Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Салық және салық өндіру

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 24 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні


Жоспар
Кіріспе 3
І Бөлім. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні 4
1.1 Бюджет экономикалық категория ретінде 4
1.2 Мемлекеттік бюджеттің атқаратын қызметтері, мемлекеттік бюджетті жоспарлау және орындау 8
ІІ Бөлім. Бюджет жүйесінің құрылымы, Қазақстан Республикасының бюджетін жетілдіру бағыттары 12
2.1 Мемлекеттік бюджеттің құрылымы, бюджетті құрудың принциптері 12
2.2 Мемлекеттік бюджет жүйесінің өзекті проблемалары, Қазақстан Республикасы бюджетін жетілдіру бағыттары 17
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі 24

Кіріспе
Сан алуан қаржы байланыстарында жекелеген ерекшеліктері бедерленетін айрықша салалар бар. Мәселен, мемлекеттің кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары қоғамдық өнімді құндық бөлудің айрықша саласын құрайды. Бұл қатынастарға бөлу процесінде туындайтын ортақ белгілер тән және олар қоғамдық қажеттерді өтеуге арналған, орталықтандырылған қаражат қорын құрып, пайдалануға байланысты. Бұл процесс мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге асырылып отырады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «Мемлекеттік бюджет» деп аталған ұғымның экономикалық мазмұнын құрайды.
Мемлекеттік бюджет дегеніміз - мемлекеттің бір жылға қарастырылған негізгі қаржы жоспары. Оның орындалуы республикалық заңдарымен бекітіледі. Республикалық немесе мемлекеттік бюджет республикалық парламентінде қаралып, талқыланып, бекітіледі. Мемлекеттік бюджет экономикадағы ақша айналымын орталықтанған қордың жинақталуын және жұмсалуын көрсетеді. Бюджет арқылы әр түрлі меншіктегі мекемелердің ақшалары жинақталады. Жинақталған қаражатты халық шаруашылығын қаржыландыруға, әлеуметтік және мәдени салаларға бағыттап отырады, мемлекеттің қауіпсіздігін сақтау үшін жұмсайды.

І Бөлім. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні
1.1 Бюджет экономикалық категория ретінде
Мемлекеттік бюджет – ол барлық меншік формасындағы субъектілердің мемлекетпен экономикалық және жеке азаматтармен жалпы мемлекеттік мақсаттар мен функцияларды орындауға бағытталған орталықтандырылған қаржы қорын құру бойынша мемлекетпен қатынасы.
Бюджеттің экономикалық мәні – ол мемлекеттің негізгі пайдалылығы жоғары салаларды ғылыми-техникалық прогресс жобасы арқылы қаржыландырылып, сол арқылы мемлекеттік қаржы салымын қамтамасыз етеді.

1.2 Мемлекеттік бюджеттің атқаратын қызметтері, мемлекеттік бюджетті жоспарлау және орындау
Кез келген экономикалық категориялардың функциялары сол категорияның қоғамдық бағыты формасында көрінеді. Тек функция ғана нақты экономикалық категорияға қатысты басты және өзіне тән жақтарын көрсетеді. Мемлекеттік бюджет арқылы мемлекет қаржыны шаруашылық субъектілер, сала, аймақ және т.с.с. арасында бөледі. Бұдан шығатыны, мемлекет мемлекеттік бюджет арқылы келесідей функцияларды орындайды: бөлу және бақылау.

ІІ Бөлім. Бюджет жүйесінің құрылымы, Қазақстан Республикасының бюджетін жетілдіру бағыттары
2.1 Мемлекеттік бюджеттің құрылымы, бюджетті құрудың принциптері
Мемлекеттік бюджет біртұтастық, толықтық, нақтылық, жариялылық принциптеріне негізделеді.
Біртұтастық принципі бюджет жүйесінің ұйымдық-экономикалық орталықтандыру дәрежесін білдіреді. Бұл принцип бұрынғы КСРО – ның бюджет жүйесінде неғұрлым айқын аңғартылатын. Қазіргі уақытта жергілікті органдардың дербестік алып, оларға қаржы ресурстарын пайдалану жөнінде біршама құқықтар берілуіне байланысты әлсіреп отыр.

2.2 Мемлекеттік бюджет жүйесінің өзекті проблемалары, Қазақстан Республикасы бюджетін жетілдіру бағыттары
Бюджет жүйесінің ең негізгі проблемалары ролін бюджет дефициті атқарады. Бюджет дефициті – ағымдағы жылы бюджет шығысының оның табысынан көп болған саласы. Бюджет дефицитінің себептері әр түрлі болады:
1 Қоғамдық өндірістің төмендеуі;
2 Қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі;
3 «бос» ақшаларды көп шығару;
4 себепсіз және мәнсіз кеңейтілген әлеуметтік бағдарламалар;
5 қажеті жоқ объектілерді көптеп қаржыландыру;
6 өте үлкен масштабтағы көлеңкелі ақша айналысы;
7 үлкен өндірістік емес қаржыландыру да жатады.
Мемлекеттік бюджеттің стратегиялық мақсаты – ол мемлекет қажеттіліктерін қанағаттандыру, әлеуметтік – экономикалық жетістіктерге жеті, экономикалық қауіпсіздік.

Қорытынды
Біздің елде өткізіліп жатқан реформалар нарықтық шаруашылық механизмі, әр билік органдары арасында міндеттерді бөлу, жергілікті билік органдарының құрылуы, әрбір административті-территориялық органдарын қаржыландыру көздерін табу проблемаларын түбегейлі шеше алатындай қабілеті бар. Осылардың барлығын орталық звено ролін бюджет ойнайды. Ол ұлттық байлықты бөлу және қайта бөлуде, қоғамдық өндіріс құрылымын өзгертуде, шаруашылық жүргізуде, әлеуметтік дамуда және басқаларында басты роль ойнайды. Көріп жүргеніміздей қоғамдық қатынастар қаржы, соның ішінде бюджет арқылы жүргізіледі. Бұл бюджетке терең экономикалық және әлеуметтік мазмұн береді. Мемлекеттік бюджет арқылы мемлекетте болып жатқан барлық өзгерістер көрініп өтіледі. Қоғамдық өндіріс процесінде, жиынтық қоғамдық өндірісте, ұлттық байлықты бөлуде, тауарлы-ақша қатынастарда ел ішінде бюджетсіз іс жүргізуге мүмкін емес дерлік.