Жаза жүйесі түсінігі және мәні
Жоспар
1 Жаза жүйесі түсінігі және мәні 3
1.1 Айыппұл 5
1.2 Қоғамдық жұмыстарға тарту 7
1.3 Түзету жұмыстары. 8
1.4 Әскери қызмет бойынша шектеу 9
1.5 Бас бостандығынан шектеу 10
1.6 Қамау 11
1.7 Тәртіптік әскери бөлімде ұстау 12
1.8 Мүлікті тәркілеу 13
1.9 Бас бостандығынан айыру 15
1.10 Өлім жазасы 18
Қолданылған әдебиеттер 20
1 Жаза жүйесі түсінігі және мәні
Жаза жүйесі дегеніміз – қылмыстық заң бойынша белгіленген жазалардың ауырлығына қарай белгілі бір тәртіппен орналасуы. Жаза жүйесі ол жазалардың түрлері. Жазаның жүйе ретінде қарастыру оларды жүйелі, соттық тәжіриби үшін аса маңызды. Қылмыс жасаған адамға жаза тағайындау барысында негізді дұрыс, әділ жаза тағайындалмауына үлкен септігін тигізеді.
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарт, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді . Сотталған адамға келтірілген айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топқа бөлінеді:
1.1 Айыппұл
Айыппұл қылмыттық кодексте көзделген шекте сотпен белгіленіп тағайындалатын ақша сомасын өндіріп алу. Айыппұл жазаның негізгі де, қосымша да түрі бола алады. Белгілі бір лауазымнан немесе белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан айыру. Белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан айыру немесе белгілі бір лауазымды құқығынан айыру мемлекеттік қызметте жергілікті өзін - өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымды атқаруына белгілі бір кәсіптік немесе өзгеде қызметпен айналасуына тиым салу. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан айыру жазаның негізгі түрі ретінде бір жылдан бес жылға дейін, ал қосымша ретінде алты айдан үш жылға дейін белгіленеді.
1.2 Қоғамдық жұмыстарға тарту
Қоғамдық жұмыстарға тарту деп жергілікті өкімет органдары белгілеген жұмыстары сотталған адамның қоғамның пайдасына тегін істеуі айтылады. Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның негізгі жұмыстан немесе оқудан бос уақытында тегін басқа да қоғамға пайдалы жұмысын орындаудан тұрады. Олардың түрлерін жергілікті атқарушы немесе өзін - өзі басқару органдары белгілейді. Қоғамдық жұмыстар 60 сағаттан 120 сағатқа дейін белгіленеді күніне 4 сағаттан аспауы тиіс. Сотталған адамдардың істейтін қоғамдық жұмыстарының тізбегі жергілікті өкімет немесе өзін - өзі басқару органдары арқылы белгіленеді.
1.3 Түзету жұмыстары.
Түзеу жұмыстары 2 – айдан 2 жылға дейінгі мерзімге дейін белгіленеді және сотталған адамның жұмыс орны бойынша өтеледі. Түзеу жұмыстарына сотталған адамның сот үкімімен белгіленген 5% -тен 20%- ке дейінгі шекте мемлекеттің кірісіне ұстап қалу жүргізіледі . Түзеу жұмыстарын тағайындауға болмайды, еңбекке жарамсыз адамдарға, тұрақты жұмысы жоқ адамдарға, оқу орындарында, өндірістен қол үзіп оқитын адамдарға. Мұндай адамдарға, егер осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптың санкциясымен айыппұл түрінде жаза көзделмеген болса, бір ай түзеу жұмысы үшін заңмен белгіленген бір айлық есепті көрсеткішке тең айыппұл сомасының есебінен сот түзеу жұмыстарының орнына айыппұл тағайындауы мүмкін. Егер аталған мән – жайлар жазаны өтеу кезінде пайда болса, сот түзеу жұмыстарын айыппұл салумен де ауыстыра алады.
1.4 Әскери қызмет бойынша шектеу
Келісім шарт бойынша әскери қызмет өтеп жүрген адам сондай-ақ шақыру бойынша әскери қызмет өтеп жүргендер, офицерлер қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген қылмыстарды жасағанда осы жаза тағайындалады.
Әскери қызмет бойынша шектеу үш айдан екі жылға дейінгі мерзімге дейін тағайындалады.
Сонымен, қылмыстық заңды осы бапты қолдану үшін бірнеше шарттар белгіленген. Біріншіден, бұл жаза келісім- шарт бойынша әскери қызмет өтеп жүрген сотталған әскери қызметшілерге; екіншіден, шақыру бойынша әскери қызметін өтеп жүрген офицерлерге; үшіншіден, бұл жаза көрсетілген адамдардың тек әскери қызметке қарсы (Қылмыстық кодекстің 16 – тарауы) қылмыс жасағаны немесе Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген түзеу жұмысының орнына қолданылуы мүмкін.
1.5 Бас бостандығынан шектеу
Бас бостандығынан шектеу сотталған адамды қоғамнан оқшауламай арнаулы мекемеде бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге оны қадағаулауды жүзеге асыру жағдайында ұстаудан тұрады. Бас бостандығын шектеуді қоғамдық жұмыстарға тартумен немесе түзеу жұмыстарымен ауыстарған жағдайда ол бір жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін.
1.6 Қамау
Қамау сотталған адамға тағайындалған жазаның бүкіл мерзімін қоғамның қатаң оқшаулау жағдайында тағайындалады. Қамау 1 айдан 6 айға дейінгі мерзімде белгіленеді. Қамау 16 жасқа толмаған, кәмелетке толмаған адамдарға және жүкті әйелдерге қолданылмайды. Әскери қызметшілер қамауды гаупвахтада өтейді. Қылмыстық атқару құқығы бойынша қамауды өтейтін орын – арнаулы қамау үйлері болып табылады. Осы жазаға сотталғандар жазасын осы мекемеде өтейді. Қамау жазасын өтейтіндер қоғамнан қатаң түрде оқшауланып, қамаудағы басқа адамдардан бөлек ұсталады.
1.7 Тәртіптік әскери бөлімде ұстау
Тәртіптік әскери бөлімде ұстау жазаның негізгі түрі болып табылады және оны орындау Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі арқылы жүзеге асырылады. Шақыру бойынша мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметкерлерге, сондай-ақ қатардағы және сержанттық құрам қызметтерінде келісім – шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметкерлерге егер олар сот үкім шығарған кезде заңда белгіленген шақыру бойынша қызмет өткеру мерзімін бітірмесе, тәртіптік әскери бөлімде ұстау тағайындалады.
1.8 Мүлікті тәркілеу
Мүлікті тәркілеу – сотталған адамның меншігі болып табылатын мүліктің бәрін немесе бір бөлігін мемлекеттік меншікке ықтиярсыз түрде тегін алу болып т абылады (ҚК.57 - бап). Қылмыстық кодекстің 39-бабы, 2-бөлігінде сәйкес бұл жаза тек қосымша жаза ретінде пайдакүнемдік қылмыс жасағандарға және кінәлінің іс-әрекеті сараланатын бапта басқа жазалармен мүлікті тәркілеу жазасы көрсетілген реттерде ғана қолданылады.
1.9 Бас бостандығынан айыру
Бас бостандығынан айыру – дегеніміз сотталға адамды сот белгілеген мерзімде күшпен қоғамнан оқшаулап, оны арнайы белгіленген түзеу мекемелеріне орналастыруды жүзеге асыру болып табылады. Бас бостандығынан айыру жазаның ең ауыр түрінің бірі болып табылады. Бас бостандығынан айырылғанда сотталған адамның құқылық жағдайы елеулі шектеуге түседі, ол қоғамнан оқшауланады , өз қалауы бойынша еңбек қызметін атқаруға шек қойылады, уақыт мөлшері өз бетімен пайдалануға тежеу салынады, т.б.
1.10 Өлім жазасы
Өлім жазасы – жазаның ең ауыр ерекше түрі болып табылады.
Өлім жазасы – ату жазасы адамның өміріне қол сұғатын ерекше ауыр қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс кезінде немесе ұрыс жағдайларында, мемелекеттік сатқындық, бейбітшілікке және адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс және ерекше а уыр әскери қылмыстар жасағаны үшін ғана ең ауыр жаза ретінде қолданылуы мүмкін.
Қылмыстық кодекстің 49 – бабына сәйкес өлім жазасы – ату мына төмендегідей қылмыстарды істеген үшін қолданылуы мүмкін: ауырлататын жағдайда адам өлтіргені (96-бап,2-бөлігі); геноцид (160); соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында болған мемлекетке опасыздық (165); мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне қастандық (167); сот төрелігін немесе алдын – ала тергеуді жүзеге асырушы адамдардың өміріне қол сұғу (340); соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (367-бап,3-бөлігі); соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету (368-бап,3-бөлігі); соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында бастыққа қатысты күш қолдану әрекеттері (369-бап,3-бөлігі); соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайындағы қашқындық (373-бап,3-бөлігі); соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қолданылуы немесе әрекетсіздік (380-бап,3-бөлігі); жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету (383-бап).