Музыкаға оқыту: психологиялық - педагогикалық аспектісі
Жоспар
1 Музыкаға оқыту: психологиялық - педагогикалық аспектісі 3
1.1 Оқушылармен жұмыс істеу барысындағы әдістемелік бағдардағы этномузыкалық өнер үлгілері 3
1.1.1 Халықтық музыкалық шығармашылық 4
1.2 Дәстүрлі музыка. Халықтық-музыкалық өнерге бастапқы баулу 5
1.2.1 Іс-әрекет түрлері мен формалары 5
1.3 Музыкаға баулу – оқушы мен мұғалімнің біріккен іс-әрекеті 6
1.4 Музыканы оқыту процесінде маманды «жасауға» болмайды, ал «маман болуына» болады 7
1.5 Мәдениет деңгейі және тұлғаның кәсібилік дамуы. Акмеологиялық жағдайы 8
1.6 Кәсіби іс-әрекетіндегі өзін-өзі анықтауы және өзін-өзі бекітуі 9
1.7 Музыка сабағын беру жалпы тәжірибеде кездесетін қиындықтар және «тар орындары» 9
1.8 Музыканы оқытудың дамуының принциптері 11
1.9 Музыкалық шығармаларды нобайы үйрену және музыканы парақтан оқу дамуының потенициалы 12
1.10 Оқушы-музыканттың өз-өзіндік шығармашылығының белсенді ойлануының қалыптасуы (ой-өрісі) 14
Әдебиеттер 17
1 Музыкаға оқыту: психологиялық - педагогикалық аспектісі
1.1 Оқушылармен жұмыс істеу барысындағы әдістемелік бағдардағы этномузыкалық өнер үлгілері
Қазіргі МББ негізгі проблемасының бірі, ол қазіргі ойын-сауық музыка мен халықтық, классикалық музыкадағы интонациялық кедергінің пайда болуы. Сондықтан ұрпақтан ұрпаққа ұлттық музыка қорын жеткізу заңдылықтары бұзылады, оның негізі халық музыкасы болды ғой. Ұлттық музыканың негізі - халық фольклоры. Сондықтан мектеп қабырғасынан оқушыларда халық музыкасының мәдениеті қалыптасқан, - деп сеніммен айтуға болмайды.
Сонда да жастардың көбі әлде де халық музыкасын қабылдау барысында, көркем-эстетикалық көзқарасын, өзіндік музыкалық ойлауының қалыптасқан нышандарын айыра алмайды. Әлде де ұлттық музыка шығармаларында мәнерлеушілік құралдарын: саз, лирика, дәстүрлі музыка т.б. меңгере алмайды.
1.1.1 Халықтық музыкалық шығармашылық
Сондықтан орта арнайы, жоғары арнайы музыкалық мекемелерде тәрбие жұмысы келесі қалыптарды сақтайды:
1) музыкант-оқушыны музыкалық дәстүрге, дыбыс атмосферасы арқылы фольклор үлгілеріне бағыттау (саз, дыбыс қатар, биіктік, интонация, тембр бірінші орында тұрады);
2) үйрету процесінде жоғары деңгейдегі дыбыс аппараттарын қолдану (аудио, видио);
3) оқу процесінде халық дәстүрлі музыкасына бағыттау;
4) оқу барысында фольклор музыкасының көркем-мәнерлеушілік негізін байқау;
1.2 Дәстүрлі музыка. Халықтық-музыкалық өнерге бастапқы баулу
Жоғарғы музыкалық оқу орындарында «Дәстүрлі ән», «Дәстүрлі музыка» атты мамандандыру баршылық. Осы оқыту курсында халық дәстүрлі музыкасымен танысу, білу, үйрену деген әдіс-әдіснамалық жұмыс бар. Сондықтан арнайы бағдарлама, ерекше бағыт, ерекше репертуар, дәстүрлі музыканы үйрету әдіс-тәсілдері бар.
Бағдарлама құрғанда келесі негізгі қалыпты қолдану:
1.2.1 Іс-әрекет түрлері мен формалары
Дәріс-әңгіме, дәріс-концерт, практикалық сабақтар, мерекелік шаралар. Қазақ халқының дәстүрлі музыкасымен танысу. Міндетті түрде ұлттық киім кию. Фольклор - ол дәстүрлі деген мағынаны береді. Ұлттық үйрету дәстүрін қолдануға болады, мұғалім жай ғана әңгімелеу, түсіндіру және көрсете білу керек. Қандай да болсын халық әні халық арасында орындау барысында өзгереді, түрленеді.
1.3 Музыкаға баулу – оқушы мен мұғалімнің біріккен іс-әрекеті
Музыка мұғалімінің алдына қойылатын бірінші мәселе – оқушылардың дайындығының қалыптасуы, кәсіби, психологиялық, «өнімді» іс-әрекеті. Бізге келген студент музыка мамандығын екінші, қосымша мамандық деп есептесе, онда оны жай үгіттеу аз, оған білім беру жүйесін қайта құру қажет, сонда ғана бітірген соң түлек мұғалім болуға психологиялық тұрғыдан дайын деуге болады.
1.4 Музыканы оқыту процесінде маманды «жасауға» болмайды, ал «маман болуына» болады
Музыка мұғалімнің әлеуметтік пен материалдық статусы жағынан әліде де мамандықтың күрделілігі мен қиын екеніне сәйкес келмейді. Қазіргі қоғамда жоғары деңгейдегі білімсді, мәдениетті мұғалімнің, оқытушының, ғалымның еңбегі бағаланбайды (материалдық жағынан болса да). ЖОО бітірген түлек көбінесе мектепке бармайды, сондықтан ол жалпы мемлекеттік, экономикалық, саяси, әлеуметтік, психологиялық мәселе.
1.5 Мәдениет деңгейі және тұлғаның кәсібилік дамуы. Акмеологиялық жағдайы
Психологияда даму принципі көп қырлы, сондықтан ол арнайы психологиялық білім аймағы болды. Акмеология психологиялық дамуымен жақындай келе, даму принциптерін анықтайды. Олар:
1.6 Кәсіби іс-әрекетіндегі өзін-өзі анықтауы және өзін-өзі бекітуі
Қазіргі ғылым (педагогика, психология) былай дейді: «Тұлғаның ашылуы кәсіби іс-әрекетінде. Адам өзінің тұлғалық және кәсібилік сапасын көрсете алады, өзін-өзі дамушылығын көрсете алады, қоғамда аты шығып, белсенділігін байқатады». Осы қағидада өзін-өзі анықтауы және өзін-өзі бекітуі көрінеді.
Өзін-өзі кәсіби анықтау деген – кәсіби әрекетіндегі тұлғаның дамушылық процесі және өзінің қабілетін, тұлға-психологиялық мүмкіншілігін жүзеге асыру. Ол бір кезеңде болмайды, толық белсенді жұмыс әрекетінде атқарылады. Осы жолда мақсаттар мен міндеттер қалыптасады. Осы процесс адамның өмір бойғы жолымен табады және де өзін-өзі бекітуінің толықтай негізі болып саналады.
1.7 Музыка сабағын беру жалпы тәжірибеде кездесетін қиындықтар және «тар орындары»
Жоғарыда тұлғаның даму процесі туралы айтылса, ал музыка саласындағы тұлғалық және кәсібилік дамуында оның өзінің қасиеттері, сипаты, ерекшеліктері бар екенін білдіреді.
Музыканттың даму - қалыптасуы мақсат бағытында, жоспармен, психолого-педагогикалық кезеңде, олар оқу-білім алу процесінде ерекше орын алады, ол оның ұйымдастыруы, мазмұны, формасы, әдіс-тәсілдері.
1.8 Музыканы оқытудың дамуының принциптері
Сонымен, оқушы - музыканттың жалпымузыкалық, тұлға - кәсібилік дамуы оқу процесінде қалыптасады. Оқу процесінде, оның ұйымдастыра білу кезінде даму нәтижесінің көрінісі, жетістігі болып саналады. Ол оқу барысындағы дамушылық нәтижесі, проблеманың шыңы, негізі.
Музыкалық - орындаушылық сыныпта, жалпы мектепте музыкалық оқу дамуының принциптері келесіде:
1.9 Музыкалық шығармаларды нобайы үйрену және музыканы парақтан оқу дамуының потенициалы
Музыкалық - орындаушылық сыныбының жұмысы туралы айтатын болсақ, кәсіби-дамушылық түрлері мен формаларының бірі – ол парақтан оқу.
Парақтан оқу тәсілі қандай пайда береді? Ол оқушының жалпымузыкалық дамуында қандай әсер, белсенділік көрсете алады, оның қуаты неде?
Музыканттың көз алдында, оның санасында, ойында қаншама түрлі музыкалық шағырмалар, көркем стильдер, тарихи замандар өтуде. Парақтан музыканы оқу - іс-әрекеттің бір түрі, музыкалық әдебиетпен қолдамалы және кең түрде танысу барысын ашады.
1.10 Оқушы-музыканттың өз-өзіндік шығармашылығының белсенді ойлануының қалыптасуы (ой-өрісі)
Оқушының жан-жақты музыкалық ақпарат алудағы, нотаны парақтан оқып үйренудегі, музыкалық шығарманы нобайы үйрену кезеңі - осының бәрі жас музыканттың тұлғалық-кәсібилік дамуындағы сапасына әлі де жетпейді. Ол оқушының өз-өзіндік білім мен икемділік алу кезіндегі белсенділігі, мұғалімнен алған көмегі, қолдауы және музыкалық өмірдегі оның хабардар болуы. Айтатын болсақ, кәсіби музыкалық санасының қалыптасу кезіндегі білімді сабақ үстінде қалай алды, нәтижеге қандай жолмен жетті, бағыты қандай?
Қазіргі кезде өзбетімен шығармашылық ойлауының даму мәселесі туды: оның белсенділігі оқу мақсатымен, даму жігерлігінің нәтижесімен байланысты.
Әдебиеттер
1 Ананьев Б.Г. Задачи психологии искусства // Художественное творчество. – Л., 1982. – 120 с.
2 Асмолов А.Г. Как построить свое Я. – М., 1992. – 145 с.
3 Бришлинский А.В. Проблемы психологии субьекта. – М., 1994. – 130 с.
4 Григорьев В.Ю. Исполнитель и эстрада. – М. : Магнитогорск, 1998. – 150 с.