Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарихы

Тип: Реферат

Объем: 6 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Атыраулық мұғалімдер ұлы отан соғысы жылдарында

Фашистік Германияның Кеңестер Одағына қарсы ашқан қанды соғысына күллі халықпен бірге болыстың білім беру қызметкерлері де қатысты.
Ұлы Отан соғысы жылдарында көптеген мектеп үйлері соғыс қажетіне пайдаланылды. Бөлмелер жетіспеді, үш кезекте, тіпті, кейде аралас ауысымдар 4-кезекте де оқыды. Сабақ мерзімі төтенше, соғыс жағдайына қарай азайтылды, ықшамдалды. Мұғалімдердің көпшілігі (ол кезде педагогтар қатарында ерлер мол еді) майданға аттанды. Сол бір ауыр, тауқыметті жылдары шәкірттер арасында сүзек ауруы жайылды. 35-40 оқушының 10-15-і ауырған шақтар да болды. Отын тапшы еді. Сыныптар салқын болғандықтан, сия қатып қалып жүрді. Дәптер атымен болмады, оқушылар газет бетіне, шылым қораптарының т.б.

Мектептерде әр түрлі үлкен кедергілерге қарамастан, кештер, театрландырылған тәрбие шаралары, Жаңа Жыл шыршалары өткізіліп отырған.
Ұлы Отан соғысында көптеген ағарту қызметкерлері өздерінің ерен ерлігімен көзге түсті. Олардың қатарында Қазақ ССР-на еңбегі сіңген мұғалім Сабыр Қазыбаев, көрнекті педагог Шоқан Қаржауов, біраз жыл облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтын басқарған Дұйсенғали Байбосынов, ғалым

Сондай-ақ, соғыс жылдарында Армия қатарына шақырылып кеткен оқытушы жігіттердің орнын орта білімі бар немесе қысқа мерзімді мұғалімдік курстарды бітірген қыз - келіншектердің ауыстырғаны белгілі. Олардың қатарында көп құрметіне бөленіп, жақсы атаққа ие болғандары да аз болған жоқ. Атап айтқанда, Әтенова Зәру, Дұйсенғалиева Батима, Шағырова Батима, Сейтқалиева Хафиза, Қаржаубаева Жанбибі, Оралбаева Ұлдай, Мырзабекова Әмина, Хисамеденова Бану, Петричева Любовь Тимофеевна қиын күндерде жұмыс жасап, абырой-атақ алғандар.

Соғыс жылдарында өлкемізде білім беру ісі хал-қадерінше дамыған, әлбетте, материалдық - техникалық база нашар, әдістемелік жұмыс солғын, педагог кадрлар тапшы болғанмен де халықтың Жеңіске деген, болашаққа деген сенімі жоғары, нық болған. Олар азғана күнкөрісін талшық ете отырып, сол кездегі жүйе мен қоғамдық құрылысқа тән тәртіп пен жауапкершілік мүддесінен табыла білген.