Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Аудит

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 31 стр.

Полный просмотр работы

Ағымдағы міндеттемелер аудиті

Мазмұны
Кіріспе 3
1 Ағымдағы міндеттемелердің аудиті 4
1.1 Ағымдағы міндеттеме 4
2. Ағымдағы міндеттемелердің берешек түрлері 9
2.1 Кредиторлық берешек 9
3. Ағымдағы міндетті активтің функциялары 16
3.1 Сатып алу, өндіріс және өткізу циклдері 16
3.2 Төлеу циклдері және ақша қозғалысы 24
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиет 31

Кіріспе
Қарыздарды беру мен өтеуге байланысты барлық мәселелер банк ережелері мен және қарыз алушы ұйым мен банк арасындағы кредиттік шарттар мен реттеледі. Бұл мақсат үшін кредиттік шарт ресімделеді, онда кредиттеу объектісі, қарыз беру мен қайтару мерзімдері пайыздық мөлшерлемелер, оларды төлеу тәртібі, тараптардың қарызды беру мен өтеу жөніндегі міндеттемелері, құқықтары мен жауапкершілігі, құжаттар тізбесі және оларды банкке ұсынудың мерзімділігі мен басқа жағдайлар көрсетіледі.
Ұзақ мерзімді міндеттемелерді тексергенде, аудитор бәрінен бұрын баланста көрсетілген, есепті кезеңнің басы соңындағы қалдықтың Бас кітаптың жоғарыда аталған шоттары мен журнал ордердің мәліметтеріне қарап сәйкестігін анықтауға тиіс.

1 Ағымдағы міндеттемелердің аудиті
1.1 Ағымдағы міндеттеме
Міндеттемелер - өткен мәмілелердің немесе өткен оқиғалардың. Олар ағымдағы және ұзақ мерзімді болып жіктеледі.
Ағымдағы міндеттемелерге банктердің қысқа мерзімді қарыздары бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Қысқа мерзімді қарыздарды алу мен өтеуге байланысты есептеу операциялары 4010-4030 шоттарында ескеріледі. Бұл шоттардың әрқайсысында « Қысқа мерзімді қарыздар » аралық шоты бар. Бұл шоттар пассивті, олардың сальдосы есепті кезең басындағы өтелмеген берешек сомасын, дебет бойынша айналым – қарызды өтеуге аударылған соманы, кредит бойынша айналым – қарызға алынған соманы көрсетеді.
Алынған қарыздар сомасы « Банктердегі аккредитив чектердегі, карт – шоттардағы және басқа да шоттардағы ақша» бөлімшесінің «Шетел валютасындағы ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ақша», «Ұлттық валютада ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ақша», «Еншілес (тәуелді) ұйымдарға кредиторлық берешек», «Берушілермен және мердігермен есеп айырысу » және т.б шоттарымен корреспонденцияда көрсетіледі.
Өтелген кредиттер сомасына «Қарыздар» бөлімшесінің (ақшалай қаражаттың есебі бойынша шоттар мен корреспонденцияда « Банктердің қысқа мерзімді қарыздары » аралық шоты) тиісті шоттары дебиттеледі.
Қысқа мерзімді қарыздардың аналитикалық есебінің несиесін берген банк түрлері және кредиторлар бойынша жүргізіледі.

а) 7710 «Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар » шотымен бірге корреспонденцияда болашақта төлеуге тиісті салықтар сомасы;
ә) Дебет – 7710 шотының кредит 4310 шотының салықтық мөлшерлемесі ұлғаюына байланысты түзету енгізу;
б) Дебет – 5320 « Негізгі құралдарды қайта бағалаудан түсетін қосымша төленбеген капитал» шоты кредит 4310 «Кейінге қалдырылған корпорациялық табыс салығы »шотының салықтық есептегі өсімінің артуы кезіндегі активтерді қайта бағалауға байланысты әлеуметті салықтық әсер сомасы;

2. Ағымдағы міндеттемелердің берешек түрлері
2.1 Кредиторлық берешек
Кредиторлық берешек – кәсіпорынның басқа заңды немесе жеке тұлғаларға міндеттемелері (берешек).

Ақталмаған кредиторлық берешек болып бюджетпен есеп айырысу бойынша – қаржы органдарына, еңбекті өтеу бойынша – кәсіпорын қызметкерлеріне, мерзімінде төленбеген есеп –қисап құжаттары бойынша – жабдықтаушыларға және тағы басқа мерзімі өткен берешектер саналады.
Кредиторлық берешекті тексерудің басты міндеттері мыналар:
1) төлем тәртібін сақтауды тексеру.
2) Есептеуде қолданылатын бағаның, тарифтің және басқа құндық көсеткіштердің негізділігін тексеру .
3) Кредиторлық берешек сомасының шынайлығын тексеру.
4) Есептеулерді реттеу мен кредиторлық берешекті азайту жөніндегі ұсыныстарды дайындау.
Кредиторлармен есеп айырысу жағдайын бақылауды ұйымдастыру келісім – шарттық және есептік тәртіптің нығаюына тапсырылған ассортимент сапасы мен өнімді жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындауға, кредиторлық берешекті қысқартуға және соған орай шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Кредиторлық берешектің есепті кезеңнің басы мен аяғындағы жағдайы баланста мынадай баптардың қалдықтарымен сипатталады:

3. Ағымдағы міндетті активтің функциялары
3.1 Сатып алу, өндіріс және өткізу циклдері
Жүргізу толықтығына қарай аудит кешенді, функционалды және локальді болады. Аудит түрлерінің әрқайсының өзіндік ерекшеліктері бар. Функционалды аудит ретінде әр түрлі сатыдағы процесс, цикл және шаруашылық іс – қызметі түрлері бойынша белгілі бір басқару функцияларын атқару жағдайын мақсатты түрде бақылау түсіндіріледі. Операциялық аудиттің осы түрінің маңызды сипаттамалары арасында ең алдымен зерттеудің тереңдігі мен аудиторлардың бизнесті басқарудағы әр түрлі функциялары бойынша еңбекке мамандану мүмкіндігін атап айтқан жөн. Функционалды аудит шеңберінде менеджмент, маркетинг, қаржы, бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау, еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды басқару жағдайын ішкі шаруашылық бақылау функциялары орындауды тексеру жасалады.

8. Синтетикалық және аналитикалық есеп жазбаларының 2110 «Алынған шоттар» және 6010 «Дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін табыс» шоттары бойынша сәйкестігі.
Өнімді шетелдік валютамен төлеу үшін экспорттық операцияларды өткізудің өз ерекшеліктері бар. Валюта бағамының құбылуы бағамдық айырма сомасы пайда болуына әкеледі. Ақшалай қаражаттың түскен уақыты мен ұлттық валютамен өткізу уақытындағы мәмілелік құн баламасы арасында экспорттық операциялар бойынша бағамдық айырма пайда болады. Осылайша, бағамдық айырмалар не сатып алушылардың борышын арттырады, не болмаса кәсіпорынның кірістері мен шығыстарына тиісінше ықпал етіп, оны азайтады.
Ұтымды бағамдық айырмада мынадай жазу жазылады:

3.2 Төлеу циклдері және ақша қозғалысы
Транзиттік экономика жағдайында функционалды аудиттің өте өзекті бағыты – ағымдағы міндетті активтің ең жылжымалы және толық өтімді элементтері қатарына жататын ақша мен оның баламаларының төлеу циклдері мен қозғалысын тексеру болып табылады. Ақшалай операциялар қарқынды кең ауқымды сипатта. Дәл осы учаскеде үлкен резервтер мен әр түрлі бұрмалаулар жасырынған.

Қорытынды
Активтерді, меншікті және міндеттемелерді басқарудың ғылыми негізделген стратегиясы мен бағдарламасын жасау қажет. Компанияның төлемге қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығы көбіне бизнеске салынған қаржының қаншалықты тез айналысқа түсетіндігінде және шынайы табыс әкелетіндігіне байланысты болады. Тартылатын ресурстардың ұтымды деңгейін белгілеу кәсіпкерлік іс қызметте табыстарды жоғары шамаға жеткізудің, шығын мен коммерциялық тәуелділікті азайтудың ең маңызды алғы шарттарының бірі болып табылады. Функционалды аудит өндірістік ресурстарды қолдану мен процестерді, сатылы және циклдерді қалыптастыру бойынша жүргізе алады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтау, өндірістік және қаржылық іс – қызметінде өндірістік ресурстарды басқару функциялары зерттеудің кешенді тәсілі ең пайдалы болып табылады.

Қолданылған әдебиет
1. Аудиторлық іс – қызмет туралы: Қазақстан Республикасының 2007 ж. 20 қарашадағы Заңы (15.02.2003 ж. жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулар). – Алматы: Юрист, 2003. – 14 б.
2. Бухгалтерлік есеп стандарттары, әдістемелік ұсыныстар, шоттардың типтік жоспары: құжаттар жинағы. – Алматы: Раритет, 2004. – 320 б.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Әділет Пресс, 2003. – 40 б.
4. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. – Алматы: Юрист, 2004. – 136 б.
5. Қазақстан аудиттің халықаралық стандарттары. – Алматы: Раритет, 2004. – 786 б.
6. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы: Қазақстан Респуликасының Заңы. – Алматы: Юрист, 2003. – 22 б.