарсы қылмыстар мәселесі, оның ішінде әйелдер проблемасы өткен ғасырдың өзінде БҰҰ деңгейінде қаралып талқыланды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1949 жылдың 7 шілдесінде адамдарды саудаға салумен және үшінші тұлғалардың жезөкшелікті пайдалануымен күрес жөніндегі Конвенция, 1979 жылдың 18 сәуірінде әйелдерге байланысты кемсітушіліктің барлық түрін жою жөнінде Конвенция қабылданса, 1988 жылдың қазан айында, Бангкокта өткен 57-сессиясында жезөкшелік пен балалар порнографиясына пайдалану үшін адамдарды саудалауға мамандандырылған халықаралық қылмысты ұйымдармен күреске арналған мәселелер талқыланды. Дүниежүзілік ауқымда маңызы аса зор мұндай іс-шаралар әлемнің барлық елдерінде қолдау тапты.